«Үздік педагог» республикалық байқауы

«Үздік педагог» республикалық байқауы
«Үздік педагог» республикалық байқауы басталды, ол шығармашыл және бастамашыл мұғалімдер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл байқау — педагогтерге өз жетістіктері мен кәсіби шеберліктерін көрсетуге, сонымен қатар өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәсілдерімен бөлісуге бірегей мүмкіндік.
Байқауға меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагог қызметкерлері болып табылатын, педагогикалық қызметте жоғары жетістіктерге жеткен, Байқауға қатысу үшін құжаттарды тапсырған сәтте үздіксіз педагогикалық өтілі кемінде бес жылды құрайтын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Байқау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Байқау өткізу мерзімдері:
1-кезең – аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар қалалар): 8 шілде – 25 шілде;
2-кезең – облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана: 28 шілде – 15 тамыз;
3-кезең – республикалық: 18 тамыз – 12 қыркүйек.
Байқауға қатысу үшін педагог Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Үздік педагог» платформасына құжаттарды жүктейді.

Дата публикации
09 июля 2025