2022-2023 оқу жылының білім сапасы
2022-2023 оқу жылының соңында облыс аумағында 111336 оқушылар контингентімен 454 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді.
Оқу-танымдық үдерісті бақылаудың негізгі бағыттарының бірі білім алушылардың білім сапасы мен үлгерімін бақылау, білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру болып табылады. Білім сапасы -бұл оқу бағдарламасының барлық пәндері бойынша «жақсы» және «үздік» үлгерген оқушылардың үлесі.
Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беруді дамыту бөлімімен 2-11 сынып оқушыларының оқыту тілдері, деңгейлері бойынша оқыту сапасына және қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтыққа егжей-тегжейлі талдау жүргізілді.
2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша облыс бойынша 2-11 сыныптардағы білім сапасы 58.0% (2022 жылы-55,1%) құрайды, бұл өткен жылғы нәтижелерден 3% - ға жоғары.
Оқушылардың оқыту тілдері бойынша білім сапасы келесідей: қазақ тілінде оқытумен – 64.3% (2022 жылы – 61.2%) орыс тілінде – 51.7% (2022 жылы - 49%) және алшақтық – 12.6% құрады.
6 өңірде білім сапасы облыстық көрсеткіштен жоғары: Жангелдин – 60.4% (58,8%), Қарасу - 59.5% (58,2%), Б.Майлин ауданы – 59,1% және мамандандырылған облыстық ұйымдарда.
Қалған өңірлерде білім сапасы облыстық көрсеткіштен төмен. Ең төмен білім сапасы Боровской санаторлық мектеп-интернатында – 32.2% (35.16%), Рудный қаласында – 52.4%, Лисаков қаласында – 52.6%, Сарыкөл ауданында – 53.8%, Федоров – 54.1%, Ұзынкөл – 54.2%, Қостанай қаласында – 54.6%, Әулиекөл және Меңдіқара аудандарында – 55%, Арқалық қ. – 55.9%, Алтынсарин, Жітіқара, Қамысты, Науырзым, Қостанай аудандарында – 56% және Қарабалық ауданында - 56.7%.
Мамандандырылған облыстық білім беру ұйымдарында оқушылардың білім сапасы – 80% - дан асады (Ы.Алтынсарин атындағы ДБМ, БИЛ) және «Озат» МАТМЛИ - 64%, ал Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернатында (бұдан әрі - БСМИ) білім берудің барлық деңгейлерінде сапасы ең төмен, 35.2% құрайды.