Әдіскерлерге арналған байқау 2025 жыл 25 шілде

Әдіскерлерге арналған байқау  2025 жыл 25 шілде

«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 110000, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі 75, анықтама телефондары: 8 (7142) 39-08-49, электрондық пошта мекенжайы metod@edu-kost.kz, «В-1» блогы бос азаматтық лауазымына орналасуға байқау  жариялайды.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ әдіскері, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты айына 166635 теңгеден 200896 теңгеге дейін (4 бірлік, 3 бірлік – ваканттық, 1 бірлік – уақытша).

Байқау шарттарымен танысу үшін сілтемеге  өтіңіз

Байқау шарттарымен танысу үшін мына сілтемеге өтіңіз

 

Байқаудың  өткізілу орны: Қостанай қаласы, Гоголь  көшесі, 75 ғимарат.

Байқаудың өту мерзімі : 2025 жылдың  25 шілдесінен 4 тамызы     аралығында.

 

Байқауға қатысуға қажетті құжаттар:

1) Осы  Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, байқауға  қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Бекітілген Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының  2020 жылғы 30 қазандағы №  ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психикалық мінез-құлық ауытқуы жоқтығы  туралы  динамикалық бақылау анықтамасы;

8) науқастың нашақорлықпен ауыратыны  жоқтығы туралы динамикалық бақылау анықтамасы;

9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) Ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау  нәтижелері  туралы  сертификаты   немесе    педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының  немесе    педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;

11) Осы Қағиданың 12, 13 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша кандидаттың  бос немесе уақытша ваканттық  бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12) жұмыс орнынан (мұғалімдік қызметке), оқудан ұсыныс хат.

 

Байқауға  қатысу үшін қажетті құжаттар  білім  басқармасының   ресми   сайтында  байқау  өткізу туралы хабарландыру  жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

 

Құжаттар:

Қағаз форматында Қостанай қ., Гоголь  көш., 75, 218 кабинетінде қабылданады, анықтамалар үшін  телефон: 8 (7142) 390849.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
3-қосымша

 

 

Нысан

 

_____________
конкурс жариялаған
мемлекеттік орган
____________________________
/ Кандидаттың Т. А. Ә,
(бар болса)
____________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
____________________________
Нақты тұрғылықты жері,
тіркелген мекенжайы,
байланыс телефоны

 

Өтініш

      Мені ______________________________________________________________

      (білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ ауыл)

      ___________________________________________________________________

      бос/уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын.

      Қазіргі кезде________________________________________________________

                  (лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала \ ауыл)

      жұмыс істеймін.

      Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

      Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы

   

 

      Біліктілік санатының болуы (болған жағдайда берілген (расталған) күні):

      ___________________________________________________________________

      Жұмыс өтілі:

Жалпы

Педагогикалық

Мемлекеттік қызмет өтілі

Мамандығы бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)

Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында

       

 

      Мынадай жұмыс нәтижелерім бар: ___________

      Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) __________________________________________________

      “Дербес деректер және оларды қорғау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес менің дербес деректерімді дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) өңдеуге келісім беремін.

      Мен келісемін ____________________________________________________

      (ТАӘ (бар болса)) (қолы)

      «____»______________20___жыл __________ /қолы/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
17-қосымша

 

 

Нысан

Педагог бос немесе уақытша бос лауазымына өтілі бар кандидатты бағалау парағы

_________________________________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

№

Өлшемшарттар

Растайтын құжат

Балл сандары
(1-ден 30-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

Техникалық және кәсіптік = 1 балл
Жоғары = 2 балл
Жоғары үздік = 3 балл
Магистр = 5 балл

2.

Ғылыми/академиялық дәрежесі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

PHD-доктор = 10 балл
Ғылым докторы = 10 балл
Ғылым кандидаты = 10 балл

3.

Біліктілік санаты

Куәлік, басқа құжат

Педагог= 2 балл
Педагог-модератор = 3 балл
Педагог-сарапшы = 5 балл
Педагог-зерттеуші = 7 балл
Педагог-шебер = 10 балл
Басшының үшінші біліктілік санатындағы орынбасары = 5 балл
Басшының екінші біліктілік санатындағы орынбасары = 6 балл
Басшының бірінші біліктілік санатындағы орынбасары = 7 балл

4.

Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі

Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін алмастыратын басқа да құжат

Әдіскер, лауазымдағы жұмыс өтілі 2 жылға дейін = 2 балл
Әдіскер, лауазымдағы жұмыс өтілі екі жылдан көп = 3 балл
Директордың орынбасары, лауазымдағы жұмыс өтілі 2 жылға дейін = 3 балл
Директордың орынбасары, лауазымдағы жұмыс өтілі екі жылдан көп = 4 балл
Директор, лауазымдағы жұмыс өтілі 2 жылға дейін = 4 балл
Директор, лауазымдағы жұмыс өтілі 2 жылдан көп = 5 балл

5.

Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) ұсыным хат

Ұсыным хат (педагог лауазымы бойынша соңғы жұмыс орнынан)

Оң ұсыным хаттың болуы = 3 балл

6.

Соңғы 5 жылдағы кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері

- олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары, білім алушылардың ғылыми жобалары;
- олимпиадалар мен байқаулар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары;
- мемлекеттік награда;

1) қалалық/аудандық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары = 0,5 балл
облыстық = 1 балл, республикалық = 2 балл, халықаралық = 3 балл;
2) ғылыми жобалар: қалалық/аудандық = 0,5 балл,
облыстық = 1 балл, республикалық = 2 балл, халықаралық = 3 балл;
3) "Үздік педагог" конкурсына қатысушы = 1 балл;
4) "Үздік педагог" конкурсының жеңімпазы = 5 балл;
5) "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" медалінің иегері = 10 балл.

7.

Әдістемелік қызметі

-авторлық жұмыстары мен жарияланымдары

ҚР ОАМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл;
РОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 балл;
БССҚК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы - 3 балл.

8.

Қоғамдық-педагогикалық қызметі

Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат

тәлімгер = 0,5 балл;
ӘБ басшылығы = 2 балл;
екі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 балл;
шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл;
үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл.

9.

Курсқа дайындық

- пәндік даярлық сертификаттары;
- цифрлық сауаттылық сертификаты,
ҚАЗТЕСТ,
IELTS;
TOEFL;
DELF сертификаттары;
Goethe Zertifikat, "Python тілінде бағдарламалау негіздері" бағдарламалары бойынша оқыту, "Microsoft"
Курсера жұмыстарына оқыту
Халықаралық курстар:
TEFL Cambridge
"CELTA
(Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)"
CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary)
DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages)
CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)
"TKT
Teaching Knowledge Test"
Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)
Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL)
"TESOL"
Certificate in teaching English for young learners
International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC)
IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers
Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development
Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching
Online Teaching for Educators: Development and Delivery
Educational Management
Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers
Курсы на платформе Coursera, Futute learn
Teaching Mathematics with Technology
Special Educational Needs
"Developing expertise in teaching chemistry"

біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары = 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке)

Барлығы:

 

      * жеңімпаздар санына қарамастан, 6-тармақта соңғы бес жылдағы олимпиадалар мен конкурстардың әрбір деңгейі (қалалық/аудандық) бойынша 0,5 балл ескеріледі, облыстық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері = 1 балл, республикалық = 2 балл, халықаралық = 3 балл;

      ғылыми жобалар: қалалық/аудандық = 1 балл, облыстық - 1 балл, республикалық -2 балл, халықаралық – тиісінше 3 балл тиісінше

      республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері = 3 балл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 июля 2025