Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 314 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 314 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға                    2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қостанай облысы әкімдігінің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» 2022 жылғы 20 шілдедегі  № 314 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28911 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1 және 2-қосымшалары осы қаулының 1 және                   2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                                                          Қ. Ақсақалов

Дата публикации
16 мая 2023