Осы санаттағы балалардың жалпы санынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілерінің үлесі

2023 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша облыста жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған 8 білім беру ұйымында 293 жетім бала мен ата-анасының қамқорынсыз қалған бала тәрбиеленеді, 1353 кәмелетке толмаған бала отбасына орналастырудың баламалы нысандары бойынша қазақстандық азаматтардың отбасыларында тұрып жатыр.

2023 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша тәрбиеленушілердің саны 309-дан 293-ке дейін азайды. Облыс бойынша 2023 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар тәрбиеленушілерінің осы санаттағы балалардың жалпы санынан үлесі» көрсеткіші 17,8 % (2022- 18,1%). Жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына қамқоршылыққа (қорғаншылық), патронаттық тәрбиелеуге, асырап алуға және бала қабылдайтын отбасыларына беру арқылы көрсеткішке жетті.

Ұйымдардағы тәрбиеленушілердің санын азайту мақсатында мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын органдар отбасына орналастырудың баламалық нысандары, сондай-ақ балаларды қандас отбасыларына қайтару мүмкіндігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізіп келеді.

Білім беру ұйымдарының жанында жұмыс істейтін «Бала қабылдайтын ата-аналар мектебі» және «Отбасын қолдау қызметтері» жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін отбасына орналастырудың баламалы нысандарын дамытуға септігін тигізіп жатыр.

Аталған қызметтердің жұмысы баланы (балаларды) тәрбиелеуге тілек білдірген адамдарға кеңес, психологиялық, анықтамалық-ақпараттық, әлеуметтік-құқықтық және басқа да қызметтерді көрсетуге бағытталған.

Осы жылдың өткен кезеңінде 300-ден аса жанұяға психологиялық және заң көмегі көрсетілді.

2023 жылы бала қабылдайтын 6 мектепте 146 әлеуетті асырап алушы ата-ана оқытылды. Қазіргі уақытта 59 кандидат оқытудан өтіп жатыр.

Дата публикации
21 декабря 2023