9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасы республиканың дарынды балаларын анықтау мен дамытудың, оқушылардың ғылыми білімге деген қызығушылығын арттырудың тиімді нысандарының бірі болып табылады. Республикалық олимпиадалар жыл сайын өткізіледі.

9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасы республиканың дарынды балаларын анықтау мен дамытудың, оқушылардың ғылыми білімге деген қызығушылығын арттырудың тиімді нысандарының бірі болып табылады. Республикалық олимпиадалар жыл сайын өткізіледі.

2022-2023 оқу жылында Қостанай облысының оқушылары қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша екінші жалпыкомандалық орынды және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша үшінші жалпыкомандалық орынды иеленіп, лайықты нәтиже көрсетті.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 64 оқушының 33-і жүлделі орындарға ие болды (1 орын – 6, 2 орын – 11, 3 орын – 16).

Жыл сайын облыс оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысады. Бұл байқаудың мақсаты оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау болып табылады.

Биылғы оқу жылында біздің облыстан 37 оқушыдан тұратын команда 31 жоба ұсынды. Байқауда 16 оқушының 14 жобасы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде 3 бірінші (4 оқушы), 3 екінші және 8 үшінші орындар. Сонымен қатар 2 жоба (3 оқушы) ерекше жетістіктері үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталды.

Оқушылар халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда да белсенділік танытып, конкурстарда 12 және олимпиадаларда 6 жүлделі орындарға ие болды.

 

Дата публикации
05 июля 2023