«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесін сайлау туралы хабарлайды.

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесін сайлау туралы хабарлайды.

 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесінің құрамына:

1) Білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері;

2) Мемлекеттік органдардың өкілдері;

3) Өкілді органдар;

4) Жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер, меценаттар;

5) Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері.

Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттарды ата-аналар қоғамының жалпы жиналысында іріктеуден өткен ТжКБ ұйымдары ұсынады.

Ата-аналар жұртшылығынан кандидаттардың тізімі (әрбір курстан осы ТжКБ ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) қоса беріліп отырған құжаттармен бірге тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жіберіледі.

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ болып табылады және әрбір техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына кемінде тоғыз адамды құрайды. Қамқоршылық кеңестің құрамына бір-бірімен және осы білім беру ұйымының басшысымен жақын туыстық және тығыз қарым-қатынаста емес кандидаттар кіреді. Қамқоршылық кеңестің мүшелері осы білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.

Үміткерлер комиссияға келесі құжаттарды ұсынады:

1) өтініш (еркін нысанда);

2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

Қамқоршылық кеңес мүшелігіне кандидаттар ұсынылады.

Кандидаттар кәсіптік (немесе) қоғамдық қызмет туралы қосымша мәліметтерді ұсынады.

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2024 жылғы 27 қыркүйегінен 04 қазанына дейін.

Құжаттарды dep@kostanay.gov.kz электрондық мекенжайына немесе қағаз нұсқада «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ, Қостанай қ., Гоголь к-сі, 75, индекс: 110000 жолдау қажет.

 

 

№ 1 Қосымша

 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізімі

 

  1. «Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК
  2. «Кәмшат Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледж» КМҚК
  3. «Денисов кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК
  4. «Қазақстан агротехникалық колледжі» КМҚК
  5. «Рудный музыкалық колледжі» КМҚК
  6. «Лисаков техникалық колледжі» КМҚК
Дата публикации
27 сентября 2024