2023 жылғы ҰБТ туралы ақпарат
Облыста 2 тестілеу пункті жұмыс істейді (Арқалық қ., Қостанай қ.).
Облыс мектептерінің түлектеріне арналған ҰБТ 2023 жылдың 18 мамырынан 5 шілдесіне дейін өтті. Қостанай облысы бойынша 11 сынып түлектері 4064 адамды құрады, оның ішінде 3228 бала немесе 79% қатысты (2022 ж.-72%).
Орташа балл 74% құрады. Қазақ тілінде оқитын 1331 түлек немесе 41% орташа 73 балл, орыс тілінде -1897 немесе 59%, орташа 75 балл.
Сондай-ақ, қалалық және ауылдық мектептер түлектерінің балы бойынша алшақтық байқалады (қала – 76,4 б., ауыл – 71 б., облыстық ұйымдар - 92 б.).
ҰБТ-2023 қатысудың жоғары пайызы: Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясы (98%), «Білім – инновация» лицей-интернаты (98%), «Озат» ақпараттық технологиялар лицей-интернаты мамандандырылған мектебі (97%), Арқалық қ. (97%), Амангелді ауданы (95%), Жангелді ауданы (90%).
Облыстан жоғары 5 өңірдің және облыстық мектептердің түлектері көрсетті: Қостанай ауданы (77,4 б.), Сарыкөл (76,1 б.), Қостанай қ. (78,4 б.), Лисаков қ. (80,8 б.), Рудный қ. (78,4 б.), облыстық білім беру ұйымдары: Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия (93 б.), «Білім – инновация» лицей-интернаты (88,4 б.), «Озат» ақпараттық технологиялар лицей-интернаты мамандандырылған мектебі (96,4 б.).
2023 жылы 3228 оқушының 3019 түлегі шекті балл жинады, бұл 93,5% құрады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жоғары (91,8%), 100 баллдан жоғары 394 немесе 12% (2022 жылы – 11,8%).
120 «Алтын белгі» иегерлерінің (2022 жылы - 137) 1 – талпыныста 116 немесе 97% қатысты, орташа балл – 93 (2022 жылы-96 б.), 2 – талпыныста – 107 немесе 89%, орташа балл - 94 (2022 жылы-99б.) қатысты).
Әрбір білім беру ұйымы тамыз айында оқушылардың білім сапасына, оқу процесінде орындауы қиын тақырыптарды анықтау және нақты жұмыс жоспарын әзірлеу үшін 11-сынып түлектерінің ҰБТ қорытындыларына талдау жүргізеді.
«Алтын белгі» аттестатына үміткерлердің дайындығы мен қатысу сапасы тұрақты бақылауда.
Осы тестілеу пункттерінде жыл сайын комиссия құрылады, оның құрамына білім басқармасының өкілдері де кіреді.