Білім басқармасы басшысының м. а. А. Е. Ибраеваның "Облыстың білім беру саласын дамыту: міндеттері мен перспективалары" тақырыбындағы тезистері, 13.03.2023 ж.

Білім басқармасы басшысының м. а. А. Е. Ибраеваның "Облыстың білім беру саласын дамыту: міндеттері мен перспективалары" тақырыбындағы тезистері, 13.03.2023 ж.

 

 

Құрметті Ринат Закиұлы!

Құрметті алқа отырысына қатысушылар!

         

Слайд 2

Қолжетімді және сапалы білім беру – біз үшін басты міндет болып табылады.

Бүгінгі таңда облыстың мектепке дейінгі білім беру саласында                жүз сексен алты балабақша мен үш жүз қырық жеті шағын орталық жұмыс істейді, онда жиырма тоғыз мыңнан астам бала тәрбиеленеді (29 356, оның ішінде балабақшада – 23 045, шағын орталықта – 6 311). Екі жастан алты жасқа дейінгі балаларды оқу және тәрбиемен қамту сексен тоғыз бүтін оннан жеті пайызды (89,7%), ал үш жастан алты жасқа дейін - тоқсан тоғыз бүтін оннан тоғыз пайызды (99,9%) құрайды. Алайда кезектілік мәселесі әлі де өзекті (барлығы - 10 475, оның ішінде 2 жастан 6 жасқа дейін – 3 965, 3-6 ж.-1 498).

Осы мәселені шешу үшін 2022 жылы 298 жаңа орын (Қостанай қаласы – 216, Әулиекөл – 40, Рудный қаласы – 22, Қарабалық – 20) енгізілді. Биыл 700-ден аса жаңа орын енгізу жоспарланды (704, оның ішінде Рудный қаласында (МЖӘ) және Әулиекөл ауданында («Халық» қоры) 2 балабақшаның құрылысы есебінен – 560 орын, Жітіқара қаласында жұмыс істейтін балабақшаларда орындарды көбейту және мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы жекеменшік балабақшаны қайта қалпына келтіру – 144 орын).

Слайд 3

Биылғы оқу жылында орта білім беру саласында 468 ұйым, оның ішінде 111 мыңнан аса (111 501) оқушы оқитын 454 жалпы білім беретін мемлекеттік мектеп жұмыс істейді.

Оқушы орындарының тапшылығына жол бермеу үшін (болжам бойынша 2025 жылға дейін 5109, оның ішінде осы жылы – 2500 орын) облыста инфрақұрылым мәселелері қарқынды түрде шешіліп келеді. Биылғы оқу жылында 3 жаңа мектеп (Қарабалық кентінде 320 орындық 1 мемлекеттік мектеп, Қостанай қаласында 800 орындық 2 жекеменшік мектеп) ашылды. Сомасы 6,6 млрд. теңгені құрайтын 2 080 орындық 4 мектептің (Қостанай қ.: «Береке» ш/а - 980 орындық, «Қонай» ш/а – 900 орын, Қарабалық ауданының Гурьяновка ауылы және Қостанай ауданының Еңбек ауылында әрқайсысы 100 орындық) құрылысы жалғасуда. Рудный қаласында 1200 орындық мектепті салу үшін ERG Еуразиялық топпен меморандум жасалды.

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін 7500 орындық 9 мектеп салынатын болады, оның ішінде 6 мектептің құрылысы биыл басталмақ (Қостана қ.: «Береке-2» - 1200, «Әуежай» - 900, Рудный қ. – 1200 орын, Арқалық – 300 орын, Әулиекөл ауданының Құсмұрын ауылы – 300 орын, Қостанай ауданының Заречный кенті - 900 орын).                               

Сонымен бірге бірінші кезектегі міндет – жаңа мектептерді білікті мамандармен қамтуды қолға алу.

          Слайд 4

Оқытудың қажетті жағдайларын жасау бойынша жұмыс жүйелі жүргізіледі. Мәселен, 2022 жылы 108 объектіні жөндеуге 7 млрд.теңге бөлінді (20 күрделі - 5,3 млрд.тг; 88 ағымдағы - 1,7 млрд.тг.), МТБ нығайтуға – 1 млрд.теңге (200,8 млн.-ға спорт жабдығы, 200,2 млн.-ға оқушы жиһазы және 383 млн.тг. STEM зертханалары жаңартылды).

Биылғы жылы бюджетте 127 білім беру объектісін жөндеуге 4,2 млрд.тенге (13 күрделі - 2,3 млрд.тг; 114 ағымдағы - 1,9 млрд.тг.), МТБ жақсартуға - 1,6 млрд.теңге қарастырылды.

