Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы қаулысымен жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары бекітілді, оған сәйкес салалық қызмет бөлігіндегі жобалардан басқа барлық мемлекеттік органдар үшін орындауға міндетті алты үлгілік базалық бағыт айқындалды.

Базалық бағыттардың бірі №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» (бұдан әрі-ТБН-4) бағыты болып табылады, ол бойынша әдістемелік сүйемелдеуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асырады.

Ағымдағы жылы ТБН-4-ті іске асыру жөніндегі жобалар картасы аясында мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүдделер қақтығысы болған кезде лауазымдық міндеттерді жүзеге асыру фактілерін белгілеу жөніндегі міндеттерді орындау көзделген.

Осы міндетті сапалы әрі тиімді орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаментімен мүдделер қақтығысын реттеу тетігі мәселесі бойынша әдістемелік материал ұсынылды.

Дата публикации
21 июля 2023