Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ қызметінің есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес білім басқармасы 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді (Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын алмастыруға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау, Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа құжаттарды қабылдау, Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру), 3 мемлекеттік қызметтер баламалы негізде көрсетіледі. 2 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын алмастыруға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау) қағаз нысанда және 1 қызмет (Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру) электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетіледі. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтер тегін негізде ұсынылады.
2023 жылдың өткен кезеңінде Білім басқармасымен 983 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Білім басқармасының сайтында және стендтерінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен тәсілі туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін (http://edu.kostanay.gov.kz/) стандарттар мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылған.
Сондай-ақ, Білім басқармасының ғимаратында және ведомстволық бағынысты ұйымдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары орналастырылған стендтер бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты түсіндіру және жеткізу мақсатында Білім басқармасының мамандары мерзімді сақтау қажеттілігі туралы хаттарды тұрақты негізде жолдайды. Сондай-ақ құқықтық жалпыға бірдей оқыту шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы семинарлар өткізіледі.
Мемлекеттік қызметтер қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкестікте көрсетіледі, 2023 жылдың өткен кезеңінде көрсетілетін қызметті алушылардан Білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың атына шағымдар түскен жоқ.
Бүгінгі таңда Басқармада мемлекеттік қызметтерді жақсарту және уақтылы көрсету бойынша жан-жақты жұмыстар жасалып, жалпы білім беру жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл мемлекеттік қызметтерді сапалы және қолжетімді көрсетудің ажырамас бөлігі болып табылады.