Қостанай облысының білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Бекітемін

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ басшысы

 

_________________А. Ибраева

 

5 шілде 2024 жыл

 

 

Қостанай облысының білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

р/с №

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынымдар (іс-шара)

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1.       

Міндеттің орнына құқық белгілеу.

Қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерінде жұмыс берушіге міндеттің орнына құқық берілді.

Бұл дискрециялық өкілеттіктер лауазымды тұлғаның мінез-құлық және/немесе басқарушылық шешімін таңдау мүмкіндігін анықтайтын жағдайлар жасайды, бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға әкелуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіндегі дискрециялық норманы жою туралы мәселені қарау туралы ұсыныспен уәкілетті органға (ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі) хат жолдансын.

Хат

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (құқықтық қамтамасыз ету бөлімі, Ә.Ө. Қасқабаева), ТжКБ ұйымдарының басшылары

31.07.2024 жылға дейін

2.       

Құқықтық олқылық.

2.1. ППТК үшін үлгілік штаттар бекітілмеген.

Нормативтік-құқықтық өрісте ППТК педагогтарының жүктемесін реттейтін құжаттар жоқ (мұғалім 1 ставкаға қанша балаға қызмет көрсетуі керек, 1 ставкаға қанша сабақ өткізіледі). Бұл олқылық ППТК - ға қабылдау кезінде балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көлемін белгілеудің процедуралық тәртібіне әсер етеді.

2.2. ППТК-да түзету-дамыту қолдауын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына 4-қосымшаға сәйкес түзету сабақтарының жоспарымен регламенттеледі.

ППТК түзету сабақтарының ұсынылған жоспарында мектеп жасындағы (жеңіл, орташа және ауыр дәрежедегі) интеллект бұзылыстарының санаты жоқ, дегенмен мұндай балаларға ППТК қызмет көрсетеді.

2.3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында Тапсырыс беруші ұйымның қызметкерлерін, сондай-ақ ЖК, ЖШС және т. б. нысанында кәсіпкер мәртебесі бар олардың жұбайларын жеткізуші ретінде мемлекеттік сатып алуға қатысуды шектеуге тыйым салынбаған..

Бұл құқықтық олқылық әлеуетті өнім берушіні айқындау кезінде, сондай-ақ шартты жеке мүддесі үшін орындау кезінде «жеңілдіктер» көрсетуге әкеп соғады.

 

2.1 Уәкілетті органға «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 224 бұйрығын ППТК үшін үлгілік штаттарымен толықтыру жөніндегі мәселені қарастыру туралы хат жолдау

 

 

2.2.           Уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына 4-қосымшаны толықтыру туралы мәселені қарастыру туралы ұсыныс хат жолдау. ППТК түзету сабақтарының жоспары.

Мектеп жасындағы (жеңіл, орташа және ауыр дәрежедегі) интеллект бұзылыстарының санатын толықтыру.

 

2.3. Уәкілетті органға «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 6-бабы 1-тармағын мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толтыру мүмкіндігін қарау туралы хат жіберу: «12) әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім беру сәтінде мемлекеттік сатып алуды жүргізетін ұйымның, «Тапсырыс беруші» ұйымының қызметкері не қызметкерінің жұбайы/зайыбы болып табылады»

 

Хат

 

 

 

 

 

 

 

Хат

 

 

 

 

 

 

 

 

Хат

 

 

 

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімі, М.З. Ахметов, құқықтық қамтамасыз ету бөлімі, Ә.Ө. Қасқабаева), ППТК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (құқықтық қамтамасыз ету бөлімі, Ә.Ө. Қасқабаева)

 

31.07.2024 жылға дейін

 

 

 

 

 

31.07.2024 жылға дейін

 

 

 

 

 

31.07.2024 жылға дейін

3.       

Құқықтық актілері ережелерінің қайшылықтары.

3.1. Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес арнайы білім беру ұйымдарының басшыларына (меңгерушілеріне) қойылатын талаптарда: психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері (ППТК), психологиялық-медициналық-педагогикалық консльтациялар (ПМПК), сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының басшыларына: арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау және жасөспірімдер үйінде «педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы».

Алайда, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің меңгерушілерін, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларды, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының және жасөспірімдер үйлерінің директорларын тағайындау кезінде біліктілікке қойылатын бұл талаптар оқушылардың мұндай жетістіктерінің болмауына, педагогтар арасында бәсекеге қабілетті ортаның болмауына, кәсіптік конкурстардың жеткіліксіздігіне байланысты қиындықтар туындайды.

