«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім Болат Хамзин атындағы өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды. Байқау шарттарымен танысу үшін сілтеме бойынша өтініз.

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 110000,  Қостанай қ, Гоголя көшесі, 75, анықтама телефоны: 8 (7142)390843, электрондық мекенжайы: dep@kostanay.gov.kz 11.11.2024 ж. "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды».

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімінің Болат Хамзин атындағы өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (А1-3 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 249661 теңгеден 302706 теңгеге дейін.

Конкурсты өткізу орны: Қостанай қаласы, Гоголя көшесі, 75.

Конкурсты өткізу күні: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімінің Болат Хамзин атындағы өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 110600, Қостанай облысы, Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Торғай ауылы, Қанапия Қайдосова, 6, телефон: 8(714) 392 10 98.

Кәсіпорынның қызметі негізгі және жалпы орта білім беру болып табылады.

Функционалдық міндеттері:

білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымын ұйымның Жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарға сәйкес басқарады;

 мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында әлеуметтік, қосымша білім беру қызметтерін көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды;

қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайды;

білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде білім алушылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;

білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасайды;

балалар мен ата-аналарды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

 педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;

 білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша жақын және алыс шет елдердегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады;

басқару құрылымын айқындайды, балаларға қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады;

педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңестің және қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі;

оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді;

есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;

барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;

      немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының екінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы", "басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары" біліктілік санатының болуы;

      осы тармақтың 2,3-азатжолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер, балаларға қосымша білім беру ұйымы жұмысының бейінін және оның ерекшеліктері;

педагогика мен психология;

педагогикалық этиканың нормалары;

экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитариялық ережелер мен нормалар.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеу сертификаты;

10) Блім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме.

12) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген).

13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік..

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.

4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

 Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Білім басқармасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі: қ.Қаласы, Гоголя 75 көш., 127 каб., анықтама үшін телефон: 8(7142) 390843, 8-705-668-71-77.

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

 

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен
педагогтерін лауазымға
тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

 

____________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік
орган

       __________________________________________________

       кандидаттың Т.Ә.А. (болған жағдайда), ЖСН

       __________________________________________________

       (лауазымы, жұмыс орны)

       _____________________________________________

       ___________________________________________________

      Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефондары.

Өтініш

     

Мені _________________________________ бос лауазымына/уақытша

       (білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)

       бос лауазымына (керегінің астын сызу керек) орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

       Қазіргі уақытта _________________________________ жұмыс жасаймын.

      (лауазымы, білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)

      Тестілеуді тапсыру тілі: қазақ/орыс

      керегінің астын сызу керек

      Конкурс қағидаларымен таныстым:

      Білімі: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, техникалық және кәсіптік білім

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандық

 

 

 

 

 

 

      Біліктілік санатының бар болуы (бар болса берілген (расталған) күні):

      ____________________________________________________________________

      Жұмыс өтілі:

Жалпы

Педагогикалық

Мемлекеттік қызмет өтілі

Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)

Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын: ____ _

      Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)__________________________________

      Мен дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен менің дербес деректерімді мерзімсіз өңдеуге (фото, бейне және бейне көрсетілімдерді, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) келісемін.

      Тестілеу өтетін ғимаратта тыйым салынған заттардың бірін пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы, тиісті акт жасалып, шығарылатыны туралы ескертілді.

      Тыйым салынған зат табылған жағдайда бір жыл мерзімге тестілеуден өту құқығынан айырылатыным туралы ескертілді.

      Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде, сондай-ақ бейне жазбаны қарау кезінде қағидаларды бұзу фактілері анықталған жағдайда, тапсыру мерзіміне қарамастан акт жасалатыны және нәтижелердің күші жойылатыны ескертілді.

      Тыйым салынған заттар:

      - ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон), Смартсағаттар);

      - ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер);

      - радио-электрондық байланыстың кез келген түрлері (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи); 5G (5 Джи);

      - сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары;

      - шпаргалкалар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер;

      - калькуляторлар мен түзету сұйықтығы.

       Келісемін ________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда)) (қолы)

       Тестілеуді және конкурс өткізу қағидаларымен таныстым.

       20___жылғы "____" ______________ ____________________

      /қолы /

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 12-қосымша

      Нысан

 

 

 Көрсетілген қызметті алушының қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі

      

      Мен, _____________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      1) дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруді;

      2) дербес деректерді өңдеу процесінде оларды трансшекаралық беруді;

      3) дербес деректерді жалпыға қолжетімді көздерде таратуды қамти отырып,

       "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізу үшін келісім беремін.

      Ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін талап етілетін өзге де мәліметтерді қамтитын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісемін.

      Осы Келісім мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғанға дейін барлық кезең ішінде қолданылады.

      __________             ___________________________________

             (қолы)             (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

 

Дата публикации
11 ноября 2024