1-қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін.
Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша
ЖОЛ КАРТАСЫ
(2024 жылғы І тоқсан)
|
№ |
Іс-шаралар атауы |
Жылдар бойынша орындалу мерзімі |
Орындалуы туралы ақпарат |
|
2024 жыл |
|||
|
III. ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ |
|||
|
3.1. Қолжетімді және сапалы білім |
|||
|
60. |
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдау |
90,5% |
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үшін контингенті 29 мыңнан (29 045) асатын 513 мектепке дейінгі ұйым (23 296 баланы қамтитын 180 балабақша және 5 749 баланы қамтитын 333 шағын орталық) жұмыс істейді. Бүгінде кезекте 10 159 бала тұр: 1-6 жасқа дейінгі – 7 740, 2-6 жасқа дейінгі – 5 486, 3-6 жасқа дейінгі – 1 505. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі тәрбиемен және тәрбиемен қамтылған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың үлесі 90,5%, 3 пен 6 жас аралығындағы балалар – 99,9% құрайды. Мемлекеттік білім беру тапсырысы 16 919 орындық 115 мемлекеттік балабақшаға және 7916 орындық 61 жекеменшік балабақшаға орналастырылды. 3 жекеменшік балабақша коммерциялық негізде жұмыс істейді. 2024 жылы облыстың 4 өңірінде жаңа 864 орын пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Әулиекөл ауданында «Халық» қорының қаражаты есебінен 280 орындық, сондай-ақ Арқалық қаласында балалар үйін 148 орындық балабақша етіп қайта құру аяқталды. Рудный қаласында МЖӘ есебінен 280 орындық 1 балабақша пайдалануға берілді. Қонай (Қостанай қ.) ш/ауданында мектепті пайдалануға беру кезінде толық күн болатын 100 орынға арналған шағын орталықты ашу жоспарланған. Жұмыс істеп тұрған балабақшалардағы орындарды көбейту арқылы 56 орын (Қостанай қ.) пайдалануға беріледі. |
|
61. |
«Балаға берілетін ақша» қағидатын іске асыруға мүмкіндік беретін мектепке дейінгі ұйымдарға жолдамаларды есепке алудың, кезектіліктің және берудің бірыңғай базасын қамтитын ақпараттық жүйені құру |
Іске асыруды аяқтау және өнеркәсіптік пайдалануға беру актісі |
Мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарды бөлу ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай кезекке қоюды есепке алу базасын әзірленген. Қарағанды облысының Шахтинск, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында, атырау қаласында, Шымкентте және Павлодар облысының 8 ауданында жоба пилоттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Жаңа модель отбасының сұрауына қарай төрт балабақшаға дейін таңдауға мүмкіндік береді. Пилоттық жоба аяқталғаннан кейін Бірыңғай кезекке қоюды есепке алу базасы бүкіл ел бойынша іске қосылады. |
|
62. |
Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды білім беру ұйымдарында тегін тамақпен барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету |
100% мектеп жасына дейінгі ұйымдарға баратын ХӘОТ балалар 66% |
2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектепке дейінгі жастағы балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету мақсатында 4165 бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді (Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі No 371 қаулысы). Мектепке дейінгі ұйымдарда әлеуметтік осал отбасылардан шыққан тәрбиеленушілерді тегін тамақпен қамтамасыз ету жалғастырылады. Облыста 111 818 оқушыны қамтитын 445 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 1-4 сыныптарда – 46121 оқушы. Оқу жылдың басынан бастап бастауыш сыныптардың барлық оқушысы 100%, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 5-11 сыныптың 7 697 бала тегін тамақтанады. |
|
63. |
Шамадан тыс жүктемелі сыныптар, апатты мектептер және үш ауысымды оқыту мәселесін түпкілікті шешу үшін қолайлы оқу жағдайлары бар 1,5 млн оқушы орнын енгізу |
482 600 жаңа оқушы орны (екі ауысымда оқыту кезінде) |