3.2.          «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113 Заңының 24-бабы 1-тармағына сәйкес психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімделуден өте алады.

Алайжа заңда және үлгілік қағидаларда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлерінің түлектерін одан әрі әлеуметтік бейімдеу үшін оларды қабылдаудан бас тартуға негіз бола алмайтын психоневрологиялық аурулардың тізбесі жоқ.

Бұл ретте аталған санаттағы балалардың жекелеген психоневрологиялық аурулары айналадағы адамдар үшін қандай да бір қоғамдық қауіп төндірмейтінін, бірақ сонымен бірге әлеуметтік бейімделу үшін Жасөспірімдер үйіне қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылатынын атап өткен жөн.

3.3. ҚР тұрғын үй заңнамасының нормаларын ескере отырып (73-бап. Азаматтарды мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебiнен шығару негiздерi) осы Заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж деп танылған және тұрғын үй алғанға дейін есепке қойылған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар есептен шығаруға жатпайды.

Алайда, кәмелетке толмағанды ұйымға жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін анықтаған кезде ұйымның заңды мекенжайы бойынша тұрғылықты жері мен тұрғылықты жері өзгереді, бірақ бұл ретте кәмелетке толмағанды ерте тұрған жері бойынша кезектен алып тастауға мүмкіндік берілмейді.

Баланы ұйымнан шығарғаннан кейін және оның ТжКБ және ЖОО ұйымдарында оқуды жалғастырғаннан кейін, қайтып келу ықтималдығы төмен.

3.4. Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларына

(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысы) сәйкес он төрт жасқа толған азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелуі тиіс.

Сонымен бірге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау) 0 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар орналастырылады.

Осы фактіні ескере отырып, бала онда болған кезеңде баланың заңды өкілі болып табылатын ұйымның әкімшілігі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу бойынша есепке қоюды қамтамасыз етуге тиіс.

Баланың нақты тұрғылықты жері (мекеме) бойынша «Kezekte» АЖ-ның жергілікті атқарушы органына мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу жөніндегі есепке қоюға өтініш (14 жасқа толмаған кәмелетке толмаған) берген кезде кезекке қоюды нақты тұрғылықты жері бойынша емес, кәмелетке толмаған адам анықталған және мемлекеттік тұрғын үйге анықталған сәтке дейін оның бұрынғы тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

 

3.1. Уәкілетті органға Үлгілік біліктілік сипаттамаларының (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы) 136-тармағына өзгерістер енгізу ұсыныспен хат жолдау, «және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы» туралы талапты жою немесе «педагогтің, педагог-модератордың біліктілік санатының болуы» деген сөздерге ауыстыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Уәкілетті органға «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 113 Заңына өзгерістер енгізу ұсыныспен хат жолдау, 4-тарау. 24-бап. Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтетін адамдардың санаттары «психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда» деген сөздер «осы мекемеде болуға қарсы көрсетілімдердің болуы туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бар адамдарды қоспағанда» деген сөздерге ауыстыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

3.3. Уәкілетті органға осы саладағы заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы, кәмелетке толмағанның нақты орналасқан жері бойынша тіркелу және одан әрі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу мүмкіндігі туралы хат жолдау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.4. Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу мәселелері бойынша заңнамаға жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйым әкімшілігінің ұйымның орналасқан жері (заңды мекенжайы) бойынша 0-14 жастағы кәмелетке толмағандарды тіркеу мүмкіндігіне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туралы уәкілетті органға хат жолдау.

 

Хат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хат

 

 

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімі, М.З. Ахметов, құқықтық қамтамасыз ету бөлімі, Ә.Ө. Қасқабаева), ППТК, ПМПК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімі, М.З. Ахметов, құқықтық қамтамасыз ету бөлімі, Ә.Ө. Қасқабаева), ППТК, ПМПК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімі, М.З. Ахметов, құқықтық қамтамасыз ету бөлімі, Ә.Ө. Қасқабаева)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімі, М.З. Ахметов, құқықтық қамтамасыз ету бөлімі, Ә.Ө. Қасқабаева)

 

31.07.2024 жылға дейін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31.07.2024 жылға дейін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31.07.2024 жылға дейін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31.07.2024 жылға дейін

 

 

 

 

 

 

 

4.       

