Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысы.
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 84-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
|
Қазақстан Республикасының |
|
|
Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
|
|
Қазақстан Республикасы |
Ескерту. Қағидаға мәтін бойынша орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды (бұдан әрі – балалар) азаматтығы мен тұратын жеріне қарамастан туыстарына асырап алуға беру;
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға беру;
3) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкінде (бұдан әрі — Республикалық деректер банкі) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есепте тұрған (бұдан әрі — орталықтандырылған есепке алу) балаларды Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге асырап алуға беру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.10.2016 № 614 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бұл ретте баланың жасы, естиярлық дәрежесі және өзін асырап алуға келісімі ескеріледі.
1) қайтыс болған;
2) баладан бас тартқан;
3) ата-ана құқықтарынан айрылған және олар қалпына келтірілмеген;
4) туыстарына, асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдарға баланы асырап алуға келісім берген;
5) сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған;
6) белгісіз болған жағдайда, балалар асырап алуға жатады.
Ата-аналары белгісіз тауып алынған (тастанды) баланы асырап алу Кодексте белгіленген тәртіппен Кодекстің 196-бабына сәйкес хаттама немесе ішкі істер органдары немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген акт, оның туу туралы куәлігі және баланың тууын тіркеуді растайтын туу туралы акт жазбасының көшірмесі болған жағдайда жүзеге асырылады.
Перзентханада (бөлімшеде) немесе өзге де медициналық ұйымда қалдырылған баланы асырап алу бала қалдырылған мекеме әкімшілігі жасаған тиісті акті болған кезде Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Асырап алу балалардың мүдделерiне сай келетiн және балалар өздерінің туыстығы туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, бір отбасында тәрбиеленген ағалы-iнiлілер мен апалы-сiңлiлілердi (қарындастарды) әртүрлi адамдардың асырап алуына жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеде тұратын шетелдіктердің Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы Қазақстан Республикасының аумағында асырап алуы осы Кодексте шетелдіктер үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.10.2016 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.03.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;
2) сот біреуін әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп таныған ерлi-зайыптыларды;
3) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;
4) өзiнің қамқорлығындағы балаларды күтіп-бағу, оларға күтім жасау мен емдеуді қамтамасыз ету, құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы қамқорлық жасау жөніндегі мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;
5) егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген аурулар тізбесіне сәйкес денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды;
7) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды;
8) дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды;
9) бала асырап алған кезде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдарды, сондай-ақ осы тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген адамдарды;
10) азаматтығы жоқ адамдарды;
11) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды;
12) асырап алған кезде асырап алынған баланы "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;
13) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды;
14) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
15) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген (баланың жақын туыстарын қоспағанда) Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.
Бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты болмаған) адамдар сол бiр баланы бiрлесiп асырауға ала алмайды.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 989 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 24.10.2016 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.03.2020 № 123 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Баланы өгей әкесі (өгей шешесі) асырап алған кезде, осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жас айырмасының болуы талап етілмейді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.10.2016 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Баланы өгей әкесі (өгей шешесі) асырап алған немесе баланы ата-аналарының келісімі бойынша туыстары асырап алған жағдайда, асырап алудың баланың мүдделеріне сәйкестігі туралы қорытынды талап етілмейді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.10.2016 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) жақын туыстарының баланы асырап алуға жазбаша келісімін;
4) жиынтық табыстың мөлшері туралы анықтаманы;
5) отбасы жағдайы туралы анықтаманы;
6) азаматтардың және жақын туыстарының денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы;
7) сотталмағандығы туралы анықтаманы;
8) тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.10.2016 № 614 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтінішті;
2) табыстары туралы анықтаманы;
3) отбасы жағдайы туралы анықтаманы;
4) паспорттардың көшірмелерін;
5) денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы;
6) сотталмағандығы туралы анықтаманы;
7) жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімін;
