Білім басқармасының 2025 жылғы қыркүйек айына білім саласын дамыту қорытындылары туралы ақпараты
2025 ж. білім беру саласының бюджеті 217,7 млрд.теңге құрайды (2024 ж. – 197,7 млрд.теңге).
Білім беру желісі 734 ұйымнан (654 мемлекеттік, 80 жекеменшік) құралған: 174 балабақша (113 мемл., 61 жекеменшік), 431 жалпы білім беретін мектеп, 5 кешкі мектеп, 9 жекеменшік жалпы білім беретін мектеп, 33 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (24 мемлекеттік, білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), 26 арнайы білім беру ұйымы (5 арнаулы мектеп және мектеп-интернат, 17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация), жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 7 білім беру ұйымы, 49 қосымша білім беру ұйымы (46 мемлекеттік, оның ішінде 3 жекеменшік – Балалар инклюзивті академиясы, «Болашақ», «Строитель» қала сыртындағы лагерьлері).
Мектепке дейінгі тәрбиелеу.
2025 жылғы қазан айына облыста 174 балабақша (2024ж. - 181), оның ішінде 61 жекеменшік (2024 ж. - 58), 301 шағын орталық (2024ж. - 314), оның ішінде 6 жекеменшік (2024ж. - 5).
Мектепке дейінгі ұйымдарға 2 жастан 6 жасқа дейін 2078 бала кезекте тұр. Балабақша кезегінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың ең көп саны мына өңірлерде сақталған: Рудный қ. – 840, Қостанай ауданы – 362, Арқалық қ. – 456, Қостанай қ. – 420.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 95,8%-ы қамтылған. 2025 жылдың басынан бері 830 орынға арналған 4 жаңа балабақша пайдалануға берілді (2 – мемлекеттік, 2- жекеменшік).
Жалпы орта білім.
Жалпы орта білім беру ұйымдарының желісіне 456 мектеп кіреді, соның ішінде 431 (2024-2025 о.ж.-436) күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 6 мемлекеттік арнайы білім беру ұйымы, 4 кешкі (2024-2025 о.ж.-4), түзеу мекемесінің жанында – 1, 9 жекеменшік (2023-2024 о.ж.-9) мектеп. Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан 111 қазақ, 105 аралас мектеп.
Өңірде шағын жинақталған мектеп саны 278 немесе 64,5% (2024-2025 о.ж. - 63%) басым екенін ескере отырып, оқу бағдарламаларын ойдағыдай игеру үшін бүгінгі таңда 21 ресурстық орталық, 63 бекітілген мектеп істейді.
Қосымша білім беру.
2025 жылғы қазандағы жағдай бойынша Қостанай облысында 94,6% немесе 107 076 бала қосымша біліммен қамтылған (қайталанбастан).
Облыста 33 мыңнан астам баланы қамтитын 49 қосымша білім беру ұйымы бар, оның ішінде: 46 мемлекеттік (сарайлар, үйлер, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары - 21, музыка мектептері - 6, көркемөнер мектептір – 3, өнер мектептері - 10, хореографиялық мектептер - 1, техникалық шығармашылық мектептері - 1, аула клубтары - 1, оқу-әдістемелік орталықтар - 1, саяжай лагерлері - 2), 3 жекеменшік (Балалар инклюзивті академиясы, «Болашақ» және «Строитель» лагерлері).
3848 мектеп үйірмесі (2290) мен спорт секциясында (1558) 50 мыңнан астам (50752) бала қызығушылықтары мен бейімділігі бойынша айналысады. Сонымен қатар облыста балалар мен жасөспірімдерге арналған 30 спорт мектебі істейді, онда 19 мыңнан астам (19591) бала айналысады.
Сонымен қатар облыста 12 мыңға жуық (11601) баланы қамтитын шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларының 50 түрі бойынша мемлекеттік шығармашылық (6735 бала) және спорттық (4866) тапсырыстар орналастырылады.
2025 жылы мемлекеттік шығармашылық тапсырысқа 1,3 млрд. теңге, мемлекеттік спорттық тапсырысқа 1,1 млрд. теңге бөлінді (DamuBala платформасы).
Қосымша беру ұйымдарының арнасын кеңейту мақсатында 2023 жылғы қарашадан бастап Қостанай қаласында жалпы ауданы 12 мың м2 құрайтын «IQostanay» балаларға арналған SMART орталығы ашылды. Жобаның жалпы құны - 10,7 млрд. теңге («BI Global» ЖШС).