Ережелер мен Жарғылардың дұрыс емес және ескірген мазмұны.

Білім басқармасының және бөлімдерінің ережесіне, сондай-ақ ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының жарғыларына өзгерістер енгізу.

Ережелерге, жарғыларға өзгерістер енгізу туралы өтініштер. Әкімдік қаулысының жобасы. Өзгертілген ережелер, жарғылар.

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Ә.Ө. Қасқабаева), Білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары

31.07.2024 жылға дейін, постоянно

5.       

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты адамдарда мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттырудың болмауы. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау іс-шараларын жүргізуге жауапты адамдарды тағайындаудың болмауы.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жиі орын алатын бұзушылықтар: мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша біліксіз консультациялар.

Sakura АЖ-дағы іркілістерге байланысты Әулиекөл ауданының білім бөлімінің Харьков БМ-де «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін уақтылы көрсетпеу фактісі бар.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты негізгі қызметкер болмаған кезде өзара алмастырушылық болмайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты адамдардың барлығы біліктілігін арттырудан өтпеген.

Халықты цифрлық сауаттылық дағдыларына оқыту бойынша жұмысты жалғастыру (ресми интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде ақпараттық технологиялар арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы роликтер орналастыру).

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процесінің бұзылуына жол бермеу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде бұзушылықтардың қайталануы мен жүйелілігі фактілерін болдырмау.

Негізгі қызметкер болмаған уақытта мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің өзара алмасуын қамтамасыз ету.

Білім беру ұйымдарының қаржылық мүмкіндігіне қарай мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты тұлғалардың біліктілігін арттыру.

Жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспары.

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Ә.Ө. Қасқабаева), Білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары

31.07.2024 жылға дейін

6.       

Білім басқармасының/мамандандырылған ұйымның «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге мүмкіндігінің болмауы.

Білім басқармасы/арнаулы білім беру ұйымдары egov.kz порталында аталған қызметті көрсетушілер тізіміне енбеген.

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушілердің тізбесіне білім басқармасын/мамандандырылған білім беру ұйымдарын енгізу туралы ұсыныспен уәкілетті органға хат жолдау.

Хат

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімі Қ. А. Исмурзина, құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Ә.Ө. Қасқабаева), арнайы білім беру ұйымдарының директорлары

31.07.2024 жылға дейін

7.       

«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің баланы өзге санаттарға жатқызу мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш нысанында «Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын азаматтардың өзге де санаттары» 10-тармағында, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалатын азаматтардың өзге де санаттары» 11-тармағында жазылған. Сонымен қатар, балалардың осы санаттарына кім жататыны нақты анықталмаған.

«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығымен бекітілген «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік қызметті балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары көрсетеді. Ал білім беру ұйымдарының номенклатурасындағы орта білім беру ұйымдары қосымша білім беру ұйымдарына жатпайды. Мемлекеттік қызметтің нақты атауы көрсетілетін қызметті берушілердің санаттарын шектейді, өңірлер бойынша осы мемлекеттік қызметті қолданудың әртүрлі оқылуы мен практикасын тудырады.

ҚР Оқу-ағарту министрлігіне «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығымен бекітілген «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен хат жолдау, атап айтқанда: көрсетілетін қызметті берушілер санатына өзгерістер енгізу немесе көрсетілетін қызметті берушілер тобын кеңейту, сондай-ақ 10, 11-тармақтарда балалардың нақты санатын көрсету

Хат

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Ә.Ө. Қасқабаева)

31.07.2024 жылға дейін

8.       

Жалған қағаз анықтамаларын беру қаупі.

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қағаз форматта табыстары туралы құжаттарды (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі табыстары туралы анықтама) ұсынады, алайда осы мәліметтерді автоматты түрде алуға болатын ақпарат жүйесі бар. Аталған жүйемен интеграцияланбаған, көрсетілетін қызметті берушінің аталған жүйеге қол жетімділігі жоқ, осыған байланысты ЗТМО ақпараттық жүйелеріндегі кірістер туралы ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік жоқ.

Ақпарат жүйесіне кіруге рұқсат беру сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайтуға, құжаттар топтамасын оңтайландыруға, сондай-ақ жалған қағаз анықтамаларды ұсынудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Көрсетілетін қызметті берушілерге ЗТМО жүйелеріне қолжетімділік беру туралы ұсыныспен ҚР Оқу-ағарту министрлігіне хат жолдау.

