Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 257 «2023-2024 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қостанай облысы әкімдігінің «2023-2024 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» 2023 жылғы 19 маусымдағы № 257 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін; 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Облыс әкімі Қ. Ақсақалов