Қазіргі уақытта аталмыш SMART орталығында 1500 бала екі ауысымда шұғылданады, әртүрлі бағыттардағы 33 үйірме бойынша 196 топ бар. Сонымен қатар 300 орынға арналған көрермен залы бар.
Сондай-ақ 2024 жылы Әулиекөл ауданында 100 орындық «Балдәурен» жаңа лагері ашылды. Бұл лагерь «Қазақстан халқына» қоры есебінен 268,5 млн.теңгеге салынды. Аумақты абаттандыруға және МТБ жарақтандыруға бюджеттен 154,5 млн.теңге бөлінген.
Биыл Қостанай ауданының Тобыл қаласында музыка мектебі мен Балалар шығармашылығы үйі үшін 1,5 млрд.теңгеге жаңа ғимарат салынды, сондай-ақ қосымша білім беретін 7 ұйымда 129,5 млн.теңгегеағымдағы жөндеу жүргізілді.
2026 жылы Жангелдин ауданында Шығармашылық үйінің ашылуы және Рудный қаласында музыка мектебінің ашылуы жоспарланған.
Қорғаншылық және қамқоршылық және арнаулы білім беру ұйымдары.
Облыс аумағында ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар 9 432 бала тұрады, оның ішінде 9 081 бала оқытылуға тиіс.
Арнайы білім беру ұйымдарының желісі 27 ұйымнан тұрады: 6 арнайы мектеп және мектеп-интернат, 17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация.
1-ден 11-сыныпқа дейінгі 489 мүгедек бала жеке бағдарламалар бойынша үйде оқиды. 3743 (2021-2022 о.ж.-4 078) бала 350 жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім берумен қамтылды.
Облыстың 6 арнайы білім беру ұйымында (ҚР-да-99) 962 тәрбиеленуші оқиды, жалпы білім беретін мектептердің 95 арнайы сыныбында 682 оқушы арнаулы бағдарламалар бойынша оқиды (оның ішінде ПДК-602, ББ-32, сөйлеу қабілеті бұзылған-42, көру қабілеті бұзылған-6).
Психологиялық-педагогикалық түзетудің 17 кабинетінде (ҚР-да-212) 630 балаға түзету арқылы қолдау көрсетіледі (2021-2022 о.ж.-622), жалпы білім беретін мектептер жанындағы 107 логопедиялық пунктте 2 577 балаға сабақ өткізіледі.
24 жалпы білім беретін мектептің жанынан 24 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді, онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 311 бала алады (Қостанай қ. №8, №17, №21, №27, №29 ОМ, Рудный қ. №17, №19 ОМ, Арқалық қ. №6 ОМ, Амангелді ауданының Б.Колдасбаев атындағы ЖББМ, Жітіқара ауданы №12 ЖББМ, Қарасу ОМ, Тобыл қ. №2 ЖББМ, Меңдіқара ауданының А.Шотаев атындағы БМГ, Сарыкөл ауданы №1 Урицкий ЖББМ, Б.Майлин атындағы ЖББМ, Әулиекөл ауданының Н.Островский атындағы Аманқарағай ЖББМ және Құсмұрын ЖББМ, Денисов ауданының Перелески ЖББМ, Лисаков қ. №1 ЖББМ, Қарабалық ауданының М.Горький атындағы ЖББМ, Алтынсарин ауданының Силантьев ЖББМ, Жангелді ауданының Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ, Қамысты ауданының №1 Қамысты ЖББМ, Федоров ауданының Абай атындағы ЖББМ).
Облыста 1 596 жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады (2021ж. - 1870, 2022ж. - 1764, 2023ж. - 1699, 2024 ж. - 1084). Соның ішінде 1 053 бала қорғаншылық пен қамқоршылыққа берілген (2021ж.-1240, 2022ж.-1198, 2023ж.-1193, 2024 ж.), 183 - қазақстандық азаматтардың отбасыларына патронаттық тәрбиеге берілген (2021ж.-192, 2022ж.-185, 2023ж.-181, 2024ж. - 185), 14 бала асырап алынды (2021ж.-19, 2022ж.-18, 2023ж.-17, 2024ж.-17), жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 7 ұйымда 346 кәмелетке толмаған тұрады.
