«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біргеміз!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың халықаралық жастар конкурсын өткізу туралы хабарлайды.

Пресс-релиз

 

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біргеміз!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың халықаралық жастар конкурсын өткізу туралы хабарлайды.

Конкурсты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Мемлекетаралық кеңес өткізеді.

Конкурсқа Мемлекетаралық кеңесті құру туралы Келісімнің қатысушы- мемлекеттердің, сондай– ақ 14-35 жас аралығындағы өзге де мемлекеттердің азаматтары (авторлар– жеке тұлғалар немесе шығармашылық ұжымдар) қатыса алады.

Халықаралық конкурсты өткізу ережелері конкурстың www.anticorruption.life ресми сайтында қолжетімді, ол арқылы 2023 жылдың 1 қазанына дейін екі номинацияда – «Үздік плакат» және «Үздік бейнеролик» жұмыстар қабылданады.

Дата публикации
01 августа 2023