Әдіскер байқауы 02 қыркүйек 2024 жыл Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 110000, Қостанай қ. Гоголь көшесі, 75, анықтама үшін телефондар: 8 (7142) 390663, электрондық мекенжайы: metodtipo@edu-kost.kz "В1-5" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды».

Әдіскер байқауы   02 қыркүйек    2024 жыл

 

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  110000,  Қостанай қ.  Гоголь көшесі,  75, анықтама үшін телефондар: 8 (7142) 390663,   электрондық мекенжайы:  metodtipo@edu-kost.kz "В1-5" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды».

 

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Әдістемелік орталығы КММ әдіскері    лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 166635 теңгеден 200896 тенгеге дейін (декреттік демалыс кезеңіне 1 әдіскер, бос лауазымға 1 әдіскер).

 

          Байқау шарттарымен танысу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз

 

Конкурсты өткізу орны: Қостанай қаласы, Гоголь  көшесі, 75 ғимарат.

 

Байқауды өткізу күні: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының  мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидасының бекітілген мерзіміне сәйкес.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ    Қостанай облысының мектепке дейінгі, орта, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша функцияларын жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні – оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру, оқу-тәрбие процесін әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеу, инновациялық, эксперименттік бағдарламаларды енгізу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

 Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты облыстық білім беру жүйесінің инновациялық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін тиімді механизмдер мен жағдайлар жасау болып табылады.         

 

 

 

 Лауазымдық міндеттері:

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім берудің барлық деңгейлерінде әдістемелік семинарлар, ғылыми-әдістемелік конференциялар, педагогикалық оқулар, облыстық деңгейдегі  кәсіби шеберлік байқаулары мен  өзге де  әдістемелік қамтамасыз ету нысандарын ұйымдастырады және өткізеді.

Жоғары және жоғары оқу  орнынан кейінгі  білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім берудің барлық деңгейлеріндегі білім беру ұйымдарының педагогтарына оқу-тәрбие жұмысын әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері бойынша, нысаналы мектептердің мұғалімдеріне, мектепішілк  бақылауды ұйымдастыру және жүргізу, функционалдық сауаттылықты жетілдіру, оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау мәселелері бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетеді.

Педагогикалық ұжымның барлық санаттарының кәсіби құзыреттілігін дамытуға жағдай жасайды, инновациялық тәжірибені жалпылайды және таратады.

 

Білуі керек:

 Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және білім беру ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерін;

 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін анықтау, жалпылау және тарату әдістемесін;

 педагогикалық әдеп нормаларын;

 педагогика және жас ерекшелігі психологиясының негіздерін;

 дидактика принциптерін, жалпы және арнайы оқыту әдістерін;

          әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін;

 қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін, өрттен қорғау, санитарлық ережелері мен нормаларды.

 

Біліктілік талаптары:

 облыс, республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде:

        жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi педагогикалық бiлiмi немесе тиiстi бейiн бойынша өзге де кәсiптiк бiлiмi немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін, педагогикалық өтiлi кемiнде 5 жыл өтілін  айғақтайтын құжат болуы керек;

          аудан/қалалық деңгейде:

           жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi педагогикалық бiлiмi немесе тиiстi бейiн бойынша өзге де кәсiптiк бiлiмi немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенiн, кемiнде 3 жыл педагогикалық өтілін айғақтайтын  құжат болуы керек.

 

Байқау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.

 

 

Байқауға қатысуға қажетті құжаттар:

 

 1) осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, байқауға  қатысу туралы өтініш;

 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының                             2020 жылғы 30 қазандағы №  ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау  нәтижелері  туралы  сертификаты   немесе    педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының  немесе    педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейне  презентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар  білім  басқармасының   ресми   сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

 

Құжаттар қабылданады:

Қағаз форматында Қостанай қ., Гоголь  көш., 75, 212 кабинет, анықтамалар үшін  телефон: 8 (7142) 390663.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының

 бірінші басшылары мен педагогтерін

лауазымдарға тағайындау,

лауазымдардан босату қағидаларына

15 қосымша

 

 

 

Нысан

___________________________________________________________________________________________

 

Байқау жариялаған мемлекеттік орган

 

      ______________________________________________________________________________________

                                                        (үміткердің Т.А.Ә. (бар болса)), ЖСН

      ______________________________________________________________________________________

                                                                 (лауазымы, жұмыс орны)