Слайд 5

Біз үшін сөзсіз басымдық бұл оқу процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда барлық білім беру объектілерінде бейнебақылау камералары, жылы дәретханалар бар. Террористік тұрғыдан осал объектілердің 68%-ында турникеттер (157-нің 107-сі, оның ішінде 50 балабақша, 90 мектептің 90, 17 колледждің 17), 86,8% - дабыл түймелері орнатылған (250-дің 217-сі, оның ішінде 76 балабақшадан 59, 149 мектептің 133-і, 25 колледждің 25), 90,4% - ЖБО-ға қосылған (250-дің 226-і, оның ішінде 76 мектептің 57-сі, 149 мектептің 144-і, 25 колледждің 25). Лицензияланған күзет 157 объектінің 63 объектісінде немесе 40% (оның ішінде 90 мектептің 46, 17 колледждің 17-сі) кіріктірілген, Қостанай және Рудный қалаларының 18 мектебінде күзетті енгізу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Бұған облыстық бюджеттен 94 млн.теңге бөлінді.

Осы жылы 33 білім беру объектісінде (оның ішінде 17 балабақша мен 16 мектеп) дабыл түймелерін орнату, 208 млн. теңгеге 76 объектіде (оның ішінде 50 балабақша мен 26 мектеп) мамандандырылған күзет енгізу, 99 білім беру ұйымында бейнебақылау жүйесін жаңарту (99,5 млн.тг), сондай-ақ ЖБО-ға 24 білім беру объектісін қосу (19 балабақша мен 5 мектеп) толық аяқталады.

Бұл шараларды қаржыландыру мәселесі мәслихаттың таяудағы сессиясында шешіледі. Полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелеріне бейнебақылау жүйесін қосудың техникалық мәселесіне қатысты облыс әкімі әкімдіктің отырысында (14.02.2023 ж.) Полиция департаментіне, әкімдіктерге және Ақпараттандыру басқармасына қосылудың баламалы нұсқасын пысықтау бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Слайд 6

Сондай-ақ мәслихат сессиясында 126 ауыл мектебінде интернет жылдамдығын секундына 20 Мбит-ке дейін арттыру үшін 105,6 млн.теңге көлемінде қаражат бөлу мәселесін қарастыру жоспарланды. Бүгінгі таңда мұндай жылдамдық облыстың 136 мектебінде немесе 30% бар (80 қалалық, 56 ауылдық). Алайда 193 мектепте оны арттырудың техникалық мүмкіндігі жоқ. Аталған мәселе ақпараттандыру басқармасымен бірлесіп пысықталуда.

          Слайд 9

Ауыл мектептерінің әлеуетін жетілдіруге Тұрақты даму қорының жобасы ықпал ететінін атап өтемін. Оның аясында өткен жылы Сарыкөл ауданының № 1 Урицкий мектебінде 250 млн.теңгеге жуық сомаға материалдық техникалық база жаңартылды, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша жұмыс өткізілді. Ағымдағы жылы аталмыш жобаға облыстың тағы 5 мектебі (Қарабалық ауданының М. Горький атындағы ЖББМ – 880 оқушы, Жітіқара ауданының Абай атындағы мектеп-лицейі – 1196 оқушы, Арқалық қ. А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы – 951 оқушы, Рудный қ. Б. Майлин атындағы мектеп-гимназиясы – 1172 оқушы, Ұзынкөл ауданының № 1 ЖББМ – 583 оқушы) қатысады. Келешекте бұл мектептер тірек мектептері ретінде шағын жинақталған білім беру ұйымдарында алынған тәжірибені оның ішінде мамандар тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған «Цифрлық мұғалім» жобасын іске асыру арқылы тарата алады.

Бұл шаралардың барлығы білім сапасын арттыруға және табысты, бәсекеге қабілетті балаларды тәрбиелеуге ықпал етеді. Өткен жылдың нәтижелері бойынша облыс Республикалық олимпиадада (Қостанай қ. – 10, БИЛ – 8, Ы. Алтынсарин атындағы ДБМ – 3, ОЗАТ – 2, Арқалық қ. – 2, Лисаков қ. – 2, Рудный қ. - 2) 29 жүлделі орынға ие болса, Халықаралық олимпиадада (Озат – 12, БИЛ – 8, Қостанай қ. – 5, Арқалық қ. – 1, Ы. Алтынсарин атындағы ДБМ – 1) 27 орын алды.

Облыс бойынша ҰБТ орташа балы 72 балды құраған, бұл республикалық көрсеткіштен 6 балға жоғары (ҚР – 66). 2270 түлек жоғары оқу орындарына оқуға түсті, оның ішінде түлектердің 1 030-ы немесе 45,4% мемлекеттік грантқа ие болды.