Қостанай облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 6 300 орындық 8 мектеп салу жоспарлануда (шамамен сомасы 37,2 млрд.тг.). 2023 жылы 2024 жылы пайдалануға берілетін 4500 орындық 6 мектепті жобалау мен салуға кешенді шарттар жасалды. Барлық объектіде жұмыстар басталды. 2024 жылға 2025 жылы пайдалануға берілетін 1800 орындық 2 мектептің құрылысын бастау жоспарланған (Қостанай қ. Қонай ш/а. 600 орын, Тобыл қаласында 1200 орын). Мектептердің құрылысы бойынша үлгілік жобалар сараптама жүргізу үшін порталға жүктелді. Қорытынды алу мерзімі: 900 орындық мектеп 2024 ж. наурыздың соңына дейін, 300 және 1200 орындық мектеп 2024 ж. сәуір айында. Үлгілік жобалар бойынша сараптама қорытындыларын алғаннан кейін байластыру жобалары мемлекеттік сараптама жүргізуге жіберіледі. Құрылысы 2024 жылға жоспарланған 2 мектеп бойынша жер учаскелерін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ берді. 6 мектепке қажетті инфрақұрылымды жеткізу бойынша 2 объект бойынша сараптама қорытындысы берілді, 4 объект бойынша қорытынды осы жылдың наурыз-сәуір айларында беріледі деп жоспарланып отыр. |
|
64. |
Шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда жыл сайын кемінде бір мың мектепті заманауи стандарттар бойынша жаңғырту |
1 000 |
2024 жылы жалпы 3,2 млрд.тенгеге облыстың 81 мектебі жаңғыртуға жатады. Жаңғырту аясында 6 күрделі жөндеу, 47 ағымдағы жөндеу, облыстың 12 мектебіне 12 пән кабинеті (химия-5, физика-4, биология-2, STEM-1) сатып алынды (2 кабинет орналастырылды, 10 бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде). Сондай-ақ 10 мектепте оқушы жиһазын жаңарту, 28 мектеп асханасы мен 20 кітапхананы жаңғырту, 22 мектепте қауіпсіздікті нығайту жоспарланған. |
|
65. |
Робот техникасы, химия, биология, физика, SТЕМ пәндерінен кемінде 7 000 заманауи мектеп кабинеттерін ашу |
1 000 |
Осы жылы 205,2 млн.теңгеге 16 пән кабинетін (химия-6, физика-5, биология-5) және 1 STEM зертханасын сатып алу жоспарлануда. Бүгінгі күні 2 кабинет жеткізілді, 15 кабинет бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. |
|
66. |
Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу, қажетті оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру |
1-4 сыныптарды электронды оқулықтармен қамтамасыз ету – 90% |
2023-2024 оқу жылына жалпы сомасы 63,5 млн.теңгеге 3 платформа сатып алынды. TopIQ.KZ электронды платформасы (97 электронды басылым, өткен жылмен салыстырғанда электронды оқулықтар 23 данаға артық). Бұл платформаны облыстағы 67 мектеп пайдаланатын болады. Ал Ekitap.kz платформасы (25 атау). Бұл платформаға 174 мектептің рұқсаты бар. Бір мектеп үшін қызметтер пакетіне (146 электронды оқулық) жазылу Oqulyqtar.kz веб-платформасында жүзеге асырылады, 20 мектеп қосылды, «Атамұра» корпорациясы» ЖШС, электронды оқулықтар (пәндер бойынша 4000 флешка), «Алматыкітап» баспасы және 1070 дана электронды әдістеме қосылған. Облыс бойынша электронды оқулықтармен қамтамасыз ету пайызы 80% құрайды. 2024-2025 жылға 70 миллион теңге көзделген, маусым айында электронды платформаларға тапсырыс беріледі. |
|
67. |
Оқу материалдарына лезде қол жеткізуді, мектеп ғимаратына кіруді қамтамасыз ететін және тамақтану үшін төлем құралы болып табылатын оқушыларға арналған сәйкестендіру карточкалары жүйесін іске қосу |
техникалық мүмкіндігі (интернет, ҚБЖБ) жоқ ауылдық жерді қоспағанда, білім алушылардың 75% қамту |
Облыстың барлық қалалық мектептерінде (88 мектеп немесе 19%) турникеттер орнатылған. Бүгінгі күні Қостанай қаласының 1 мектебінде мектеп асханасы мен кітапханаға бағдарламалық қамсыздандыру кіріктірілген турникеттер орнатылды. 21 мектепте мемлекеттік сатып алу порталында конкурстық рәсімдер жүріп жатыр. |
|
69. |
Білім беру ұйымдарын (мектептер, колледждер, мектепке дейінгі ұйымдар) қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиісті жабдықтармен жабдықтау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал нысандары мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал нысандарды терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулыққа сәйкес қамту (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығы) |
100% |
