Анықтама Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі туралы

Анықтама

Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі туралы

 

Террористік тұрғыдан осал нысандар тізіміне (бұдан әрі – ТТО) облыста 311 мектеп, 84 балабақша және 25 колледж кіреді.

Объектілерді терроризмге қарсы қорғау жөніндегі нұсқаулыққа (2022 жылғы 30 наурыздағы № 117) сәйкес білім беру объектілерінің тізбесі бекітілді, олар 1 (158 мектеп, 9 балабақша), 2 (59 мектеп, 26 балабақша, 8 колледж) және 3 (94 мектеп, 49 балабақша, 17 колледж) топ.

Бүгінгі таңда облыстың білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйесімен 100% жабдықталған. Терроризмге бейім нысандардың 243-інде немесе 96% дабыл түймелері орнатылған (253 ТТО нысанының 243-інде, оның ішінде 75 балабақшаның 69-ында, 153 мектептің 149-ында, 25 колледждің 25-інде). Қалған 10 білім беру ұйымында (оның ішінде 6 балабақша мен 4 мектеп) дабыл түймелерін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Террористік тұрғыдан осал нысандардың 233-і немесе 92%-ы полиция бөлімшелерінің жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімшелеріне қосылған (253 ТТО нысанының 233-і, оның ішінде 75 балабақшаның 61-і, 153 мектептің 147-сі, 25 колледждің 25-і). Бүгінгі таңда тағы 20 білім беру ұйымы жедел басқару орталықтарына (оның ішінде 14 балабақша мен 6 мектеп) қосылуда.

Лицензиялық күзет 79 немесе 49% ТТО нысандарында енгізілді (160 ТТО нысанының 79-ында, оның ішінде 94 мектептің 62-сі, 17 колледждің 17-сі. 49 балабақшада күзет енгізілген жоқ). Қалған 81 ТТО нысанына (оның ішінде 49 балабақша мен 32 мектеп) лицензиясы бар күзетшілерді енгізуге облыстық бюджеттен 208 млн теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда 56 (69%) білім беру ұйымдарында (30 балабақша, 26 мектеп) лицензиялық қорғау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде, қалған 25 (31%) (19 балабақша, 6 мектеп) нысандары бойынша мемлекеттік сатып алуға дайындалуда.

Сондай-ақ осы жылы қосымша бейнебақылау камераларын, бейнетіркегіштер, қатты дискілерді жаңартуға және сатып алуға 165,8 млн.теңге бөлінді.

Мектепке дейінгі ұйымдарға турникет орнатуға қаржы бөлуге бюджеттік өтінім жолданды.

Проблемалық мәселелер: 49 балабақшаны турникетпен қамтамасыз ету үшін білім бөлімі облыстық бюджет комиссиясының қарауына 72 млн теңге көлемінде қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім берді.

Дата публикации
06 июня 2023