"Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 ақпанда № 10178 тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.07.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Министр |
А.Сәрінжіпов |
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.07.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) конкурстың ұйымдастырушылары – білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар;
2) "Орта білім беретін үздік ұйым" гранты (бұдан әрі – Грант) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингтік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;
3) рейтингтік көрсеткіштер – мемлекеттік білім беру мекемелері сәйкес болуға тиіс, осы Қағидаларда белгіленетін өлшемдер.
1) I кезең – аудандық (қалалық), жыл сайын сәуір айында өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысуға ұсынылатын Конкурсқа қатысушылар анықталады;
2) II кезең – облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалары, жыл сайын мамыр айында өткізіледі, онда Конкурстың жеңімпазы анықталады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.07.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) Конкурс өткізілетін күнін, уақытын, орнын және тәртібін;
2) құжаттар қабылдау орнын және мерзімін қамтуы тиіс.
1) оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу (қазіргі заманғы білім беру технологияларын тиімді қолдану, 1 компьютерге шаққанда келетін оқушы саны, Интернетке қосылу, жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілу үлесі);
2) сапалы білім беруді қамтамасыз ету (жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын алған түлектер үлесі, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алған оқушылар үлесі, қосымша білім берумен қамтылған оқушылар үлесі);
3) білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету (5 жылда 1 рет педагогтардың біліктілік арттыру курсынан өтуі, ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану және деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен педагогтардың үлесі, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын педагогтардың үлесі, ағымдағы жылы білім беру ұйымына жұмыс істеуге келген жас мамандар үлесінің серпіні, жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі, аудандық (қалалық), облыстық, республикалық, халықаралық конференцияларға, семинарларға, форумдарға, көрмелерге, байқауларға, педагогикалық оқуларға қатысушы педагогтардың үлесі, эксперименттік, зерттеу, қолданбалы жұмыстарға, ғылыми жобаларға, бағдарламаларға, оқу және әдістемелік басылымдарға сараптама жасауға қатысуы, авторлық оқу құралдарының, бағдарламаларының, ғылыми әзірлемелерінің, басылымдарының бар болуы, озық педагогикалық тәжірибе енгізу, оқушылардың кәсіби бағдарын диагностикалау қабілетін қамтамасыз ету);
4) материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру ұйымын жарақтандыру және жабдықтау (қаржыландырудың тиімділігі және нәтижелілігі, қаражатты бөлудің ұтымдылығы және тепе-теңдігі);
5) білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау (білім беру ұйымдарында білім алушыларды спорт секцияларының қызметімен қамту, тұрмыс жағдайы нашар отбасынан шыққан балаларды ыстық дәруменді тегін тамақпен қамтамасыз ету, балалар ауруларының динамикасы, оқыту жағдайының санитариялық ережелер мен нормаларға сәйкестігі, мектеп инспекторы, психологтар мен әлеуметтік педагог лауазымының штатта, турникеттер мен бейнебақылау камераларының болуы, мектепішілік және жасы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияның есебінде тұратын оқушылар санының үлесі);
6) педагогтар мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау (білім беру ұйымында ақпараттық-әдістемелік кеңістіктің бар болуы, педагогтарды ақпараттық-коммуникациялық технологиямен қамтамасыз ету, мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі сапалы өзгерістерді зерттеу мониторингісінің нәтижесі);
7) инклюзивтік білім алуға жағдай жасау (білім беру ұйымына бекітілген шағын ауданда тұратын жалпы бала санынан инклюзивтік білім берумен қамтылған, ерекше қажеттілікті талап ететін бала үлесі);
8) соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері, орта білім беретін ұйымның ерекше миссиясы (жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын табысты меңгерген оқушылар үлесінің серпіні);
9) білім беру сапасын басқару (оқушылар мен ата-аналар қажеттілігінің білім беру мониторингісінің нәтижесі негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау, білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметінің нәтижелілігі);
10) білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері (оқу жетістіктерін сыртқы бағалау, ұлттық бірыңғай тестілеу және халықаралық зерттеулер рәсімдерінің нәтижесі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын дамыту және қалыптастыру критерийлері, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарының жүлдегер оқушыларының үлесі);
11) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру (халықаралық ұйымдармен жасалған шарттар саны, халықаралық жобаларға қатысқан оқушылар мен педагогтар үлесі).
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.07.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) Конкурсқа қатысуға өтінімді;
2) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес тиісті материалдарды тапсырады.
Өтінімдер нысанын жергілікті атқарушы органдар белгілейді.
Диплом мен сертификаттың нысандарын жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК