Облыстағы орта білім берудің негізгі көрсеткіштері, оқытудағы жаңалықтар, өткізілетін іс-шаралар (білім сапасы, республикалық олимпиадалардың, ғылыми-практикалық конференциялардың нәтижесі) туралы.

Қостанай облысында 459 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 445 күндізгі мемлекеттік мектеп (қазақ тілінде-108, орыс тілінде-223, аралас тілде-114), 5 кешкі, 9 жекеменшік мектеп.

Контингент 113 881 құрайды, оның ішінде мемлекеттік мектептерде – 111 881 оқушы, жекеменшік мектептерде – 1 673 оқушы, кешкі мектептерде – 327 оқушы. 111 881 оқушының ішінде мемлекеттік тілде – 21 405 бала немесе 19,1%, орыс тілінде-60 310 бала немесе 53,9% білім алуда.  Аралас мектептерді ескере отырып, барлығы мемлекеттік тілде - 30 578 оқушы немесе 27,3%, орыс тілінде – 81 303 оқушы немесе 72,7% оқиды.

ҚР Білім министрлігінде оқушыларға жүктеме азайып, 2023 жылғы мектеп бағдарламасына кейбір өзгерістер енгізілді.

Өзгерістерге сәйкес, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-сыныпта «Шет тілі» пәні алынып тасталды, ал Көркем еңбек» пәнінің орнына «Еңбек оқыту» және «Бейнелеу өнері» пәндері енгізілді.

Сондай – ақ, 2023 жылдан бастап мектептердегі оқу ұзақтығы, бірінші сынып оқушылары үшін 35 апта (бұрын – 33 апта), 2-11 сыныптарда 36 оқу аптасы (бұрын-34 апта) бекітілді. 

Еліміздің барлық өңірлерінде 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған.

10-11 сыныптарда оқытудың жаңа пәні — "кәсіпкерлік және бизнес негіздері"пайда болды.

Дата публикации
21 декабря 2023