Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ЖОО арасында конкурс жариялау

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ЖОО арасында конкурс жариялау

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы

№ 122 бұйрығының 34-тарауының 3-тармағына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары білім беру ұйымдары арасында 2024 жылғы 19-25 маусым аралығында конкурс жарияланады.

Жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін ЖОО-ры келесі құжаттарды қамтитын конкурстық өтінім береді:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29

қаңтардағы № 122 бұйрығына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім.

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29

қаңтардағы № 122 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖОО сауалнамасы.

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29

қаңтардағы № 122 бұйрығына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар.

Конкурстық өтінімге ұсынылатын құжаттар нөмірленіп, ЖОО-ның бірінші басшысының қолы қойылып, мөрмен куәландырылуы тиіс және электрондық форматта dep@kostanay.gov.kz электрондық мекенжайына 2024 жылғы 19 маусымдан бастап (сағат 09-00-ден) 2024 жылғы 25 маусымға дейін (сағат 18-30-ға дейн) ұсынылады. Өтінімнің қабылданғанын 8 (714 2) 39-08-16 телефондары арқылы растау қажет.

Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаты мен күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Кешігу себептеріне қарамастан, конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурстық өтінім қаралмайды. Конкурстық өтінімдердің ұсыну мерзімі өткеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Дата публикации
19 июня 2024