8) достарының немесе көршілерінің кемінде үш ұсыным хатын;
9) тұрғын үйінің бар-жоқтығын растайтын құжатты;
10) бала асырап алу жөніндегі уәкілетті шетелдік мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ықтимал бала асырап алушылардың жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы арнайы берген анықтамасын;
11) бала асырап алуға құқығын растайтын қабылдаушы мемлекеттің құзыретті органы берген құжатты;
12) асырап алынған баланың Қазақстан Республикасынан қабылдаушы мемлекетке баруына рұқсатты;
13) мынадай:
асырап алынған баланың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде тіркелуі;
18 жасқа толғанға дейін асырап алынған балада Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы және оның Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерiнде есепте болуы;
кездейсоқ жағдаяттар кезінде қамқоршыларды белгілеу туралы міндеттемелерді ұсынады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.06.2013 № 584 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, визаларды беруге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органының шақыруы негіз болып табылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.10.2016 № 614 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) баланың тұрақты тұрғылықты жерінде онымен кемінде екі апта тікелей қатынасады (баламен, оның әдеттерімен, талғамымен, мінезінің ерекшеліктерімен танысу, серуендеу, ойындар);
2) бала туралы толық ақпарат алады және оның құжаттарымен танысады;
3) баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындымен танысу фактісін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазбаша нысанда растайды;
4) тілек білдірсе, бала тұратын білім беру, медициналық және өзге де ұйым өкілінің қатысуымен асырап алынатын баланы тәуелсіз медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық мекемеге жүгінеді.
Балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын
Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға беру
тәртібі
Баламен танысу қорытындылары бойынша бала асырап алуға үміткерлер баламен одан әрі қарым-қатынас жасаудан бас тартуды немесе келісімін Республикалық деректер банкінде бетбелгіні басу арқылы растайды және өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қояды.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) орган өкілінің қатысуымен тиісті білім беру, медициналық және өзге де ұйымның ережесіне сәйкес режим талаптарын сақтай отырып, баланың тұрақты тұрғылықты жерінде баламен кемінде екі апта тікелей қатынасады (баламен, оның әдеттерімен, талғамымен, мінезінің ерекшеліктерімен жеке танысу, серуендеу, ойындар);
2) бала асырап алу туралы толық ақпарат алады және оның құжаттарымен танысады;
3) баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындымен танысу фактісін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазбаша нысанда растайды;
4) тілек білдірсе, бала орналасқан білім беру, медициналық және өзге де ұйым өкілінің қатысуымен асырап алынатын баланы тәуелсіз медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық мекемеге жүгінеді;
5) екі апталық қарым-қатынастың соңғы күні бала асырап алу рәсімінен бас тартуды немесе оған одан әрі қатысуды Республикалық деректер банкінде растайды және өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қояды.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан
Республикасының азаматтарына және шетелдіктерге асырап алуға
беру тәртібі
Орталықтандырылған есепте тұрған балаларды шетелдіктердің асырап алуына беру оларды азаматтығы мен тұратын жеріне қарамастан туыстарына, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайда, орталықтандырылған есепке қойылған күннен бастап үш ай өткен соң жүзеге асырылады.
Шетелдіктерге асырап алуға берілген балалар Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде есепке қойылуы тиіс.
Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 07.06.2013 № 584 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1) баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтінішті;
2) табыстары туралы анықтаманы;
3) отбасы жағдайы туралы анықтаманы;
4) паспорттардың көшірмелерін;
5) денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы;
6) сотталмағандығы туралы анықтаманы;
7) жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімін;
8) достарының немесе көршілерінің кемінде үш ұсыным хатын;
9) тұрғын үйінің бар-жоқтығын растайтын құжатты;
10) бала асырап алу жөніндегі уәкілетті шетелдік мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ықтимал бала асырап алушылардың жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы арнайы берген анықтамасын;
11) бала асырап алуға құқығын растайтын қабылдаушы мемлекеттің құзыретті органы берген құжатты;
12) асырап алынған баланың Қазақстан Республикасынан қабылдаушы мемлекетке баруына рұқсатты;
13) мынадай:
асырап алынған баланың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде тіркелуі;
18 жасқа толғанға дейін асырап алынған балада Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы және оның Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде есепте болуы;
кездейсоқ жағдаяттар кезінде қамқоршыларды белгілеу туралы міндеттемелерді ұсынады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.10.2016 № 614 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.10.2016 № 614 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, визаларды беруге уәкілетті органның шақыруы негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын азаматтар уәкілетті органнан келу мерзімдері туралы хабарлама алғаннан кейін Қазақстан Республикасына кіреді.
