Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық жасөспірімдер үйі» КММ – тәрбиеші (1 бос орын) бос лауазымына конкурс жариялайды, жұмыс – тұрақты, хабарландыру - 23.08.2024 ж берілді.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық жасөспірімдер үйі» КММ – тәрбиеші (1 бос орын) бос лауазымына конкурс жариялайды, жұмыс – тұрақты, хабарландыру  - 23.08.2024 ж берілді.

 

 Мекен-жайымыз: Қостанай қ, Баймағамбетов көшесі 1, 110011, қабылдау бөлімі - 222939, электронды адрес - ODU_kostanay@mail.kz.

Лауазымдық міндеттері:  

 

әр баланың жеке басын дамыту мақсатында балалардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін зерттейді;

            әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімдеу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін күнделікті жұмысты жүргізеді;

            тәрбиеленушілердің күн тәртібін орындауын, олардың үй тапсырмаларын дайындауын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады;

            оларға оқуда, бос уақытты ұйымдастыруда және қосымша білім алуда көмек көрсетеді;

            сабақтан тыс уақытта тәрбиеленушілермен тәрбие жұмысын жүргізеді;

            тәрбиеленушілердің жасын ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

            медициналық қызметкерлермен бірлесіп тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық дамуына ықпал ететін іс-шараларды өткізеді, балалардың ұйымда болған уақытында олардың өмірі мен денсаулығы үшін дербес жауапты болады;

            топқа бекітілген мүліктің, әдістемелік әдебиеттің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, оқу жабдығының, ойыншықтардың есебін жүргізеді, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалайды және айқындайды, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну үшін қажетті жағдайлар жасайды, балалардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізеді;

            белгіленген есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды және тапсыруды қамтамасыз етеді;

            тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;

            аға тәрбиешінің міндеттерін орындау кезінде тәрбиешілердің жұмысына басшылық жасайды;

            тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетеді, инновациялық педагогикалық тәжірибені жалпылауға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға, олардың бастамаларын дамытуға ықпал етеді.

 

Еңбекке ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына, Шартқа және Жұмыскердің актілеріне сәйкес белгіленеді.

Қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лауазымдар тізіміне және жұмыс өтіліне сәйкес,  2 жылдан 4 жылға дейінгі В3-4 мөлшерінде ай сайынғы жалақы белгіленеді – 128 834 (жүз жиырма сегіз мың сегіз жүз отыз төрт) теңге, В3-2 – 142 638 (жүз қырық екі мың алты жүз отыз сегіз) теңге, кемінде 5 жыл – В2-1 – 151 840 (жүз елу бір мың сегіз жүз қырық) теңге мөлшерінде ай сайынғы жалақы белгіленеді.

                                              

Біліктілікке қойылатын талаптар:

 

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе өтілі талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;

            және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – кемінде 5 жыл.

 

  1. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог-модератор":

      "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:

      жеке тұлғаға бағытталған тәрбие мен оқыту технологияларын қолдануға;

      әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибе мектептерінің жұмысына қатысуға;

      өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалануға тиіс;

      2) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:

      тәрбиеленушілердің жасын және оларға сараланған көзқарасты ескере отырып, оларды тәрбиелеу әдістемесін дербес әзірлеуге;

      тәрбие жұмысын талдау әдістерін; диагностикалық жұмыстың ұйымдастыру нысандарын пайдалануға;

      шығармашылық семинарларға жетекшілік етуге тиіс;

      3) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:

      ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдануға;

      жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие әдістемелерін әзірлеуге;

      оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізуге;

     әдістемелік ұсынымдарды немесе ғылыми жарияланымдарды кейіннен басып шығара отырып, озық педагогикалық тәжірибені жинақтауға;

      тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуге тиіс;

      4) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:

      ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдануға;

      жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие әдістемелерін әзірлеуге;

      оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізуге, кейіннен әдістемелік ұсынымдар немесе ғылыми жарияланымдар шығара отырып, озық педагогикалық тәжірибені жинақтауға;

      тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуге;

      облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдар болуға тиіс.

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе өтілі талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;

      және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – кемінде 5 жыл.

 

            Құжаттар тізімдемесі.

            Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

            1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

            2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

            3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

            4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

            5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

            6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

            7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

            8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

            9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

            10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

  1. Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
  2. Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

 

Хабарландыру берілген күннен бастап 7 күн ішінде құжаттар «Облыстық жасөспірімдер үйі» КММ қабылдау бөлімінде қабылданады.

 

Дата публикации
23 августа 2024