2024-2025 оқу жылына ТжКОББ ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының № 2 хаттамасы
Өткізу орны : Өткізу күні мен уақыты:
Білім басқармасы 14 маусым 2024 жыл сағ.17.00
Конференц зал
2 қабат
Төраға: Р.З. Мұхаметқали облыс әкімінің орынбасары
Қатысқандар: Комиссия мүшелері
Қатыспағандар: А.А. Сұрағанова (іссапар), М.А. Мадинина (демалыс)
КҮН ТӘРТІБІ
1.2024-2025 оқу жылына ТжКОББ ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы __________________________________________________________
(А.Е. Ибраева)
ШЕШТІ:
1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы А.Е.Ибраеваның ақпараты назарға алынсын;
2. 2024-2025 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 33 ТжКОББ ұйымдарында 6 577 орын көлемінде орналастырылсын (1-қосымша);
Дауыс берді: «ИӘ» - _____
«ҚАРСЫ» - _____
«ҚАЛЫС» - _____
2. Әр түрлі
__________________________________________________________
2.1 Білім басқармасы:
2.1.1 2025 жылғы қаңтарға дейін мемлекеттік тапсырысты бөлу критерийін әзірлесін, оның ішінде материалдық-техникалық базасы мықты, нысаналы тапсырыспен кең қамтылған, сондай-ақ мамандық бойынша жұмысқа орналасудың жоғары көрсеткіші бар колледждер басым болуы тиіс екенін көрсетсін;
2.1.2 мемлекеттік тапсырысты жоспарлауда техникалық, ауылшаруашылық және медициналық мамандықтарға басымдық берілсін;
2.1.3 2024 жылғы қазан айына дейін гуманитарлық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүргізетін колледж директорларымен кеңес ұйымдастырсын;
2.1.4 2024-2025 оқу жылына колледж директорларының KPI қызметіндегі «Тағылымдама» бағыты бойынша оқытушыларға «Болашақ» стипендиясын беру көрсеткішін енгізсін;
2.1.5 Рудный музыкалық колледжін облыс орталығына ауыстыру мүмкіндігін қарастырсын;
2.1.6 шығармашылық бағытта «мектеп-колледж» үздіксіз білім беруді енгізу жөніндегі тұжырымдаманы пысықтасын;
2.1.7 колледждердің Қамқоршылық кеңестерінің қызметін кеңестерде талдау қорытындыларын талқылай отырып, тоқсан сайын талдау жүргізсін;
2.1.8 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін облысымыздың дарынды жастары үшін мемлекеттік тапсырысты басым бөлу бойынша қабылдау қағидаларына ұсыныстар енгізсін (олимпиадалар, конкурстар, спорттық жарыстардың жүлдегерлері);
2.1.9 колледж директорларының бір білім беру ұйымында белгіленген мерзімнен артық қызмет жасау жағдайларын болдырмау мақсатында бірінші басшыларды ротациялау процедурасын бақылауға алсын;
2.1.10 2024 жылғы 1 тамызға дейін техникалық және кәсіптік білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін басшының орынбасары бірлігін енгізсін;
2.1.11 2024 жылғы қараша айына дейін колледж директорларымен жаңа мамандықтардың ашылуын талқылау және 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік тапсырысты алдын ала жоспарлау бойынша кеңес өткізсін.
2.2 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары:
2.2.1 мемлекеттік тапсырыстың жыл сайынғы орындалуын бақылауға алсын;
2.2.2 қабылдау комиссияларының қызметі кезінде кәсіптік бағдар беру жұмысын күшейтсін, талапкерлермен үгіт-насихат жасауға әлеуметтік әріптестер тартылсын;
2.2.3 2024 жылғы қыркүйектен бастап оқытушыларды «Тағылымдама» бағыты бойынша «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін жіберілсін;
2.2.4 әлеуметтік әріптестермен бірлесіп кәсіпорындарды нысаналы тапсырыспен, әсіресе «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» мамандығы бойынша (Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі) қамтуды ұлғайтсын;
2.2.5 түлектердің алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасу деңгейін бақылауға алсын;
2.2.6 Қамқоршылық кеңес мүшелерін колледж жұмысының қызметіне тарту бойынша жұмысты жалғастырсын (мемлекеттік тапсырысты жоспарлау, жұмысқа орналастыру, шефтік көмек көрсету және т. б.);
2.2.7 2024 жылдың соңына дейін өңірдің қажеттілігі мен жаңа инвестициялық жобаларын ескере отырып, жаңа мамандықтар бойынша лицензияларға қосымшалар алу жөнінде шаралар қабылдасын.
2.3 Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі және Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің директорлары 1 ай ішінде ақылы қызметтерді іске асыру жоспарланатын экономикалық қызмет түрлерін бекіту үшін монополияға қарсы органмен (әрбір ЭҚЖЖ бойынша бөлінісінде) келісу бойынша жұмыс жүргізсін.
2.4 Рудный музыкалық, Қостанай жоғары педагогикалық және Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледждерінің директорлары 2024 жылдың соңына дейін жаңа мамандықтар бойынша, сондай-ақ «Өнер» бағыты бойынша лицензияға қосымша алсын (Рудный музыкалық колледжі «Дыбыс операторы» мамандығы бойынша, Қостанай жоғары педагогикалық колледжі және Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі – «Мәдени бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушы, оқытушы»).
Хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ТжКБ бөліміне жүктелсін. Есеп тоқсан сайын ұсынылсын.
Комиссия төрағасы
Р. Мұхаметқали
Комиссия төрағасының
орынбасары
А. Ибраева
Комиссия мүшелері
Г. Әбенова
Г. Есеева
Р. Бровченко
Комиссия хатшысы
Ж. Жумина