1) баланы таңдайды, орган өкілінің және қажет болған жағдайда аудармашының қатысуымен тиісті білім беру, медициналық және өзге де ұйымның ережесіне сәйкес режим талаптарын сақтай отырып, онымен кемінде төрт апта тікелей қатынасады (баламен, оның әдеттерімен, талғамымен, мінезінің ерекшеліктерімен жеке танысу, серуендеу, ойындар);
2) баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындымен танысу фактісін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазбаша нысанда растайды;
3) тілек білдірсе, бала орналасқан білім беру, медициналық және өзге де ұйым өкілінің қатысуымен асырап алынатын баланы тәуелсіз медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық мекемеге жүгінеді;
4) бала асырап алу рәсімінен бас тартуды немесе оған одан әрі қатысуды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жазбаша растайды.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.10.2016 № 614 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде есепке қою мен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі айқындайды.
Ескерту. 41-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 07.06.2013 № 584 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
|
|
Қазақстан Республикасының |
|
|
Туысқандарға арналған нысан |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Жолдама берген ұйымның бланкісі
|
|
_________________________ |
|
|
_________________________ |
|
|
(жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз |
|
|
_________________________ |
Туысқандарының/Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балаға баруға және онымен қарым-қатынас жасауына жолдама (көрсетілген танысу күніне ғана жарамды)
Бала _______________ танысуға және кемінде 2/4 апта қарым-қатынас
Т.А.Ә. (бар болса)
жасау үшін туысқандары/бала асырап алуға үміткерлер _____________ берілді.
(қажеттінің астын сызу) Т.А.Ә. (бар болса)
Қабылданған шешім туралы мәліметтер_________________________
(келісім, бас тарту)
___________________________________________________________
(туысқандарының/бала асырап алуға үміткерлердің қолы)
жолдаманы берген органның басшысы ____________________________
Т.А.Ә. (бар болса), қолы М.О.
|
|
Қазақстан Республикасының |
Қорғаншылық және қамқоршылық
жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын органға
_____________________________
(Т.А.Ә.)
Баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық
қорытындымен танысу туралы
ӨТІНІШ
Мен (біз),
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
маған (бізге) бала асырап алуды ресімдеу үшін ұсынылған бала
____________________________________________________________________
(баланың/балалардың Т.А.Ә., туған күні)
____________________________________________________________________
денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындымен таныстым (тық).
Баланың денсаулық жағдайы менің (біздің) тілегімізге (тілектерімізге) сай келеді/келмейді.
|
|
Т.А.Ә. |
Білім беру органы
___________________________
(Т.А.Ә.)
Баламен қарым-қатынас жасау нәтижелері бойынша
ӨТІНІШ
Мен (біз),
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
баламен _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
(жолдама ____________________________________________________________
(жолдама берген орган атауы)
___________ № _____________),
оның жеке ісімен, медициналық картасымен жеке таныстым (таныстық),
_____________________________________________________________________
(қандай мәліметтер қосымша ұсынылды)
_____________________________________________________________________
(себептер көрсетіледі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
себептен бала асырап алуды ресімдеуден бас тартамын (мыз)/бала асырап алуға келісемін (міз)
Т.А.Ә. ___________________________
___________________________
(қолы, күні)
Аудармашының деректері
___________________________
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК