«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 «Қостанай облысы әкімдігінің

білім басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
  2. 2024 жылғы 31 мамырдан 2024 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілсін:
  • қызметті қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау: персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау; мүдделер қақтығысын реттеу; мемлекеттік қызметтер көрсету; бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу; ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер.
  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтылатын келесі кезең болып белгіленсін: 2023 жылдың екінші жартыжылдығы – 2024 жылдың бірінші жартыжылдығы.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша: анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты: оларды жою жөніндегі ұсынымдарды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үлгілік қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесін қамтитын талдамалық анықтама ұсынылсын.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелеріне басшылық ету, үйлестіру мен жауапкершілік басшының орынбасары Аблай Наурызбайұлы Умаровқа жүктелсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

«Қостанай облысы әкімдігінің

білім басқармасы» ММ

басшысы                                                                                          А. Ибраева

 

                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«___» ______ 2024 жыл

№ ___

бұйрыққа 1 қосымша

 

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша

жұмыс тобының құрамы

 

Жұмыс тобының мүшелері:

Акпасова Аймара Айтқазықызы – бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;

Жолтаев Арман Болатұлы – балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы;

Жумина Жанагүл Серікпайқызы -  техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы;

Исмурзина Қарлыга Амангелдіқызы - мектепке дейінгі және жалпы орта білім беруді дамыту бөлімінің басшысы;

Қаратаева Қаламқас Сабыржанқызы – тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы;

Қасқабаева Әсем Өмірзаққызы - құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;

Мурсалина Наталия Юрьевна - ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің басшысы;

Ниязбаева Салтанат Қалқаманқызы - кадр жұмысы бөлімінің басшысы;

Петрович Валентина Степановна – қаржыландыру және қаржылық есептілік бөлімінің басшысы;

Сас Юлия Юрьевна - құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы;

Уакбаев Жанат Жанайдарұлы - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ақпараттандыру және білім беру сапасын бағалаудың  әдістемелік орталығы» КММ директорының орынбасары (келісім бойынша).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 мая 2024