Хат

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Ә.Ө. Қасқабаева)

31.07.2024 жылға дейін

9.       

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет белгілері (жасырын көрсетілетін қызметтер) бар көрсетілетін қызметтер түріндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгіленген рәсімдерінің жетілмегендігі.

Білім беру ұйымдары балаларды мектепалды даярлық сыныбына (0-сынып) қабылдау бойынша қызмет көрсетеді, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттардың тізбесі заңмен регламенттелмеген.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер тізіліміне толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс жіберу.

Хат

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімі Қ. А. Исмурзина, құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Ә.Ө. Қасқабаева)

31.07.2024 жылға дейін

10.    

Мемлекеттік қызметтердің белгіленген рәсімдерінің жетілмегендігі.

Негіздеме:

10.1. «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қамқоршылықты белгілеу жөніндегі мемлекеттік қызметпен проактивті, алайда электрондық үкімет порталында асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы, алимент, балаға тиесілі тұрғын үйді жалға беруден түсетін табыс төлеу туралы мәліметтерді алуға арналған қосымша беттер жоқ.

10.2. Кәмелетке толмағандардың мүлкіне билік ету үшін анықтамалар беру - порталда ата-анасының біреуінің жоқтығын растайтын құжатты (қайтыс болу туралы куәлік, ата-ана құқығынан айыру, шектеу туралы сот шешімі және т.б.) тіркеуге арналған қойынды жоқ. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттар тізбесінде кәмелетке толмаған адамның мүлкіне билік етудің орындылығын растайтын құжат жоқ, осыған байланысты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту не жеке пайдасын ескере отырып шешім қабылдау мүмкіндігі туындайды.

10.3. Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімін беру. Бұл қызмет жеке тұлғаларға арналған, ал балалар үйінің тәрбиеленушілерінің заңды өкілдері жеке тұлғалар емес, заңды тұлға (балалар үйінің әкімшілігі) болып табылады.

10.4. Белгіленген мемлекеттік қызметтердің жетілмегендігі.

Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін көрсетілетін қызметті берушілердің қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілу деңгейінің жеткіліксіздігі.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасауға тиіс.

Бұл ретте білім бөлімдері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың үй-жайлары мобильділігі төмен азаматтар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін бейімделмеген, халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар ету үшін стендтер жоқ, мемлекеттік қызметті электрондық форматта алу мүмкіндігі үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жоқ.

 

 

 

10.1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа порталда осы қызметті жеке етіп шығару қажеттілігі туралы хат жолдау

 

 

 

 

 

 

 

10.2.       уәкілетті органға «АХАЖ» АЖ-мен интеграциялау қажеттілігі туралы хат; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа «Ата-аналардың қамқорлығының жоқтығын растайтын құжат» қосымша парақшаны қосу мәселесі бойынша хат; кәмелетке толмағанның мүлкіне билік етудің орындылығын растайтын құжатты қосу арқылы көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органға хат жолдау.

10.3.       Уәкілетті органға 10 жасқа толған балалар үйі тәрбиеленушісінің пікірін еркін нысанда ресімдеу мәселесін қарау туралы хат жолдау

 

 

 

10.4.        Қозғалысы шектеулі азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қажетті жағдайлар жасау үшін шаралар қолдану, шақыру түймелерін, Брайль шрифтімен тактильді тақтайшалар мен тактильді көрсеткіштерді орнату, бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бюджеттік өтінім беру жолымен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын дайындау.

 

 

 

 

Хат

 

 

 

 

 

 

 

 

Хат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хат

 

 

 

 

 

 

Ақпарат беру анықтамасы. Бюджеттік өтінімге өтінішхат (бюджеттік өтінім).

 

 

 

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімі, М.З. Ахметов, құқықтық қамтамасыз ету бөлімі, Ә.Ө. Қасқабаева)

 

 

 

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімі, М.З. Ахметов, құқықтық қамтамасыз ету бөлімі, Ә.Ө. Қасқабаева)

 

 

 

 

 

 

 

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімі, М.З. Ахметов, құқықтық қамтамасыз ету бөлімі, Ә.Ө. Қасқабаева)

 

Білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары

 

 

 

31.07.2024 жылға дейін

 

 

 

 

 

 

31.07.2024 жылға дейін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31.07.2024 жылға дейін

 

 

 

 

 

31.07.2024 жылға дейін

 

 

 

11.    

