Конкурсы 20 октября 2023
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 110000, г. Костанай, улица Гоголя 75, телефоны для справок: 8 (7142) 390663, электрондық мекенжайы: metodtipo@edu-kost.kz "А1-3" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды», 20.10.2023 г.
Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) орталық (кабинет) басшысының орынбасары " лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 199728 теңгеден 242166 тенгеге дейін.
Конкурсты өткізу орны: Қостанай қаласы, Гоголя көшесі, 75.
Конкурсты өткізу күні: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қостанай облысының мектепке дейінгі, орта, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша функцияларын жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні – оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру, оқу-тәрбие процесін әдістемелік сүйемелдеу, инновациялық, эксперименттік бағдарламаларды енгізу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты облыстық білім беру жүйесінің инновациялық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін тиімді механизмдер мен жағдайлар жасау болып табылады.
Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) орталық (кабинет) басшысының орынбасары
Лауазымдық міндеттері:
оқу, ғылыми, әдістемелік қызметті жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды;
өткізілетін іс-шараларды оқу, бағдарламалық-әдістемелік және ғылыми сүйемелдеудің дайындығына басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;
баспа қызметін басқарады;
өңірлік құрылымдардың қызметкерлеріне консультация беруді, олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
әдіскерлерді аттестаттауға және біліктілік санатын беруге (растауға) дайындықты ұйымдастырады;
кабинетті (орталықты) әдістемелік қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және енгізеді, білім беру бағдарламаларын әзірлеу, рецензиялау және бекітуге дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырады, білім беру ұйымдарының, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық алаңдардың тәжірибесін талдайды және қорытындылайды, ақпараттық материалдарды дайындайды;
есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
педагогикалық этиканың нормалары;
педагогика, психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері, қаржы-шаруашылық қызметтің негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
облыс, республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
және (немесе) "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілігінің болуы;
аудандар/қалалар деңгейінде:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
және (немесе) "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілігінің болуы.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар білім басқармасының ресми сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.
Құжаттар қабылданады:
1) қағаз форматында Қостанай қ., көш. Гоголя, 75, 212 кабинет, анықтамалар үшін телефон: 8 (7142) 390663.
|
Мемлекеттік білім беру |
|
|
|
Нысан |
|
|
____________________________ |
_______________________________________________________________
(үміткердің Т.А.Ә. (бар болса)), ЖСН
_______________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны
Өтініш
Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын
(қажетінің астын сызыңыз)
_______________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Қазіргі уақытта жұмыс істеймін
_______________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Өзім туралы келесіні хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін
|
Оқу орнының атауы |
Оқыту кезеңі |
Диплом бойынша мамандық |
|
Жүктеу |
Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):
_____________________________________________________________
Педагогикалық жұмыс өтілі: ____________________________________
Келесі жұмыс нәтижелері бар:___________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)
____________________________________________________________
|
|
Мемлекеттік білім беру |
|
|
Нысан |
Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы
___________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
|
№ |
Өлшемшарттар |
Растайтын құжат |
Балл сандары |
|
1. |
Білім деңгейі |
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері |
Техникалық және кәсіби = 1 балл |
|
2. |
Ғылыми/академиялық дәрежесі |
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері |
PHD-доктор = 10 балл |
|
3. |
Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау |
Сертификат |
"Педагог" біліктілік санаты - 5 балл |
|
4. |
Біліктілік санаты |
Жеке куәлік, басқа құжат |
Екінші санат = 1 балл |
|
5. |
Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі |
Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат |
Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл |
|
6. |
Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін |
Білімі туралы дипломның қосымшасы |
Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері |
|
7. |
Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат |
Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды) |
Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл |
|
8. |
Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері |
- дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары; |
олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл |
|
9. |
Әдістемелік қызметі |
-авторлық шығармалары, басылымдары |
ҚР ОАМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл |
|
10. |
Қоғамдық-педагогикалық қызметі |
Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат |
тәлімгер = 0,5 балл |
|
11. |
Курсқа дайындық |
- пәндік дайындық сертификаттары; |
ПШО, НЗМ, "Өрлеу" курстары |
|
12. |
Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, "Дипломмен ауылға!", "Серпін" мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог |
Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты |
3 балл қосылады |
|
Барлығы: |
|||