https://www.instagram.com/p/C1EtIoRscz/?igsh=ZDE1MWVjZGVmZQ==
Ағымдағы жылдың 19-20 желтоқсанында мектепке дейінгі және жалпы орта білім беруді дамыту бөлімі және облыстық шығармашылық топ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ базасында 2024 жылы аттестаттауға жататын аудандардың, қалалардың білім бөлімдерінің қызметкерлері, мектеп директорлары мен орынбасарлары үшін семинар өткізді.
Семинар барысында орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға дайындау мәселелері қаралды. Мектепке дейінгі ұйымдарды аттестаттауға дайындық бойынша жұмыс тәжірибесімен Рудный, Лисаков қалаларының (Бикбаева Г.К.,-Рудный қаласы білім бөлімінің әдіскері, Бритвина Е. В-«Улыбка» бөбекжай-балабақшасының әдіскері) және Қостанай ауданы (Шаймерденова А.Н.,-Қостанай ауданы білім бөлімінің әдіскері) білім бөлімдерінің әдіскерлері бөлісті.
Сондай-ақ, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік аттестаттауға дайындық бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ директоры Р.С.Келинбердиева және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің С.Мәуленов атындағы гимназиясы» КММ, директоры А.И.Мадибаев, Руденко Лиля Алексеевна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ұзынкөл ауданының білім бөлімінің Бауман негізгі орта мектебі» КММ директоры сөйледі. Өз сөздерінде олар жұмыс тәжірибесінен өзін-өзі бағалаудың нормативтік-құқықтық базасы мен құрылымын ұсынды.
Семинар барысында мектепке дейінгі ұйымдар мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға дайындау бойынша есептері ұсынылып, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға дайындау бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Семинар қорытындысы бойынша шығармашылық топ мүшелері ұсыныстар берді.