«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі 110000, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75, телефоны 8-7142-39-08-43, факс 8-7142-21-09-39, электрондық мекенжайы t.imanmagzumova@kostanay.gov.kz (мөлшері 30 МБ артық емес) «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды – 1 бірлік:
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (уақытша, 2024 жылғы 7 маусымға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне) (E-R-4-санаты) еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 226 837 теңгеден 260 564 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңдарының орындалуына бақылау жасайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Білім беру ұйымдарының мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептілікті уақтылы ұсынуын бақылайды. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті есептілікті қалыптастырады және оны жоғары тұрған мемлекеттік органдарға ұсынады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеуді және есепке алуды жүргізеді, оларды жоғары тұрған басшылықтың қарауына уақтылы беруді ұйымдастырады. Білім бөліміне және ведомствоға қарасты ұйымдарға келіп түскен өтініштерге жауап беру мерзімі мен сапасын бақылайды. Жоғары тұрған органдарға жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс бойынша есептерді уақтылы ұсынады, мүмкіндігі шектеулі балалармен білім беру мекемелерінің жұмысын үйлестіреді. Психологиялық-педагогикалық түзету жұмыстарына өзара іс-қимылды және бақылауды жүзеге асырады. Жоғары тұрған органдарға есептерді уақтылы ұсынады. Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен нұсқауларын олардың өкілеттігі шегінде орындау.
Жалпы конкурсқа қатысушысына қойылатын негізгі талаптар:
Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Педагогикалық ғылымдар; Гуманитарлық ғылымдар; Әлеуметтік ғылымдар (психология); Құқық (құқықтану); Бизнес және басқару (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару);
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «ҚР Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын). Осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бектілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) негізінде өткізіледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күнінен бастап үш жұмыс күннің ішінде «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіндеҚостанай қаласы Гоголь көшесі, 75 мекенжайы бойынша өтеді.
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
|
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
|
|
Нысан |
|
|
__________________________ |
|
|
(мемлекеттік орган) |
Өтініш
Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын
транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________
______________________
______________________
Мекен жайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-maіl: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
|
|
"___"_______________ 20 __ ж. |
|
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
|
|
Нысан |
Мемлекеттік қызметшінің қызметтiк тiзiмі
Послужной список государственного служащего
|
Т.А.Ж. (болған жағдайда) / Ф.И.О. (при наличии) 1 ____________________________________________________________________ |
цветное фото, |
|||
|
Жұмыс орны, лауазымы, санаты / Место работы, должность, категория ________________________________________________________________ |
||||
|
ЖСН / ИИН 1 ____________________________ |
||||
|
Туған кезі / Дата рождения |
|
|||
|
Туған жері / Место рождения |
|
|||
|
Ұлты / Национальность |
|
Білімі / Образование |
|
|
|
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы / Год окончания и наименование учебного заведения |
|
|||
|
Мамандығы / Специальность |
|
|||
|
Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками |
|
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы / Ученая степень, ученое звание |
|
|
|
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мерекелік медальдары / Государственные награды, почетные звания и юбилейные медали |
|
|||
|
Арнайы тексеру нәтижелері/ |
|
Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені, біліктілік сыныбы, дипломатиялық дәрежесі (жыл) / Воинское, специальное звания, классный чин, квалификационный класс, дипломатический ранг (год) |
|
|
|
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртiптiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет / Сведения о наложении дисциплинарных взысканий за совершение дисциплинарных проступков, дискредитирующих государственную службу |
|
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет / Сведения о наложении административных взысканий за совершение коррупционных правонарушений |
|
|
|
Жалпы еңбек өтілі / Общий трудовой стаж |
|
Мемлекеттік қызметшінің ант берген күні / Дата принесения присяги государственным служащим |
|
|
|
Мемлекеттік қызмет өтілі / Стаж государственной службы |
|
Отбасылық жағдайы / Семейное положение |
|
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
||||
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность, место работы, местонахождение организации |
|||
|
қабылданған / приема |
босатылған / увольнения |
|||
|
|
|
|
||
|
|
|
|
||
Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметiнiң) басшысы / Руководитель службы управления персоналом (кадровой службы):
_______________________________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии)
Қолы / Подпись __________________ _______ жыл / год "__" _____________ айы / месяц