Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы
Балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімі «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы» республикалық конкурсының облыстық іріктеу кезеңін өткізді.
Конкурс педагогикалық еңбектің беделін арттыру, арнайы білім беру ұйымдарының үздік педагогтарының тәжірибесін тарату, тұлғаның әлеуметтік - кәсіби ресурстарын және педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту мақсатында өткізілді.
Конкурстың міндеттері: арнайы білім беру ұйымдарының педагогтерін анықтау, қолдау және көтермелеу; инновациялық педагогикалық қызметті таратуға жәрдемдесу педагогикалық инновациялар мен шығармашылық белсенділікті көтермелеу, педагогикалық тәжірибені жалпылау нысандарын жетілдіру.
Республикалық конкурсының 1 облыс кезеңіне «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы» атағына Қостанай облысның психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінен 9 конкурс жұмысы ұсынылды.
Конкурсқа тиісті критерийлерге сай келетін педагогтер қатысты:
Педагогтерден құралған өңірлік комиссияның шешімімен «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазы анықталды, ол республикалық кезеңге қатысады.
«Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің үздік педагогы» номинациясы бойынша жеңімпаз
|
№ |
Т.А.Ә. |
Білім беру ұйымының атауы |
Орын |
|
1. |
Жанар Серікқызы Дощанова |
«Қостанай қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ |
I |
Жеңімпазымызды құттықтай отырып, шығармашылық жетістіктер мен сарқылмас күш-қуат тілейміз!