Мектепке дейінгі тәрбиемен, мектепке дейінгі ұйымдармен қамту туралы

Мектепке дейінгі тәрбиемен, мектепке дейінгі ұйымдармен қамту туралы

 

Облыста 34 мыңнан астам (34 673) бала контингенті бар 517 ұйым (23 389 баласы бар 182 балабақша және 5 837 баласы бар 335 шағын орталық, МДТ – 5 447) жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың үлесі 90,5%,       3 жастан 6 жасқа дейін – 99,9%  құрайды.

Анықтама: 2022 жыл-536 МДҰ  контингенті 29 364 бала, 2021 жыл-564 ДО контингенті-30 590 бала. 

2 жастан 6 жасқа дейін қамту: 2022 жыл - 89,7 %, 2023 жыл - 90,5 %, 2024 жыл - 92,0%. 3 - 6 жасқа дейін: 2022 жыл - 99,9 %, 2023 жыл - 99,9%, 2024 жыл-99,9 %.

Мемлекеттік тапсырыс 16 429 орындық 116 мемлекеттік бақшада,        8 222 орын 64 жекеменшік балабақшада орналастырылған. Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 24 651 бала қамтылды, оның ішінде қалада – 19 399, ауылда – 5 252 бала (2022 жылы – 24 954, оның ішінде қала – 19 917, ауыл – 5 037, 2021 жылы – 25 657, қала - 19 769, ауыл-5 888).

Ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы 397 орын пайдалануға берілді (2022 жылы 298 орын, 2024 жылы – 716 орын жоспары). Әулиекөл ауданында 280 орындық «Халық» Қорының қаражаты есебінен бір балабақшаның құрылысы аяқталуда.

Сондай-ақ Қостанай қаласының жаңа шағын аудандарында («Юбилейный № 1» 280 орындық, «Аэропорт» 280 орындық) 2 балабақшаның құрылысы басталды.

Дата публикации
21 декабря 2023