Халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 185 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 мамырда № 27968 болып тіркелді.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.07.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
|
|
|
Қазақстан Республикасының |
|
Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативі
1) мектепалды жасындағы адамдардың саны 5 және одан көп болғанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымның жұмыс істеуіне кепілдік беріледі;
2) кіші мектеп жасындағы адамдардың саны 5 және одан көп болғанда, мемлекеттік бастауыш білім беретін ұйымның жұмыс істеуіне кепілдік беріледі;
3) кіші және орта мектеп жасындағы адамдардың саны 41 және одан көп болғанда, мемлекеттік негізгі орта білім беретін ұйымның жұмыс істеуіне кепілдік беріледі;
4) кіші, орта және жоғары мектеп жасындағы адамдардың саны 81 және одан көп болғанда, мемлекеттік жалпы орта білім беретін ұйымның жұмыс істеуіне кепілдік беріледі.
1) мемлекеттік санаториялық мектеп-интернаттардың;
2) мемлекеттік арнайы білім беру ұйымдарының;
3) девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мемлекеттік білім беру ұйымының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі.
Елді мекендердің арасында табиғи кедергілер (өзендер, көлдер) болған жағдайда мұндай білім беру ұйымдары бір-бірінен аз арақашықтықта құрылады.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК