Қостанай облысы бойынша 2024 жылғы 4 және 9 сынып оқушылары оқу жетістіктерінің нәтижелері

4 және 9-сынып оқушыларының оқу жетістіктерінің нәтижесі, 2024 ж.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 мамырда № 22711 болып тіркелді) негізінде жыл сайын білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (бұдан әрі – ББЖМ) жүргізіледі.

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) білім беру ұйымдарынан тәуелсіз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім алушылардың білім сапасын жүйелі бақылау болып табылады.

ББЖМ мақсаты - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау.

ББЖМ-ге 17 өңірден 4 және 9 сынып оқушылары және 2 облыстық білім беру ұйымдары 79 толық жинақты мектеп 4581 оқушы қатысты (Амангелді - 3, Арқалық қ. - 8, Әулиекөл – 5, Денисов - 4, Жангелдин – 2, Жітіқара – 3, Қамысты – 2, Қарасу -2, Қостанай қ. – 23, Қостанай ауданы – 6, Лисаков қ. – 4, Меңдіқара – 1, Б. Майлин ауданы – 3, Рудный қ. – 7, Сарыкөл -1, Ұзынкөл – 2, Федоров – 3, Озат - 1, Ы. Алтынсарин атындағы МГ). 

Тестілеуге барлығы 4 сыныптың 2278 оқушысы қатысты және ББЖМ қорытындысының форматы PISA халықаралық зерттеуінің ұқсастығы бойынша бағаланды.

«Талдаудың» деректері бойынша 4-сынып оқушылары облыс бойынша 504 жалпы орташа балл көрсетті, облыстық көрсеткішткен жоғары 8 өңір (Меңдіқара, Жангелдин, Амангелді, Жітіқара, Сарыкөл, Арқалық, Ұзынкөл, Лисаков) және 9 өңір (Денисов, Қарасу, Қостанай, Федоров, Рудный, Б. Майлин ауданы, Қостанай, Қамысты, Әулиекөл) облыстық көрсеткіштен төмен.

Пәндер бойынша орташа балл слайдта көрсетілген. Қазақ тілі бойынша жоғары балл - 549 балл және ең төмен 385 балл Әулиекөл ауданы көрсетті, «математика» пәні бойынша төмен балл және орташа балл 497 құрады. Меңдіқара ауданында жоғары және Әулиекөл ауданында төмен.

Алайда соңғы екі жылда Қостанай облысы ББЖМ-де жақсы нәтиже көрсетпей жатқанын және республика бойынша 8 орында екенін атап өту қажет (Алматы, ШҚО, СҚО, Павлодар, Қызылорда, БҚО, Астана және Қостанай облысы).

Сондай-ақ 9-сыныптың 2303 оқушыны тестілеу қорытындысы шықты, облыс бойынша жалпы орташа балл 461 құрады.

«Талдау» мәліметтері бойынша Жангелдин, Амангелді аудандары мен Арқалық қаласының оқушылары жоғары нәтиже көрсеткен, 14 аймақ 500-ден төмен балл көрсетті, бұған облыстық мамандандырылған ұйымдар да кірген (ОЗАТ және Ы. Алтынсарин атындағы МГ).

Орыс сыныптарында 9-сынып оқушыларының сауаттылық бойынша білім деңгейі басқа пәндерге қарағанда жоғары және 482 баллды құрады, бірақ бұл көрсеткіш республиканың орташа көрсеткішінен төмен.

Көріп тұрғанымыздай слайдта көрсетілген мәліметтер бойынша облыс бойынша орташа балл 500 баллдан төмен, бұл республика деңгейіндегі 9-сыныпқа қатысушылар соңғы орындарды иеленеді (2023 жылы 20 облыстың ішінен 19 орында болды).

2024 жылы Білім басқармасы западающий тақырыптар бойынша кешенді талдау жасады.

 

Дата публикации
08 ноября 2024