Кадрлық қамтамасыз ету.
Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінде 13 952 педагог істейді, оның ішінде жоғары білімі бар – 12 906, бұл 92,5%, арнайы орта – 1046, немесе 7,4%. 1241 (9%) педагогтің академиялық магистр дәрежесі бар.
Қолданыстағы формат бойынша 10 850 (78%) педагогтің біліктілік санаттары бар, «педагог-шебер» - 95 (0,87%), «педагог-зерттеуші» - 2 168 (20%), «педагог-сарапшы» - 3 576 (33%), «педагог-модератор» - 5011 (46,1%).
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 3 405 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімі бар – 1 845 (53,5%), арнайы орта білімі бар – 1 560 (46,4%), оның ішінде мектепке дейінгі арнайы білімі бар – 1 375 (41,6%). 46 (15,1%) педагогтің академиялық магистр дәрежесі бар.
Қолданыстағы формат бойынша 2178 (64%) педагогтің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «педагог-шебер» - 1 (0,45%), «педагог-зерттеуші» - 128 (5,8%), «педагог-сарапшы» - 360 (17%), «педагог-модератор» - 1 689 (77,5%).
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнаулы ұйымдарда және білім беру ұйымдарында 734 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 694 жоғары білімі бар, бұл 94,5%, 40 педагогтің арнайы орта білімі бар, бұл 5,4% құрайды. 115 (15,6%) педагогтің магистр академиялық дәрежесі бар.
Қолданыстағы формат бойынша 537 (73,1%) педагогтің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «педагог-шебер» - 6 (1,1%), «педагог-зерттеуші» - 113 (21%), «педагог-сарапшы» - 98 (18,2%), «педагог-модератор» - 320 (60%).
Техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім кадрлармен қамтамасыз ету.
Мұғалімдердің жалпы саны 1 712, оның ішінде 1 628 (95%) жоғары білімді, 85 (5%) арнаулы орта білімі бар. 264 педагогтің (15,4%) академиялық магистр дәрежесі бар. Қолданыстағы формат бойынша 1001 (58%) мұғалімнің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «педагог-шебер» – 9 (8%), «педагог-зерттеуші» – 139 (13,8%), «педагог-сарапшы» – 272 (27,1%), «педагог-модератор» - 581 (33,9%).
Техникалық және кәсіптік білім.
Облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының желісі 33 колледжден тұрады (24 мемлекеттік, білім басқармасына ведомстволық бағынысты ұйымдар, 2 - денсаулық сақтау басқармасына және 7 жекеменшік), онда 21 мыңнан астам студент (21 995 адам) оқиды. Дуальдыоқытуаясында30(91%)колледжде ауыл шаруашылығы,көлік,құрылыс,тамақ, тау-кен өндіру салалары,қызмет көрсету,білім беру,байланысжәнеақпараттықтехнологиялар,энергетика салалары бойынша 7мыңстудент(7639)немесе39% оқиды.
2025-2026 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 6 721 адам қабылданды (оның ішінде кәсіпорындардың нысаналы тапсырысы бойынша – 1582). 2024-2025 оқу жылының ұқсас кезеңі ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 6 489 адам қабылданды (кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша - 1237 адам).
Қазіргі уақытта 23 жатақхана жұмыс істейді (оның 21-сі мемлекеттік, 2-уі жекеменшік колледжерге тиесілі). Жатақханадағы орындармен 2 742 адам қамтамасыз етілген.
Құрылыс және жөндеу жұмыстары.
2025 жылы білім беру саласында 4440 орындық 7 мектеп, оның ішінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы шеңберінде 1200 орындық 2 мектепті (Рудный қаласында 900 орындық, Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінде 300 орындық) салу көзделген. Құсмұрын ауылында 300 орынға арналған мектеп осы жылдың 2 қыркүйегінде пайдалануға берілді. Осы объектілерді жобалау және салу бойынша тапсырыс беруші «Samruk-Kazyna Construction» АҚ болып табылады.
Сондай-ақ, осы жылғы 3 қыркүйекте Рудный қаласында 1200 орындық ЕRG меморандумы аясында мектеп ашылды.
Төтенше жағдай салдарын жою мақсатында осы жылдың сәуір айында Жангелдин ауданының Көлқамыс ауылында 60 орынға арналған мектептің құрылысы аяқталды. Объект сомасы 869 749,4 мың теңге, осы жылы сәуір айында пайдалануға берілді. Қаржыландыру Үкімет резерві есебінен жасалды.