Көрсетілетін қызметті алушының құқықтарын бұзу, egov.kz. «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жүгінген кезде баламаны пайдалану мүмкіндігінің болмауы

«Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Алайда, құжаттарды «электрондық үкімет» порталы арқылы берген кезде өтінімдер дұрыс кетпейді (басқа көрсетілетін қызметті алушыға)

Бұзушылықтарды жою мәселесі бойынша Оқу-ағарту министрлігіне хат жолдау

Анықтама: 2024-2025 оқу жылынан бастап бұл қызмет, сондай-ақ аттестаттаудың барлық рәсімі «Ұстаз» платформасында өтеді, бұл педагогтерге санат берудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етеді.

Хат

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (педагогтермен жұмыс мониторингі бөлімі А.Д. Дощанова)

31.07.2024 жылға дейін

12.    

Құзыретті емес тұлғаларға негізгі функцияларды жүктеу.

Кадрлармен жасақталмауына байланысты (педагогтер мен тағы басқалар) өңірлерде музыка, химия, биология, ағылшын тілі, математика пәндерін біліктілігі жоқ мамандар береді, осыған байланысты мемлекеттік білім беру стандартының сақталмау қаупі бар.

Уәкілетті органға Педагогтік қайта даярлау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы хат жолдау (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 110 бұйрығы), басқа педагогикалық мамандыққа және педагогикалық білімі бар адамдарға қайта даярлау курстарынан өтуді көздеу қажет.

Хат

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (педагогтермен жұмыс мониторингі бөлімі А.Д. Дощанова)

31.07.2024 жылға дейін

13.    

Тәртіптік жауапкершілікті мерзімнен бұрын алып тастау

Мерзімінен бұрын тәртіптік жазалау фактісін азайту. Қызметкерлердің бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында түсіндіру сипатындағы іс-шараларды, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды жүргізу (түсіндіру іс-шараларының жоспарын әзірлеу).

Жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспары (техникалық оқу хаттамасын кейіннен ұсына отырып)

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (кадр жұмысы жөніндегі бөлім, С.Қ. Ниязбаева)

31.07.2024 жылға дейін

14.    

Жақын туыстар/жұбайлар тікелей бағынышты жұмыс істеген кезінде орын алатын мүдделер қақтығысы

 

Тікелей бағыныстағы жұмысты алып тастау.

Тікелей бағынуды болдырмай, қызметкерлердің лауазымдық функционалына өзгерістер енгізу, жақын туыстарын/жұбайларын туыстарына бағынудан шығару не басқа жұмысқа ауыстыру.

Өзгертілген лауазымдық нұсқаулықтар

Қарасу ауданының ППТК меңгерушісі, білім беру ұйымдары,

Білім бөлімдерінің басшылары

31.07.2024 жылға дейін

15.    

Жақын туыстарының/жұбайларының бір-біріне тікелей бағынуында көрінетін мүдделер қақтығысы болуы мүмкін.

Кадрлық өзгерістер кезінде, бақылау болмаған, сондай-ақ жақын туыстары туралы ақпарат болмаған жағдайда, жақын туыстарының тікелей бағыныстағы ұйымда жұмыс істеу фактісі орын алуы мүмкін.

Жұмысқа орналасу кезінде қызметкердің жақын туыстары туралы ақпаратты көрсете отырып, кадрларды есепке алудың жеке парағын, сауалнаманы, өмірбаянды толтыру.

Кадрлық өзгерістер кезінде ұйымда жақын туыстарының болуын бақылау.

Жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспары (техникалық оқу хаттамасын кейіннен ұсына отырып)

Ақпарат беру анықтамасы

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (кадр жұмысы жөніндегі бөлім, С.Қ. Ниязбаева), Білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары

31.07.2024 жылға дейін

16.    

Жалақыны есептеу кезінде дұрыс емес деректерді енгізу мүмкіндігі.

Төлем құжатына қызметкердің дұрыс емес дербес деректерін, атап айтқанда Т.А.Ә. және ЖСН сәйкестігін енгізуге жол бермейтін тетікті енгізу мақсатында уәкілетті органға «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорын АЖ-мен интеграциялау мәселесін қарау туралы

Хат

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (қаржыландыру және қаржлық есептілік бөлімі В.С. Петрович, құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Ә.Ө. Қасқабаева)

31.07.2024 жылға дейін

17.    

