Білім басқармасының білім беру саласын дамыту қорытындылары туралы2020 жылдың 1 жартыжылдығына ақпарат

Білім басқармасының білім беру саласын дамыту қорытындылары туралы2020 жылдың 1 жартыжылдығына

ақпарат

 

2020 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыста 187 балабақша жұмыс істейді, оның ішінде 64 жекеменшік (1 жарты жыл.2019 ж.-185 және 61) және 406 шағын орталық (228 – толық күн, 178-қысқа мерзімді), оның ішінде 12 жекеменшік (1 жарты жыл. 2019 ж. - 417 шағын орталық, оның ішінде 12 жекеменшік).

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 79,9% (2019 жылы - 91,2%), 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту – 99,8% құрады (2019 жылы – 99,7%).

Мектепке дейінгі ұйымдарда үлкен кезектілік сақталуда - 18 704 бала (2019 жылы – 24262), оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар - 4 073.

Осы мәселені шешу үшін 2020 жылдың 1 жартыжылдығында Б.Майлин ауданында 50 орынға арналған «Зира» ЖШС жекеменшік балабақшасы пайдалануға берілді, Қостанай қаласында 75 орынға арналған «Академия радости» 1 жекеменшік балабақшасы ашылды, Рудный қаласында 75 орынға арналған «Ромашка» жекеменшік балабақшасы ашылды.

Жалпы орта білім беру ұйымдарының желісі 515 мектепті құрайды, оның ішінде 498 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп (2017-2018 оқу жылы – 514, 2018-2019 оқу жылы – 504), 6 мемлекеттік арнайы білім беру ұйымы, 6 кешкі, 5 жекеменшік мектеп.

Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің 120-ы мемлекеттік тілде,118-і аралас мектеп.

Өңірде шағын жинақты мектептер басым екенін ескере отырып, 67,4% (2017-2018 оқу жылы – 68,3%, 2018-2019 оқу жылы – 68,7%), оқу бағдарламаларын табысты игеру үшін бүгінгі күні 20 ресурстық орталық жұмыс істейді (2017-2018 оқу жылы – 17 бірл., 2018-2019 оқу жылы – 20 бірл.).

Жалпы орта білім алу мақсатында 2019-2020 оқу жылында елді мекенде тұратын 2 221 оқушыға (2018-2020 оқу жылында – 2 972 оқушы) тасымалдау ұйымдастырылды және 22 мектеп жанындағы интернат жұмыс істейді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ҰБТ орташа балы 2,17 балға өсумен 88,90 құрады (2018 ж. - 86,73).

2020 жылы білім беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға республикалық бюджеттен 1 869,9 млн. теңге сомасында жалпы сипаттағы трансферттер берілді.:

2020 жылы білім беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға республикалық бюджеттен 1 869,9 млн. теңге сомасында жалпы сипаттағы трансферттер берілді:

Әулиекөл ауданы Аманқарағай кентінде 320 орынға арналған мектептің құрылысын аяқтау – 104,4 млн. теңге, аяқталу мерзімі  2020 жылдың тамыз айы;

 Қостанай қаласы, «Юбилейный» шағын ауданында 1 200 орынға арналған мектеп құрылысын жалғастыру – 1 743,0 млн. теңге, аяқталу мерзімі  2021 жыл;

Қостанай қаласы, «Қонай» шағын ауданында 980 орынға арналған мектеп құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу – 22,5 млн.теңге, құрылыстың басталуы-2021 жыл.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Қарасу ауданы Қарасу ауылындағы апатты жағдайдағы мектептің орнына 320 орынға арналған мектептің құрылысы басталды.

Жалпы алғанда (ЖҚЖК, «Ауыл-Ел бесігі», ЖБ) 135 жоба іске асырылуда: 3 мектептің құрылысы (№2 Аманқарағай орта мектебінің орнына 1 мектептің құрылысын аяқтау, «Юбилейный» шағын ауданындағы 1 200 орындық                1 мектептің құрылысын жалғастыру және мемлекеттік тілде оқытатын апаттық Қарасу НМ орнына 1 мектеп салу), 500 орындық жатақхананың құрылысы (Қостанай автомобиль көлігі колледжі жанында) 30 нысанды күрделі жөндеу, ағымдағы -101 объекті, жалпы сомасы 12,8 млрд. теңге (2019 жылы-6,1 млрд.теңге).

 Анықтама: «Жұмыспен қамту жол картасына» барлығы 38 инфрақұрылымдық жоба енгізілді (оның ішінде Қарасу ауданы Қарасу ауылында 320 орынға арналған 1 мектеп және 500 орынға арналған 1 студенттік жатақхана), жалпы қаржыландыруы 10,1 млрд.теңге.

«Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үшінші бастамасы шеңберінде Қостанай политехникалық жоғары колледжі үшін 500 орынға арналған 1 жатақхана салу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта әлеуетті инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

 Облыстың 498 мектебі (100%) КЖҚ қосылған, 486 мектепке 4 - тен 10 Мбит/сек дейін жоғары жылдамдықты кабельді интернет қосылған, бұл 97,5% құрайды (2019 жылға-87%).

 Облыстың 35 колледжінде 22 047 адам білім алуда. 2020-2021 оқу жылына 33 ТжКБ ұйымында 5203 орынға арналған техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді, оның ішінде: жергілікті бюджеттен - 4253 орын; Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде - 950 орын.

 

 

Дата публикации
16 июля 2020