Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қостанай облысы әкімдігінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23 қаулысына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26597 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оның ресми жариялағаннан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ. Ақсақалов