«БЕКІТЕМІН»
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ басшысы
___________А. Ибраева
«___» _________ 2023 ж.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының қаржыландыру және қаржылық есептілік бөлімінің ережесі
1) ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметінің дұрыс бухгалтерлік, салықтық есебін жүргізу;
2) ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік, салықтық есептілігін қалыптастыру және тапсыру;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік салық және өзге де органдармен өзара іс-қимыл жасау;
4) өз құзыреті шегінде контрагенттермен және қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;
5) төлемдерді заңнамада белгіленген тәртіппен қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асыру;
6) өзекті заңнамалық және нормативтік құжаттардың мониторингі;
7) бухгалтерлік есептілікті және қаржылық операцияларды жүргізу мониторингі;
8) еңбекке ақы төлеуге, іссапар шығыстарына, жеткізушілермен есеп айырысуға және т. б. қатысты консультация беру және үйлестіру.
1) Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға, Басқарма басшылығына мемлекеттік қызметті жетілдіру, мекеме қызметінің тиімділігі жөнінде ұсыныстар енгізу;
2) Облыстық білім беру ұйымдарынан, аудандық және қалалық білім бөлімдерінен, білім басқармасы бөлімдерінен Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді, құжаттарды белгіленген тәртіппен алу;
3) Білім басқармасы басшылығының шешімдерінің жобаларымен, бөлімнің міндеттерін орындау үшін қажетті материалдармен танысуға;
4) Білім басқармасы басшысының қарауына білім беру ұйымдарының басшыларына тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізу;
5) Өз құзыреті шегінде облыстық білім беру ұйымдарының, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен қаржы қызметкерлері үшін жазбаша ұсынымдар шығару;
6) тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлауға (қайта біліктілікке) және біліктілікті арттыруға;
7) еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс үшін қажетті еңбек жағдайларына;
8) өз құзыреті шегінде құжаттарға қол қоюға және бұрыштама қоюға құқылы;
Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әртүрлі деңгейдегі комиссиялардың мүшесі болу;
9) бөлімнің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында облыстық атқарушы органдармен, ҚР Оқу-ағарту министрлігімен, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
10) ұйымдастыру техникасымен, қаржылық компьютерлік бағдарламалармен, кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету.
1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
_______________________________________