Балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімі психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне баратын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Біздің таланттар» республикалық музыкалық-шығармашылық конкурсының облыстық іріктеу кезеңін өткізді.

Конкурстың мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балалардық таланттарын ашу. Конкурс өңірлік және республикалық кезеңдерден тұрады. Республикалық конкурстың облыстық іріктеу кезеңіне ерекше білім беру қажеттілігі бар 19 бала (Денисов, Сарыкөл, Федоров, Амангелді, Қарабалық, Қостанай, Жітіқара) қатысты. Олар сахнада ән айтты, биледі және өз өнерін көрсетті. Арнайы ұйымдар педагогтерінен құралған өңірлік комиссияның шешімімен республикалық кезеңге қатысатын үздік қатысушылар іріктелді.

2 номинация бойынша:

«Шебер қолдар» – Лилия Жанатқызы Нұржанова, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ;

«Үздік декламатор» – Эмир Азаматұлы Сұлтанов, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Сарыкөл ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ.

Дата публикации
21 мая 2025