Сондай-ақ аяқталу мерзімі 2025 жылы деп белгіленген 1980 орындық 3 мектептің құрылысы жалғасуда (Қостанай ауданының Еңбек ауылында 100 орындық, Қостанай қаласының Береке шағын ауданында 980 орындық және Қонай ш/а 900 орындық). Рудный қаласында «Келешек мектеп» жобасы аясында 900 орындық 1 мектеп.
Ыңғайлы және қауіпсіз оқу жағдайларын жасау мақсатында 2025 жылы 10 білім беру нысанына (7 мектеп, 3 балабақша) күрделі жөндеу жүргізуге 4,2 млрд.теңге бөлінді (Қостанай қаласының №6 бөбекжайы, Рудный қ. №8 бөбекжайы, Әулиекөл ауданының Б. Кенжетаев атындағы ЖББМ, Б. Майлин ауданының Май ЖББМ, Қамысты ауданының № 1 Қамысты ЖББМ, Денисов ауданының Фрунзе балабақшасы, Жітіқара ауданының гимназиясы, Әулиекөл ауданының Диев ЖББМ, Арқалық қ. № 5 ЖББМ, Қостанай қ. № 122 НОМ).
Бүгінгі таңда 10 объектінің барлығында жөндеу аяқталды, оның ішінде 5 объект екі жылдық болып табылады (Қамысты ауданының №1 Қамысты ЖББМ, Жітіқара ауданының Гимназиясы, Әулиекөл ауданының Диев ЖББМ, Арқалық қаласының № 5 ЖББМ, Қостанай қ. № 122 ЖОМ). 2025 жылға жоспарланған жұмыстар аяқталды, қалған жұмыстар келесі жылы жалғасады.
Қауіпсіздік.
2025 жылы қауіпсіздікті нығайтуға 3,0 млрд.аса теңге бөлінді, оның ішінде лицензиялық күзет жүйесін енгізуге – 1279,8 млн.теңге, ЖБО-ға қызмет көрсету – 491,1 млн.теңге, қауіпсіздік жүйелерге қызмет көрсету – 580,1 млн.теңге, бейнебақылау жүйесін жаңартуға (цифрлық камералар) - 730,5 млн.теңге бөлінген.
84 (100%) балабақшада бейнебақылау жүйесі ЖБО - ға және кезекші бөлімге (бұдан әрі-КБ) шығарылды, 84 (100%) дабыл түймесі орнатылды, лицензияланған күзет 75 (100%), 75 (100%) домофон жүйесі орнатылды.
311 (100%) мектепте бейнебақылау жүйесі ЖБО-ға және кезекші бөлімдеріне тіркелген, 311 (100%) мектепте дабыл түймелері орнатылған, 136 (100%) мектепте лицензияланған күзет енгізілді, 136 (100%) мектепте турникеттер бар.
24 (100%) колледжде бейнебақылау жүйесі ЖБО-ға және кезекші бөлімдеріне тіркелген, 24 (100%) дабыл түймесі орнатылды, 23 (100%) колледжде лицензиялық күзет жүйесі енгізілді, 23 (100%) колледжде турникет бар.
23 (100%) қосымша білім беру ұйымында бейнебақылау жүйесі ЖБО-ға және кезекші бөлімдеріне шығарылған, 23 (100%) дабыл түймесі орнатылған, 23 (100%) лицензияланған күзет енгізілген, 23 (100%) қосымша білім беру ұйымында турникет орнатылған.
Цифрландыру.
2025 жылғы 1 шілде жағдайына Интернет желісіне мектептердің 100% қосылған (2023 ж. жоспар - 100%, 2024 ж. жоспар – 100%, 2025 ж. жоспар - 100%).
Облыстың барлық 431 мектебі жылдамдығы секундына 20 Мбиттен бастап және одан да жоғары интернетпен қамтамасыз етілген, оның ішінде 146 ауыл мектебі Starlink спутниктік интернет пайдаланады.
Қостанай облысы бойынша барлығы 35 мыңнан астам (35 265) компьютер техникасы бар, оның ішінде 22 339 компьютер немесе 63,3% жаңа модификацияда, 12 926 компьютерді немесе 36,7% есептен шығару қажет.