Сонымен бірге шетелдік ЖОО-ларға оқуға түсетін түлектер санының азаюына (2020 жылы 27,2%, 2022 жылы 20,4%) қарамастан ерте кәсіби бағдарлау мәселесі өзекті болып қала береді. Білім бөлімдерінің басшылары бұл жұмысты бастауыш буыннан бастап, формалды емес тәсілдерді пайдалана отырып, жүргізуі қажет (мысалы, Қарабалық ауданында «Мамандыққа кіріспе», оқушылар үшін «Ата-ананың жұмысында бір күн» жобалары іске асырылып келеді).

Слайд 10

Келесі мәселе – мемлекеттік тілді дамыту. Қазақтың әйгілі жазушысы Ғабит Мүсірепов айтқандай «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді». Сондықтан да білім беру саласының маңызды міндеті – бұл мемлекеттік тілдегі ұйымдар желісін дамыту.

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымдардың 30 мыңға жуық (29356) тәрбиеленушісінің әрбір төртіншісі (немесе 23,5%, 6905) мемлекеттік тілде оқытылады.

Орта білім беру саласында осыған ұқсас: 111 мыңнан аса оқушының (111 501, оның ішінде 58 143, немесе 52%) тек 27,2% (30 277, оның ішінде 286 басқа ұлттар) ғана мемлекеттік тілде оқиды.

Соңғы 3 жыл ішінде мемлекеттік тілді дамыту мақсатында облыста 5 мектеп салынып ашылды. Алайда олардың барлығы толық қуатында жұмыс істемейді, толымдылығы орташа есеппен 40% құрайды.

Бұдан бөлек облыстың балабақшалар мен мектептерде 75 мыңға жуық (74 918, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 18 847, орта – 56 071 оқушы) қазақ бала оқиды, бірақ 55% (41 250) мемлекеттік тілде оқиды.

Колледж студенттеріне келсек, олардың ішінде тек 19% (4203) 22 колледжде (65%) мемлекеттік тілде оқиды. 12 колледжде (35%) оқыту тек орыс тілінде жүргізіледі.

Осыған байланысты 2021 жылы Жол картасы әзірленді, оның аясында соңғы 3 жылда мемлекеттік тілде оқитын балалардың контингентін 3 мыңнан астам адамға (3 153, оның ішінде МДМ - 1269, ОБҰ-1323, ТжКБ-561, оның ішінде 2023 ж.- 805, оның ішінде МДМ - 265, ОБҰ-460, ТжКБ-80) арттыру жоспарланған.

Бұл мәселе жылдан жылға көтерілсе де бір білім беру жүйесі бұны шешуге қауқарсыз. Мұнда жергілікті атқарушы органдардың, мәдениет басқармасының, БАҚ-тың, елдің әрбір азаматының рөлі маңызды.

Слайд 11

Маңызды бағыттардың бірі – қосымша білім беру, облыста оқушылардың 77% (86 106) қосымша білім берумен қамтылған. Егер өткен жылы мемлекеттік шығармашылық (1,05 млрд.тг) және спорттық (1,1 млрд.тг) тапсырыстарды орналастыру нәтижесінде 12,5 мыңнан астам бала (12 660 адам) 2,1 млрд.теңгеге тегін үйірмелер мен секцияларға қатысты, биыл шамамен 2,4 млрд.теңгеге (шығармашылық - 1,3 млрд., 7500 бала, спорттық - 1,1 млрд.тг., 6500 бала) 14 мың бала қамтылды.

ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін ірі объектілерді салу жөніндегі республикалық жол картасының жобасы әзірленді. Оның аясында біздің облыста 2027 жылға дейін Қостанай (2025 ж., өнер мектебі), Федоров (2026 ж., өнер мектебі) аудандарында, Б.Майлин ауданында (2027 ж., балалар шығармашылығы үйі) және Қостанай қаласында (2023 ж., Смарт-орталық) 4 қосымша білім беру ұйымы және Әулиекөл ауданында лагерь (2023 ж., 150 орын) салынатын болады.

Сондай-ақ Қостанай қаласында Смарт-орталығының құрылысы 2022 жылы (10,9 млрд.теңге) басталды, Әулиекөл ауданында спорттық сауықтыру лагерінің құрылысы (289,3 млн.теңге, «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен) ағымдағы жылы басталады деп жоспарлануда. Қалған өңірлерде жобаларды іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар жер учаскелерін белгілеу мәселесін пысықтауы қажет. Аталған шаралар балаларды қосымша біліммен қамтуды шамамен 2 мың балаға (3%), демалыспен және сауықтырумен қамтуды – 450 балаға ұлғайтуға мүмкіндік береді (5,6%, ауысымдарды 2-ден 5-ке дейін ұлғайту есебінен).

