2022-2023 жж Қостанай облысы бойынша ҰБТ нәтижелері туралы ақпарат

2022-2023 жж Қостанай облысы бойынша

 ҰБТ нәтижелері туралы ақпарат

 

2022-2023 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған ҰБТ 15 мамыр мен 5 шілде аралығында өткізілді.

Осы кезеңде түлектерге білім беру грантын алу үшін тестілеудің 2 талпынысына өтініш беру мүмкіндігі берілді, өтініш беру рәсімі әдістемелік ұсынымдарда егжей-тегжейлі баяндалды.

Осы тестілеуге биыл облыстың 4064 түлегінің 3181 оқушысы немесе 78% - ы тіркелді, оның ішінде ҰБТ-ға 120 «Алтын белгі» иегерлерінің 116-сы немесе 97% - ы қатысып, олардың орташа балы 90-нан асты. Ең жоғары бал - 134 (Қостанай ауданы, Тобыл қ. мектеп-гимназиясы).

Облыс бойынша орташа бал өсімінің оң динамикасы байқалады - 74,5 б. (оқушылардың сөздерінен алынған мәліметтер), бұл өткен жылғы нәтижелерден 1,5 балға жоғары (2022 жылы – 73б.).

Облыстық көрсеткіштен жоғары бал келесі өңірлерде: Қостанай (77,4 б.), Меңдіқара (86б.), Сарыкөл аудандарында (76б.) және Рудный қаласында (78б.).

Төрт жыл бойы ҰБТ нәтижелері облыстық көрсеткіштерінен жоғары: Қостанай қаласында (78 б.), Лисаков қаласында (80,8 б.) және облыстық білім беру ұйымдарында 90 балдан жоғары.

Ағымдағы оқу жылында 100 – ден астам бал жинаған түлектер саны артты - 394 (2022 жылы-368).

Дата публикации
03 августа 2023