Қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсы
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі ғылыми-техникалық және жаратылыстану-математикалық білім беру бағдарламалары бойынша 20-26 шілде (қоса алғанда) аралығында 2023 жылға арналған 372 орындық қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
Ұйымдар «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығының 67 тармағына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің білім беру басқармасына, Гоголь көшесі 75, 129 кабинетке немесе dep@kostanay.gov.kz электронды мекен-жайына жұмыс күндері сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін басшының қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды жібереді.
Барлық сұрақтар бойынша 8(7142) 390824 телефон арқылы хабарласуға болады.
Қостанай облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
|
№ |
Бағыты |
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің саны |
Бір білім алушыға және тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың айына орташа құны (теңге) |
|||
|
|
|
қала |
ауыл |
қала |
ауыл |
|
|
1 |
Ғылыми-техникалық |
145 |
145 |
16217 |
17665 |
|
|
2 |
Жаратылыстану-математикалық |
41 |
41 |
8735 |
8875 |
|