Ұлттық тестілеу орталығының базасымен интеграциялау болмауына байланысты педагогтердің жалған сертификаттар беру қаупі бар, сертификаттың түпнұсқалығын тексеру мүмкін емес.

Біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың түпнұсқалығын растау бөлігінде АЖ-ны Ұлттық тестілеу орталығының дерекқорымен интеграциялау бойынша ҰТО-ға хат жолдау.

Хат

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (қаржыландыру және қаржлық есептілік бөлімі В.С. Петрович, құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Ә.Ө. Қасқабаева)

31.07.2024 жылға дейін

18.    

АЖ-ны Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграциялаудың болмауы үстеме белгіленген норманың жалақысын есептеуге мүмкіндік береді, тарифтеу бойынша және нақты есептелетін жалақыны салыстыру мүмкіндігі жоқ.

АЖ-ны ҰБДҚ-мен интеграциялау мәселесі бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігіне хат жолдау

Хат

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (қаржыландыру және қаржлық есептілік бөлімі В.С. Петрович, құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Ә.Ө. Қасқабаева)

31.07.2024 жылға дейін

19.    

Білім беру мекемелері қызметкерлерінің қатысуын автоматтандырылған бақылау жоқ, бұл нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алу бойынша деректердің бұрмалануына әкелуі мүмкін.

Жұмыс уақытын есепке алу табелін автоматты түрде қалыптастыру үшін білім беру ұйымдары қызметкерлерінің қатысуын есепке алуды автоматтандыру және АЖ-ны қызметкерлердің қатысуын бақылау жүйесімен интеграциялау жөніндегі АЖ әзірлеушісіне хат жолдау.

Хат

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (қаржыландыру және қаржлық есептілік бөлімі В.С. Петрович, құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Ә.Ө. Қасқабаева)

31.07.2024 жылға дейін

20.    

Сотта мүдделерді білдіру кезіндегі мүдделер қақтығысы

Туыстары/жұбайлары осы ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын адамдардың (ұйымдардың қызметкерлері емес, сенімхат бойынша, заң қызметтерін көрсету туралы шарттар жасаспай) білім беру ұйымдарының мүдделерін білдіруіне жол бермеу.

Жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспары

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Ә.Ө. Қасқабаева)

31.07.2024 жылға дейін

21.    

Мектептерді «Starlink» геостационарлық емес байланыс жүйесінде Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етуді жүзеге асыру кезінде, білім беру ұйымдарында жергілікті желі құру кезінде бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану.

Амангелді және Жангелдин аудандарының білім бөлімдері ұйымдарда интернет провайдерлерімен шарттардың сомаларын азайту бойынша жұмыс жүргізді (шарттардың сомаларын азайтуға арналған шарттарға қосымша келісімдер жасасу).

Амангелді ауданының білім бөлімі жергілікті желіні монтаждау үшін жабдықтарды сатып алуды және орнатуды жүзеге асырсын.

Сомаларды азайтуға қосымша келісімдер.

 

 

 

Жабдық сатып алу.

 

 

Амангелді және Жангелдин аудандары білім бөлімдерінің басшылары

31.07.2024 жылға дейін

22.    

Құжаттандыруды ретсіз жүргізу, лицензиялық бағдарламалық қамсыздандырудың жоқтығы

№ 832 ҚРҮК негізгі нормаларын сақтау мақсатында: лицензияланған бағдарламалық өнімдерді сатып алу және компьютерлік паркті жаңарту мәселесін қарау (бюджеттік өтінім жіберу); ақпараттық қауіпсіздік саласындағы анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі жол картасын әзірлеу және бекіту; ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі нормаларын сақтау мәселесі бойынша білім беру бөлімдерінің басшыларымен семинар-кеңес өткізу қажет.

Бюджеттік өтінімге өтінішхат (бюджеттік өтінім).

Жол картасы, Жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспары

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (ақпараттық-талдау жұмысы бөлімі Н.Ю. Мурсалина, бюджетті жоспарлау бөлімі А.А. Ақпасова), Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Ақпараттандыру және білім беру сапасын бағалау орталығы” КММ

О.А. Козлюк

31.07.2024 жылға дейін

23.    

Электрондық құжат айналымы жүйесінің болмауы

«Электрондық құжат айналымы жүйесі» арқылы мемлекеттік органдардың құжат айналымын жүргізуді қамтамасыз етсін (білім бөлімдері бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне бюджеттік өтінім жіберсін).

