Ақшалай қаражат пен алымдарды заңсыз жинауға тыйым салу туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, білім беру ұйымдарында ақшалай қаражат пен алымдарды заңсыз жинауды болдырмау мақсатында, сондай-ақ «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығының 8-тармағы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Облыстың білім беру ұйымдарының басшылары:
- білім беру ұйымдарында әртүрлі мақсаттарға ақшалай қаражат пен алымдарды мәжбүрлеп жинауға тыйым салсын;
- ақшалай қаражат пен алымдарды заңсыз жинау мәселесі бойынша ата-аналар комитеттерінің, қамқоршылық кеңестердің мүшелері арасында, педагогикалық ұжымдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;
- облыстың білім беру ұйымдарында ақшалай қаражат пен алымдарды жинауға тыйым салу туралы бұйрық шығарылсын.
- Осы бұйрықтың орындалмауына жол берген білім беру ұйымдарының басшыларына еңбек заңнамасында белгіленген шаралар қолданылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Басшы А. Ибраева