2023-2024 оқу жылы ішінде 2-11 сынып оқушыларының оқу сапасы

2023-2024 оқу жылы ішінде 2-11 сынып оқушыларының оқу сапасы

 

2023-2024 оқу жылының соңында 111 760 оқушыны қамтитын 454 күндізгі мектеп жұмыс істейді.

Мектептердің негізгі қызметтерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру болып табылады.

2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша облыс бойынша 2-11 сыныптардағы оқушылардың білім сапасы 59.3% (2023 – 58,0%), өткен оқу жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,3% біршама көтерілген.

Проблемаларды анықтау және оқушыларды оқыту сапасындағы алшақтықты азайту мақсатында облыста тоқсан сайын аумақ тиесілілігі бойынша (қала және ауыл оқушылары) оқыту тілі бойынша осы көрсеткіштерге мониторинг және талдау жүргізіледі.

Мониторинг деректері оқыту тілдері бойынша 8.8% – ға (қазақ тілінде – 63,6% және орыс тілінде – 55.1%) және 8.5% – ға алшақтықты көрсетеді, сондай-ақ облыстық мамандандырылған ұйымдарды қоспай ауылдың пайдасына қалалық және ауылдық (ауыл-57%, қала-56%) арасында сапаның шамалы алшақтығы байқалады.

6 өңірде білім сапасы облыстық көрсеткіштен жоғары: Жангелдин – 59,3%, Қамысты – 59,4%, Қарасу – 60,3%, Меңдіқара – 59,7% Б.Майлин ауданы – 61%, Арқалық – 61,3% және облыстық мамандандырылған ұйымдарда (Ы.Алтынсарин атындағы МГ – 90,05%, БИЛ – 80%, ОЗАТ – 73,9%). Қалған өңірлерде білім сапасы облыстық көрсеткіштен төмен (Алтынсарн, Әулиекөл, Амангелді, Денисов, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қостанай, Сарыкөл, Федоров, Ұзынкөл аудандары, Қостанай, Лисаков, Рудный қалалары – 51%). Боровской санаторлық мектеп-интернатта білім сапасы өте төмен – 32%.

2-4 сыныптарда және облыс бойынша білім сапасының өсуінің оң динамикасын атап өту қажет, көрсеткіш 64.4% құрады (2023 жылы – 62,4%). Қазақ тілінде оқитын оқушылардың білім сапасы – 66,25 (2023 жылы – 70,6%) құрады. Қалалық және ауылдық (қала – 68%, ауыл – 63%) оқушылары арасында білім алшақтығы 5%-ға байқалады. Жоғары сапаны 2 сынып оқушылары көрсетеді - 65.4%.

14 өңірде оқушылардың білімі облыстық көрсеткіштен жоғары және Амангелді (60.5%), Әулиекөл (60.05%), Сарыкөл (63.4%), Федоров (63%), Ұзынкөл аудандарында (62.3%), Рудный (63.85%) қаласы оқушыларының білім сапасы облыстық көрсеткіштен төмен. Боровской санаторлық мектеп-интернаты ең төменгі көрсеткішті көрсетті - 36,4%, бұл ұйымда жалпы білім сапасы төмен (БСМИ қоспағанда – 65.8%).

5-9 сыныптардағы білім сапасы 54.50% құрайды, өткен оқу жылымен салыстырғанда 1,6% жоғары (2023 жылы – 52.9%). Ауылдың пайдасына білім алшақтығы 5%-ға байқалады (қала – 49%, ауыл – 54%). 8 сыныптағы ең төменгі сапа 48,7% көрсетті.

Қазақ тілінде оқитын 5-9 сынып оқушыларының сапасы орыс тілінде оқитын оқушылардың 12,4%-дан асады және ең үлкен алшақтық байқалады (қазақ тілінде оқитындар – 61%, орыс тілінде оқитындар – 48,6%).

4 өңірде білім сапасы облыстық көрсеткіштен жоғары: Қамысты (56,2%), Б. Майлин ауданы, (58,4%), Арқалық (56,3%) және облыстық мамандандрылған ұйымдарда (Ы.Алтынсарин атындағы МГ – 87,7%, БИЛ – 82,2%, ОЗАТ – 74%).

Ең төмен нәтиже: БСМИ – 30,2%, Лисаков қаласында (46,1%), Денисов ауданында (47,2%), Рудный қаласында – (48,1%), Әулиекөл (49,6%), Ұзынкөл ауданында (49,8%) және қалған өңірлерде 50%-дан асады.

Қала және ауыл оқушылары арасындағы білім сапасының алшақтығы 5% байқалады, ауыл – 54% және қала мектептерінде – 49%, облыстық мамандандырылған мектептердің көрсеткіштерін есепке алмағанда.

10-11 сыныптарда білім сапасы өткен оқу жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 6.7%-ға біршама (2023 ж. - 59.7%) асады және 61.4% құрайды (2022 ж. ұқсас кезеңімен салыстырғанда  – 54,7%).

Ауыл мектептерінде оқушылардың білімі қала оқушыларының көрсеткіштерінен асады және 4%-ға (ауыл – 61%, қала – 57%) алшақтық бар

Келесі өңірлерде облыстық көрсеткіштен жоғары: Жангелдин – 62.6%, Жітіқара – 64.2%, Қарасу – 68.5%, Меңдіқара – 69.4%, Б.Майлин ауданы – 65.7%, Сарыкөл – 64.9% және 3 мамандандырылған облыстық білім беру ұйымдарында (БИЛ – 76.6%, Ы.Алтынсарин атындағы МГ – 97.7%, ОЗАТ – 73.6%), қалған өңірлерде көрсеткіш облыстық көрсеткіштен жоғары.

Облыс бойынша үлгерім – 100%.

Оқу жылының қорытындысы бойынша негізгі орта білім беру курсын үздік аттестатпен 482 (2023 ж. - 475), жалпы орта білім беру курсын үздік аттестатпен 269 (475), «Алтын белгі» белгісіне 137 оқушы (120) тәмамдады.

Дата публикации
12 ноября 2024