«Қостанай облысы әкімдігінің
білім басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2024 жылғы 17 мамырдағы 383 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамына Білім басқармасы жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Татьяна Николаевна Искандирова енгізілсін.
- «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2024 жылғы 17 мамырдағы 383 бұйрыққа 1-қосымша мынадай жолмен толықтырылып, өзгертілсін: «Татьяна Николаевна Искандирова – Білім басқармасы жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы.».
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басшы А. Ибраева