«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесін сайлау туралы хабарлайды.

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесін сайлау туралы хабарлайды.

 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесінің құрамына:

1) Білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері;

2) Мемлекеттік органдардың өкілдері;

3) Өкілді органдар;

4) Жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер, меценаттар;

5) Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері.

Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттарды ата-аналар қоғамының жалпы жиналысында іріктеуден өткен ТжКБ ұйымдары ұсынады.

Ата-аналар жұртшылығынан кандидаттардың тізімі (әрбір курстан осы ТжКБ ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) қоса беріліп отырған құжаттармен бірге тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жіберіледі.

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ болып табылады және әрбір техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына кемінде тоғыз адамды құрайды. Қамқоршылық кеңестің құрамына бір-бірімен және осы білім беру ұйымының басшысымен жақын туыстық және тығыз қарым-қатынаста емес кандидаттар кіреді. Қамқоршылық кеңестің мүшелері осы білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.

Үміткерлер комиссияға келесі құжаттарды ұсынады:

1) өтініш (еркін нысанда);

2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

Қамқоршылық кеңес мүшелігіне кандидаттар ұсынылады.

Кандидаттар кәсіптік (немесе) қоғамдық қызмет туралы қосымша мәліметтерді ұсынады.

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2024 жылғы 09 қаңтарынан 28 қаңтарына дейін.

Құжаттарды dep@kostanay.gov.kz электрондық мекенжайына немесе қағаз нұсқада «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ, Қостанай қ., Гоголь к-сі, 75, индекс: 110000 жолдау қажет.

 

 

№ 1 Қосымша

 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізімі

 

  1. «Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК
  2. «Қамшат Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК
  3. «Денисов кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК
  4. «Жітіқара политехникалық колледжі» КМҚК
  5. «Қазақстан агротехникалық колледжі» КМҚК
  6. «Қарасу ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК
  7. «Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі» КМҚК
  8. «Қостанай автомобиль көлігі колледжі» КМҚК
  9. «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМҚК
  10. «Қостанай құрылыс колледжі» КМҚК
  11. «Лисаков техникалық колледжі» КМҚК
  12. «Рудный тау технологиялық колледжі» КМҚК
  13. «Рудный құрылыс және көлік колледжі» КМҚК
  14. «Рудный технология және сервис колледжі» КМҚК
  15. «Рудный музыкалық колледжі» КМҚК
  16. «Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК
  17. «Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» КМҚК
  18. «Торғай гуманитарлық колледжі» КМҚК
  19. «Федоров ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК
Дата публикации
09 января 2024