Мектепке қабылдау үшін құжаттар тізімі

Мектепке дейінгі оқыту бес жастан бастап балаларды мектепте оқуға мектепалды даярлау түрінде жүзеге асырылады.

Мектепалды даярлық міндетті және отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады. Бала бір оқу жылы ішінде дайындықтан өтуі керек, яғни мектепалды даярлық сыныптарында қайта оқыту қарастырылмаған.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарында мектепалды даярлық тегін болып табылады.

Бірінші сыныпқа оқуға қабылдау бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы).

Бұл мемлекеттік қызмет электрондық форматта көрсетіледі:

- «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы egov.kz (өтініш бір жұмыс күні қаралады);

- «SAKURA электрондық мектебі» ақпараттық жүйесі (https://sakura24.kz/ru/);

          сондай-ақ, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы қағаз жеткізгіште.

Бастауыш білім берудің, негізгі және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары даярлық деңгейіне қарамастан білім беру ұйымына қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, 6 жастан бастап бірінші сыныпқа балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін 6 жасқа толатын балаларды қабылдауды қамтамасыз етеді.

Өтініштерді қабылдау 1 сәуірден 1 тамызға дейін жүргізіледі. Алдын ала мәліметтер бойынша, облыста бірінші сыныпқа 11 мыңнан астам бала барады (11354, 2022 ж. - 12783, оның ішінде жекеменшік мектептерде 383).

Балаларды 1 сыныпқа қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:

- ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші;

- 065/у (профилактикалық егу картасы) және 026/у-3 (бала денсаулығының паспорты) нысандары бойынша денсаулық жағдайы туралы құжаттар;

- 2 дана мөлшерінде 3х4 баланың фотосуреті.

Құжаттарды қабылдау мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы үш өтініш берушіге, содан кейін бір өтініш берушіге басқа шағын учаскеден (3:1 қағидаты бойынша) жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту себептері:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттарының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі (дұрыс емес фотосурет, медициналық анықтама, денсаулық паспорты дұрыс емес);

2) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың анық установстігін анықтау;

3)сынып-жиынтықтардың толып кетуі (қалаларда);

4)мектептің шағын ауданына (қалаларда) жатпайтын өзге де шағын учаскелерден қабылдау үшін орын жоқ;

5) квоталық орындардың болмауы (қалаларда).

 

Қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына:

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;

      ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;

      мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;

      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;

      экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының;

      мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары жатады

Дата публикации
21 декабря 2023