Биыл қауіпсіздікті нығайтуға 1,0 млрд.-тан аса тенге, оның ішінде бейнебақылау жүйесін жаңартуға және дыбыстық хабар тарату, сөйлеу құрылғысын орнатуға - 178,4 млн.теңге, лицензияланған күзетті енгізуге - 870,0 млн.тенге бөлінді. Бүгінгі таңда облыстың білім беру ұйымдары 100% бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Террористтік тұрғыдан осал 252, немесе 100% объектіде дабыл батырмалары орнатылған (75 балабақшада, 152 мектепте, 25 колледжде). Террористтік тұрғыдан осал 250, немесе 99%-ы жедел орталық басқару орталықтары мен полицияның кезекші бөлімшелеріне қосылған (ТТО 250 объектіден 250, оның ішінде 75 балабақша, 152 мектептің 150, 25 колледж). Объективті техникалық себептер бойынша бейнебақылау жүйелері Жедел басқару орталығына қосыла алмайтын білім беру нысандары бар (Әулиекөл ауданының 2 мектебі, Аманқарағай ауылы). Жұмыстар жүргізілуде. ТТО 159 объектіде немесе 100% лицензияланған күзет енгізілген (оның ішінде 49 балабақшада, 93 мектепте, 17 колледжде). Осы жылдың ақпан айында № 117 бұйрығына өзгерістер енгізілді, онда білім беру объектілеріне қойылатын талаптар қатаңдатылды. Сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулыға өзгерістер енгізу жоспарланған (Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы). Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, балабақшаларды, мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарын қосымша жабдықтау қажет. Сонымен 275 объектіні ЖБО мен кезекші бөлімшелеріне бейнебақылау жүйесін қосу қажет (39 балабақша, 205 мектеп, 3 арнайы ұйым, 28 қосымша білім беру ұйымы). 248 объектіде дабыл батырмаларын орнату қажет (34 балабақша, 195 мектеп, 19 қосымша білім беру ұйымы), 173 объектіде (24 балабақша, 123 мектеп, 4 арнайы ұйым, 22 қосымша білім беру ұйымы) дыбыстық хабар тарату, сөйлеу құрылғысын орнату қажет. 112 объектіде (33 балабақша, 35 мектеп, 6 арнайы ұйым, 38 қосымша білім беру ұйымы) лицензияланған күзет енгізу қажет. 49 объектіде (10 мектеп, 6 арнайы ұйым, 33 қосымша білім беру ұйымы) турникет, 55 балабақшада домофон жүйесін орнату қажет. |
|
70. |
Балаларға арналған 50 сауықтыру лагерін құру, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі нысан салу (оқушылар сарайлары, жас техниктер станциялары, балалар технопарктері, музыка және көркемсурет мектептері және т.б.) |
6 балалар сауықтыру лагері, 14 қосымша білім беру объектілері |
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының «Балаларға арналған 50 сауықтыру лагерін ашу, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объектілер салу» 85-тармағын орындау бойынша Республикалық жол картасында жоспарланған объектілер тізбесіне 4 объект енді: 1. Қостанай қаласындағы Смарт орталық (2023); 2. Әулиекөл ауданында қала сыртындағы лагерь (2024); 3. Жангелдин ауданында шығармашылық үйі (2025); 4. Қостанай ауданында Балалар өнер мектебі (2027). 2023 жылдың қараша айында Қостанай қаласында 653 орындық «IQOSTANAY» оқушылар сарайы пайдалануға берілді, онда 1306 оқушы екі ауысымда ғылыми және техникалық салаларда өз қабілеттерін аша алады. Бұдан бөлек Әулиекөл ауданында «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры есебінен 268,0 млн.теңге сомасына 150 орындық спорттық-сауықтыру лагерінің құрылысы аяқталды. |
|
71. |
Балалардың спорт секциясына немесе шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуына мүмкіндік беру |
86,3% |
83,1% немесе 95 807 бала қосымша білім алады (қайталаусыз). Облыста 38249 баланы қамтитын 48 қосымша білім беру ұйымы, оның ішінде 47 мемлекеттік (балалар мен жасөспірімдер сарайлары, үйлері, орталықтары – 20, 7 музыкалық мектеп, 3 көркемөнер мектебі, 9 өнер мектебі, 1 хореография мектебі, 1 техникалық шығармашылық мектебі, 2 аула клубы, 4 оқу-әдістемелік орталық), 1 жекеменшік (Балалар инклюзивті академиясы) жұмыс істейді. 3900-ден астам мектеп үйірмелері мен секцияларында 68 мыңнан астам бала қызығушылықтары мен бейімділігі бойынша айналысады. Сондай-ақ, облыста 30 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, онда 21 мыңнан астам бала айналысады. |
|
74. |
Студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесін шешу |
10 мың орын |
Облыста 33 колледж (24 мемлекеттік, 7 жекеменшік және Денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 колледж) жұмыс істейді, онда 22 мыңнан аса адам оқиды. 22 колледжде жобалық қуаты 4511 адамды қамтитын 24 жатақхана (22-сі мемлекеттік колледждерге қарайды және 2 жекеменшік) бар. 2023-2024 оқу жылының басына қарай 3687 адамға жатақханаға қажет, оның ішінде 3582 адамға немесе 97%-ға жатақхана берілген. 105 адам, яғни жоғары курс студенттері пәтер жалдап тұрады. Өз кезегінде, меншікті жатақханасы жоқ колледждер басқа ТжКБ ұйымдарының жатақханаларында бос орындарды жалдау туралы шарттар жасайды. |