        _______________________________________________________________________________________

                                 Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны

 

Өтініш

      Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын

      (қажетінің астын сызыңыз)

      ________________________________________________________________________________________

   

       білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)

      Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

      _______________________________________________________________

      білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)

      Өзім туралы келесіні хабарлаймын:

     

         Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін ___________________________________________________________________________________________

 

Оқу оқыған кезеңі

___________________________________________________________________________________________

 

Диплом бойынша мамандығы

___________________________________________________________________________________________

 

Біліктілік санатының болуы берілген күні (дәлелдеуі) _____________________________________________

 

Педагогикалық еңбек өтілі ____________________________________________________________________

 

Жұмысымның келесідей нәтижелері бар: ________________________________________________________

 

Наградалары, атағы, дәрежесі,  ғылыми  дәрежесі,   оқу орны , сонымен қатар қосымша ақпараттар (бар болған жағдайда). __________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының

 бірінші басшылары мен педагогтерін

лауазымдарға тағайындау,

лауазымдардан босату қағидаларына

16 қосымша

 

 

 

 

 

Ваканттық немесе  уақытша бос  лауазымына үміткер педагогті бағалау парағы

      ___________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

№

Өлшемшарттар

Растайтын құжат

Балл сандары
(1-ден 20-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

Техникалық және кәсіби = 1 балл
Жоғары күндізгі = 2 балл
Жоғары күндізгі үздік= 3 балл
Магистр = 5 балл

2.

Ғылыми/академиялық дәрежесі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

PHD-доктор = 10 балл
Ғылыми доктор = 10 балл
Ғылыми кандидат = 10 балл

3.

Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау

Сертификат

"Педагог" біліктілік санаты - 5 балл

4.

Біліктілік санаты

Жеке куәлік, басқа құжат

Екінші санат = 1 балл
Бірінші санат = 2 балл
Жоғары санат = 3 балл
Педагог-модератор = 3 балл
Педагог-сарапшы = 5 балл
Педагог-зерттеуші = 7 балл
Педагог-шебер = 10 балл

5.

Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі

Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат

Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл
Әдіскер  (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл
директор орынбасары  (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 3 балл

Директор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл)

6.

Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін

Білімі туралы дипломның қосымшасы

Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері
"өте жақсы" = 1 балл
"жақсы" = 0,5 балл

7.

Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат

Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды)

Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл
Теріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл

8.

Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері

- дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары;
- дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздарының грамоталары;
- мемлекеттік награда

олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл
ғылыми жобалардың = 1 балл
олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары - 3 балл
"Үздік педагог" конкурсына қатысушы = 1 балл
"Үздік педагог" конкурсының жеңімпазы = 5 балл
"Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы" медаль иегері = 10 балл

9.

Әдістемелік қызметі

-авторлық шығармалары, басылымдары

ҚР ОАМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл
РОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 балл
БССҚЕК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы - 3 балл

10.

Қоғамдық-педагогикалық қызметі

Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат

тәлімгер = 0,5 балл
ӘБ басшылығы = 2 балл
Екі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 балл
шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл,
үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл

11.

Курсқа дайындық

- пәндік дайындық сертификаттары;
- цифрлық сауаттылық,
КАЗТЕСТ,
IELTS;
TOEFL;
DELF сертификаттары;
Goethe Zertifikat, "Python тілінде бағдарламалау негіздері" бағдарламалары бойынша оқыту, "Microsoft"
Курсера жұмыстарына оқыту
Халықаралық курстар:
TEFL Cambridge
"CELTA
(Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)"
CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary)
DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages)
CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)
""TKT
Teaching Knowledge Test"
Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)
Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL)
"TESOL"
Certificate in teaching English for young learners
International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC)
IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers
Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development
Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching
Online Teaching for Educators: Development and Delivery
Educational Management
Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers
Курсы на платформе Coursera, Futute learn
Teaching Mathematics with Technology
Special Educational Needs
"Developing expertise in teaching chemistry "

ПШО, НЗМ, "Өрлеу" курстары
= 0,5 балл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына сәйкес тізбеге енгізілген біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30068 болып тіркелген)
= 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке)

12.

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, "Дипломмен ауылға!", "Серпін" мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог

Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты

3 балл қосылады

Барлығы:

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 сентября 2024