Білім беру саласындағы ұйымдарда жұмысқа орналасу тәртібі туралы нормаларды түсіндіру

Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді қабылдау Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларымен (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы) реттелген. Мемлекеттік білім беру ұйымына педагог лауазымына жұмысқа орналасу үшін конкурстық рәсімнен өту қажет. Бос лауазымдарға конкурс өткізу туралы хабарландыру https://hr-nobd.edu.kz, сондай-ақ білім беру ұйымдарының әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында орналастырылады.

Дата публикации
08 декабря 2025