2023-2024 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысының № 2 хаттамасы
Облыстық әкімдік 14 маусым 2023 жыл
Отырыс залы сағат 16.30
Комиссия төрағасы: Р. Мұхаметқалиев, Қостанай облысы әкімінің орынбасары
Қатысқандар: комиссия мүшелері
Қатыспағандар: А.Игисинова (демалыс), М. Мадинина (демалыс).
КҮН ТӘРТІБІ
(Р.З. Мұхаметкалиев, Т.А. Саламатов)
ШЕШІМ ШЫҒАРЫЛДЫ:
- мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру кезінде жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және өңірдің мамандармен қамтамасыз етілуіне мүдделі басқа да облыс басқармалары ұсынған мамандарға қажеттілік болжамын ескерсін;
- өңірлік қажеттілікті ескере отырып мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты, оның ішінде 2024-2025 оқу жылында нысаналы тапсырыс бойынша 1,5 мың білім алушыға дейін ұлғайтсын;
- жыл сайын мемлекеттік тілдегі мемлекеттік тапсырысты, оның ішінде жаңа мамандықтар бойынша ұлғайтсын.
- еңбек нарығында бар мамандықтар мен біліктіліктерді іске асырудың орындылығын ескере отырып, мамандықтар мен біліктіліктер тізбесін қайта қарасын;
- мемлекеттік тілдегі мамандарды даярлауға педагогтерді, оның ішінде жұмыс күші мол аймақтардан қоныс аударушылар қатарынан тартуды қамтамасыз етсін;
- әлеуметтік әріптестікті нығайту бойынша, оның ішінде облыс кәсіпорындарынан нысаналы тапсырыс бойынша қабылдауды ұлғайту, түлектерді кепілді жұмысқа орналастыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізсін;
- 2024-2025 оқу жылына орта білім беру ұйымдарына (8-сыныптан бастап) барудың жоспар-кестесі мектеп түлектерін колледждерде кадрлар даярлау жүргізілетін мамандықтармен таныстыру бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысымен жасасын.
Дауыс берді: «ЖАҚТАҒАНДАР» - _____
«ҚАРСЫ» - _____
«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - _____
|
Комиссия төрағасы |
|
Р. Мұхаметкалиев |
|
|
|
|
|
Комиссия мүшелері |
|
Т. Саламатов
Г. Әбенова |
|
|
|
Г. Есеева |
|
|
|
Р. Бровченко |
|
Комиссия хатшысы |
|
А. Кашенова
|