Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Облыс әкімі Қ. Ақсақалов