Слайд 12

Келесі басымдық міндет – өскелең ұрпақты тәрбиелеу. Мұнда, сөзсіз, отбасы мен мектептің ынтымақтастығы маңызды рөл ойнайды. Бұл үшін облыста отбасы мен мектептің тығыз ынтымақтастығына бағытталған «Үндестік» жобасы екінші жыл іске асырылуда, оқу-тәрбие процесін басқаруға қамқоршылық кеңестері тартылған.

Республика бойынша тұңғыш рет біздің облыста Психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығы құрылды, «Желілік үйлестірушілер» жобасы басталды, «Эмоционалды интеллект» бойынша курстар ұйымдастырылды.

Тәрбие тақырыбын жалғастыра келе, барлық уақытта адамның дүниетанымын қалыптастырудың үздік құралы кітап оқу болғанын атап өтемін. 2 жылдан бері «Оқитын мектеп – оқитын ұлт» жобасы жүзеге асырылуда. Оның аясында шамамен 300 млн. теңгеге қазақстандық, әлем классиктері мен замандастардың көркем туындылары сатып алынды, 102,7 млн.теңгеге 164 кітапхана жаңғыртылды, coworking-орталықтары ашылуда.

Слайд 13    

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үнемі біздің назарымызда. Олардың сәтті бейімделуі мен әлеуметтенуі үшін биыл облыстың 2 қаласында және 6 ауданында  инклюзияны қолдаудың 10 кабинеті ашылды (126 бала, 44 педагог-ассистент). Ағымдағы жылы Әулиекөл, Алтынсарин, Денисов, Қарабалық аудандарында және Лисаков қаласында инклюзияны қолдаудың 5 кабинетін ашу үшін 42,7 млн.теңге көлемінде қаржыландыру көзделген.

Сонымен бірге, құрметті Ринат Зәкиұлы, Лисаков қаласы мен Қарасу ауданында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін ашу қажеттілігі бар.  Бұл өңірлерде 190 бала (Лисаков қ. – 136, Қарасу ауданы – 54) түзету қолдауына мұқтаж. Бұл мақсаттарға шамамен 76 млн.теңге (оның ішінде 1 ППТК-ға жабдық сатып алуға – 15,0 мың теңге) көлемінде қаржы бөлу қажет.

Осындай кабинеттердің білім беру ұйымдарымен өзара іс-әрекеттесуі балабақшадан колледжге дейін түзету арқылы қолдау сабақтастығын қадағалауға, сондай-ақ оқудың барлық кезеңдерінде балалардың әлеуметтенуіне көмектесуге мүмкіндік береді. Осы саланың дамуы мен проблемалары туралы толығырақ Ирина Николаевна Дмитриева баяндап береді.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты айтар болсақ, бүгінгі таңда 311 бала интернат ұйымдарында тәрбиеленеді. Үш жыл ішінде интернаттар саны 7 бірлікке, ал контингент 123 балаға (2020 ж. - 434, 2021 ж. - 401, 2022 ж. - 335) азайды. 2022 жылы 214 жетім бала жаңа отбасы тапты.

Жетімдер мәселесі әлі де өзекті күйінде. Бұл үшін кәсіби отбасыларды құру мәселесі қаралуда. Балаларды қайтаруды болдырмау мақсатында (2020 ж. - 1, 2021 ж. - 5, 2022 ж. - 4, 2023 ж. өткен кезеңінде – 1 қайтарылды) әлеуетті қабылдаушы ата-аналар психологиялық тұрғыда дайындалады. Мәселен, 3 жыл ішінде Бала қабылдаушы ата-аналар мектебінде 774 адам (2020ж.-121, 2021ж.-317, 2022ж.-336) оқудан өтті.

Слайд 14

Келесі деңгей – техникалық және кәсіптік білім беру қызметтерін 34 колледж (ББ 25 мемл, 2 ДСБ, 7 жеке.) көрсетеді, жалпы контингент 22 мыңнан астам студентті (22392) құрайды. Жыл сайын мемтапсырыстың көлемі орташа алғанда 500 орынға ұлғайып келеді (2021 ж.-5652, 2022 ж.-6134, оның ішінде кәсіпорындардың нысаналы тапсырысы бойынша 687). Бүгінгі таңда студенттердің 76% білімді тегін алады (17 128, 2021 ж. – 16 509, немесе 73%). 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 100%-ға дейін жеткізу жоспарланған.

Мемлекеттік тапсырысты орналастырудың негізгі өлшемдерінің бірі түлектерді жұмысқа орналастыру болып табылады. Қазіргі уақытта ол 75% құрайды. Президент Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша облыстың барлық колледжіне қамқоршылық көрсету ұйымдастырылған, 31-нде 200-ден аса кәсіпорынның қатысуымен дуальды оқыту жүзеге асырылады (3882, немесе студенттің 23%).

Бұл шаралардың барлығы ТжКБ саласының икемді, ұтқыр және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сергек болуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Дата публикации
14 июня 2023