Жиі қойылатын сұрақтар.

Жиі қойылатын сұрақтар

 

№

Санат

Ішкі санат

Сұрақтың сипаты

Жиі қойылатын сұрақ

Дағдылы жауап

Жауапты орындаушы

1

Білім

Орта білім

6 жастағы балаларды 1 сыныпқа қабылдау

Бала қай жастан бастап мектепалды даярлау сыныбына және 1 сыныпқа баруы керек?

«Білім туралы» ҚР Заңының 30-бабы 2-тармағына сәйкес балаларды мектепте оқытуға мектеп алды даярлық түрiнде бес жастан бастап жүзеге асырылады.

Мектеп алды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптарында жүзеге асырылады.

«Білім туралы» ҚР Заңының 31-бабы 1-тармағына сәйкес 1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады.

Бас маман - Карина Кенжетайкызы Шаймерден, тел. 39-06-88

2

Білім

Мектепке дейінгі білім беру

Баланы мектепке дейінгі білім беру ұйымына кезекке қою (балабақша)

 

Баланы мектепке дейінгі білім беру ұйымына қалай кезекке қоюға болады

(балабақша)

Кезекке қоюға өтініш берудің бірнеше жолы бар:

- электрондық үкімет порталындағы онлайн-сервис арқылы https://egov.kz «баланы балабақшаға кезекке қою» жеке сервисіне өтіп, «Онлайн сұрау» батырмасын басу арқылы.

- қалалар мен аудандар әкімдіктерінің білім басқармалары мен бөлімдерінің сайттарында жарияланған порталдар, сілтемелер арқылы. Қостанай облысында-бұл сайт https://indigo24.kz.

 

Бас маман –Багила Нұралиқызы Ибрагимова, тел. 39-06-88

3

Білім

Орта білім беру

Баланы орта білім беру ұйымдарына 1 сыныпқа қабылдау

Бала орта білім беру ұйымдарына 1 сыныпқа қалай қабылданады?

Құжаттарды egov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады, сондай-ақ "SAKURA: электрондық мектеп"электрондық порталы - https://sakura24.kz/ арқылы өтініш беруге болады, онда сіз бос орындардың санын көре аласыз, тіпті ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу қиын болса да, мектепте өтініш беруге көмектеседі.

Қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:

ата-аналардың (немесе заңды өкілдердің) өтініші;

баланың туу туралы куәлігінің сканерленген көшірмесі;

баланың денсаулық жағдайы туралы анықтаманың сканер-көшірмесі (№065/у нысан);

баланың денсаулық паспортының сканерленген көшірмесі 052-2у  нысаны, бала туралы жалпы мәліметтері бар бөлімдер, иммунопрофилактикалық іс-шаралар туралы ақпарат-5 жастан 7 жасқа дейінгі жоспарлы профилактикалық тексерулер туралы мәліметтері бар егу картасы);

баланың цифрлық суреті.

Бас маман - Карина Кенжетайкызы Шаймерден, тел. 39-06-88

4

Білім

Кәсіптік білім

Колледж

Колледж студенттері үшін қандай қолдау шаралары қарастырылған?

2024 жылғы қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендия мөлшері 50%-ға артады.

Орта буын мамандықтарының студенттері 41 896 теңге алады.

Жұмыс мамандықтары бойынша білім алушылардың стипендиясы 43 574 теңгеге дейін артады.

Бірінші курс студенттерінің бәрі бірінші семестрде стипендия алады, кейіннен – сессияны «жақсы» және «үздікке» тапсырғандар ғана алады.

Сессия қорытындысы бойынша үздіктер 15%-ға жоғары стипендия қарастырылған.

Бұдан бөлек мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттер тамақ пен жол жүру ақысы түріндегі әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Бөлім басшысы – Жумина Жанагүл Серікпайқызы, тел.39-03-64

5

Білім

Кәсіптік білім

Колледж

Колледжге оқуға түсу үшін құжаттарды қалай тапсыруға болады?

Құжаттар «Азамат» https://azamat-kostanai.e-orda.kz/kz, https://azamat-kostanai.e-orda.kz/ru/ ақпарат жүйесі арқылы қабылданады.

Сондай-ақ колледждерде қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.

Колледждерге құжаттарды алғашқы күні тапсыру міндетті емес, мұны бүкіл мерзім ішінде жасауға болады, өйткені конкурсқа көрсетілген мерзімде құжаттарын тапсырған барлық оқушылар қатысады.

Бөлім басшысы – Жумина Жанагүл Серікпайқызы, тел.39-03-64

6

Білім

Кәсіптік білім

Колледж

Колледжге оқуға түскен кезінде талапкерлердің қандай санаттарына жеңілдіктер қарастырылған?

Колледжге оқуға түсу кезінде талапкерлердің белгілі санаттарына қабылдау квотасы (9) бар.

1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз;

2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін – 0,5 пайыз;

3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 35 пайыз;

4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз;

5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 5 пайыз;

7) кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 5 пайыз;

8) кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз;

9) бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз.

(«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 261 бұйрығы).

Бөлім басшысы – Жумина Жанагүл Серікпайқызы, тел.39-03-64

7

Білім

Кәсіптік білім

Колледж

Колледжге оқуға түсу кезінде қандай құжаттар қажет?

Оқуға түсу үшін құжаттарды кәмелетке толған адамдар жеке өзі, кәмелетке толмағандар – заңды өкілінің қатысуымен ұсынады.

Құжаттар тізімі:

1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;

2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;

4) № 075-У нысандағы медициналық анықтама (тіркеу жері бойынша – тегін беріледі)

- І немесе ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала жасынан мүгедектігі бар адамдар үшін № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;

5) жеке басын куәландыратын құжат.

Бөлім басшысы – Жумина Жанагүл Серікпайқызы, тел.39-03-64

 

 

 

 

Дата публикации
22 июня 2023