Бюджеттік өтінім

Білім бөлімдерінің басшылары

31.07.2024 жылға дейін

24.    

Документолог, E-kyzmet жүйелерін толық мүмкіндіктерін пайдаланудың болмауы. Жұмыс формальды түрде жүргізіледі.

Документолог, E-kyzmet жүйесі Ұзынкөл ауданының білім бөлімі хатшысының қабылдау бөлмесінде тек бір ДК-де орнатылған, бұл қызметкерлердің жүйелердің мүмкіндіктерін пайдалануды барынша шектейді.

Білім бөлімінің барлық қызметкерлерінің (мемлекеттік қызметшілерінің) Документолог, E-kyzmet-ті пайдалану рұқсатын қамтамасыз етсін

Ақпарат беру анықтамасы

Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің басшысы

31.07.2024 жылға дейін

25.    

«INDIGO» АЖ, «SAKURA» АЖ, «AZAMAT» АЖ ақпараттық жүйелерінде, «Күнделік» электронды күнделігінде, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың электрондық деректер банкінде (БҚҚК РДҚ), ҰБДҚ жұмыс істеу кезіндегі немқұрайлылық.

Білім беру ұйымдарының ақпарат жүйесіндегі жұмыс мәселесі бойынша техникалық оқыту жүргізу («INDIGO», «SAKURA», «AZAMAT», «MINDAL»), «Күнделік» электрондық күнделігі, ҰБДҚ-да жұмыс.

Жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспары (тех.оқыту хаттамасы)

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (ТжКБ бөлімі Ж.С. Жумина, балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімі, М.З. Ахметов ), Білім бөлімдерінің басшылары, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Ақпараттандыру және білім беру сапасын бағалау орталығы” КММ

О.А. Козлюк

31.07.2024 жылға дейін

26.    

Ұйымдардың құжат айналымын жүргізу ретсіздігі

Құжат айналымын жүргізу мәселесі бойынша техникалық оқыту жүргізу.

Жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспары (тех.оқыту хаттамасы)

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (кадр жұмысы жөніндегі бөлім, С.Қ. Ниязбаева)

31.07.2024 жылға дейін

27.    

БАҚ-та және ресми интернет-ресурста қызмет бағыттары туралы толық және шынайы ақпаратты орналастырмауда, сондай-ақ ресми интернет-ресурстың болмауында көрсетілген қызметтің ашықтығының жеткіліксіздігі

Сайтта ұйымдардың қызметі туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өзекті ақпаратты, оның ішінде байланыс телефондары мен жұмыс кестесін, басшы туралы, ұйым көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы, мемлекеттік сатып алу туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы ақпаратты орналастыру.

Сайт жоқ ұйымдарда сайт құру мүмкіндігін қарастыру (Білім басқармасына/білім бөліміне бюджеттік өтінім жіберу).

Өз интернет ресурсын құруға мүмкіндік болмаған жағдайда, білім басқармасының/білім бөлімінің ресми интернет ресурсында негізгі ақпаратты көрсете отырып, ведомстволық бағынысты ұйымның бөлімін құру.

Сайт бөлімін толтыру ұйымның жауапты тұлғаларына бекітілсін.

Ақпарат беру анықтамасы. Жауаптыларды бекіту туралы бұйрық.

Білім бөлімдерінің басшылары

31.07.2024 жылға дейін

28.    

Жоғары бағалар бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу

Мемлекеттік сатып алу бойынша техникалық оқу жүргізу (оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын жоспарлау мәселесі бойынша).

Жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспары

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (қаржыландыру және қаржлық есептілік бөлімі В.С. Петрович), білім бөлімдерінің басшылары

31.07.2024 жылға дейін

29.    

Сапасыз кеңес беру, бұрмаланған және ескірген мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушыларға беру

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізу. Жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспарына енгізу. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалардың біліктілігін арттыру.

Жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспары

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (құқықтық қамтамасыз ету бөлімі, Ә.Ө. Қасқабаева)

31.07.2024 жылға дейін

30.    

Басқа білім беру ұйымдарында анықталған бұзушылықтар

Жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспарына ҚР заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу мәселесі бойынша техникалық оқу енгізілсін.

Жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспары

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ (құқықтық қамтамасыз ету бөлімі, Ә.Ө. Қасқабаева)

31.07.2024 жылға дейін

 

Дата публикации
09 января 2025