|
«БЕКІТЕМІН» «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ басшысының м.а. _______________ Т. Саламатов «___» наурыз 2023 жыл
|
«БЕКІТЕМІН» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы ______________________Б.Ұзынжас |
|
|
|
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі
2023 жылға арналған
КЕШЕНДІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
|
р/с № |
Іс-шаралар атауы |
Аяқтау нысаны |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Ескертпе |
|
1. |
Қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің, облыстық білім беру ұйымдарының басшыларымен, педагог қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша онлайн семинар өткізу |
Ақпарат, білім басқармасының, білім беру ұйымдарының (мектептер, колледждер) ресми интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілердің парақшаларында жарияланымдар |
Жылына 1 рет |
СЖҚАД (өткізу және мазмұндық компонент бөлігінде), ББ (қалалар мен аудандардың білім бөлімдерін, облыстық білім беру ұйымдарын қосуды ұйымдастыру бөлігінде) |
Келісім бойынша (қыркүйек-қазан) |
|
2. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасу бойынша диалог алаңдарын ұйымдастыру (диалог алаңдары) |
Білім басқармасының, білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерінің парақшаларында жарияланған табысты тәжірибелер мен жарияланымдар тізілімі (мектептер, колледждер) |
Жарты жылда 1 рет |
ББ, қалалар мен аудандардың білім бөлімдері, облыстық білім беру ұйымдары |
Оқу жылы ішінде |
|
3. |
«Антикоррупционное воспитание: понятие, взгляды, убеждения» ата-ана жиналыстарын өткізу (заңсыз ақша жинаудың алдын алу) |
Ақпарат, білім басқармасының, білім беру ұйымдарының (мектептер, колледждер) ресми интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілердің парақшаларында жарияланымдар |
Жарты жылда 1 рет |
ББ, қалалар мен аудандардың білім бөлімдері, облыстық білім беру ұйымдары (мектептер, колледждер) |
|
|
4. |
Білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинауды тыйым салу туралы бұйрығын жариялау |
Білім басқармасының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілердің парақшаларында жарияланған бұйрық жобасына сілтеме |
III тоқсан |
ББ, қалалар мен аудандардың білім бөлімдері, облыстық білім беру ұйымдары (мектептер, колледждер), СЖҚАД |
Ата-аналар мен педагогтерді бұйрықтың мәтінімен таныстыру |
|
5. |
Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат стендтерінде тақырыптық материалды өзектендіру |
Ақпарат |
Жыл бойы |
ББ |
Стендтерде СЖҚАД ұсынатын материалды орналастыру |
|
6. |
Білім беру ұйымдарында «Adal urpaq» ерікті клубтар мен «Sanaly urpaq» студенттер клубтарының қызметін мониторингілеу |
СЖҚАД атына білім беру мекемелерінің тізімін көрсете отырып тармақтың орындалуы туралы жинақ ақпарат |
III тоқсан |
ББ |
Нәтиже – «Адал ұрпақ» жыл сайынғы облыстық ерікті клубтар слетін өткізу |
|
7. |
Азаматтарға құқықтық көмек көрсету үшін азаматтарды қабылдау жөніндегі республикалық кең ауқымды акцияға қатысу |
СЖҚАД-не білім басқармасының қатысушы-өкілі көрсетілген ресми хат |
Жарты жыл бойынша (алдын ала мамыр және қыркүйек) |
СЖҚАД, ББ |
Азаматтарды қабылдау барысында басқарманың бірнеше өкілдерінің қатысуына жол беріледі (саланың проблемалық мәселелерінің санына байланысты), өтініштерді талдау негізінде азаматтардың ең қызықты тақырыптарын анықтауға болады |
|
8. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу |
Білім басқармасының ресми интернет-ресурсында орналастырылған талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтамаға сілтеме
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бекітілген іске асыру жоспары |
II тоқсан
|
ББ |
Бұйрыққа кәсіподақ ұйымының, ата-аналар мен сарапшылар қоғамының өкілдерін, педагогтерді қосу |
|
9. |
БАҚ және әлеуметтік желілерде білім басқармасы басшысының қатысуымен сұхбат/ақпараттық материал орналастыру |
Білім басқармасының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерде орналастырылған сұхбаттарға/ ақпараттық материалдарға, тезистердің мәтіндеріне сілтеме |
II тоқсан |
ББ |
Статистикалық деректерді қоса алғанда, қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы |
|
10. |
Білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" бөлімін өзектендіру |
СЖҚАД атына білім беру мекемелерінің тізімін көрсете отырып тармақтың орындалуы туралы жинақ ақпарат |
Тоқсан сайын ақпаратты жаңарту |
ББ СЖҚАД |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, стандарттарды ішкі талдау, бюджет қаражатын жұмсау (бюджеттен бөлінген қаражат туралы және игеру барысы туралы) қорытындылары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша мақалалар, тезистер, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы ақпаратты орналастыру |
|
11. |
Мемлекеттік сатып алу порталының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағасын көтеру мәніне мониторингі |
Ұсынымдармен бірге талдамалық есеп |
Тоқсан сайын |
СЖҚАД |
|
|
12. |
Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерімен TEDx форматында әртүрлі салаларда жетістікке жеткен спикерлерді шақыра отырып кездесулер өткізу |
Шақырылған спикер мен білім беру ұйымының әлеуметтік желі парақшасында жариялау |
Жарты жылда кемінде 1 рет |
ББ, аудандар мен қалалардың білім бөлімдері, облыстық білім беру ұйымдары |
Аймақтың дамуына үлес қосқан спикерлерді шақыру |
|
13. |
Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер институтының жұмысына мониторинг жүргізу |
СЖҚАД атына ұсынымдары көрсетілген талдамалық анықтама |
Ақпан |
ББ, аудандар мен қалалардың білім бөлімдері, облыстық білім беру ұйымдары |
Қамқоршылық кеңестер-қоғамдық бақылау нысаны, осыған байланысты бұл тақырыпты облыстық деңгейде талқылауға болады |
|
14. |
Орта білім беру ұйымдары басшыларының ата-аналар жұртшылығымен есептік кездесулерін өткізу |
СЖҚАД атына білім беру мекемелерінің тізімін көрсете отырып тармақтың орындалуы туралы жинақ ақпарат |
Мамыр
|
ББ, аудандар мен қалалардың білім бөлімдері, облыстық білім беру ұйымдары |
Облыстық деңгейде-сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен |
|
15. |
Балаларға, жастарға және жас педагогтарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп өткізу |
Білім басқармасының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерде орналастырылған жарияланымдар
Спикерлерді көрсете отырып іс-шараның бағдарламасы |
Балалар мен жастар үшін-демалыс кезеңінде, жас педагогтар үшін-өткізілуіне қарай |
СЖҚАД (дәріс өткізуге қатысты), ББ (лагерьлер тізімі мен өткізу мерзімдерін келісу бөлігінде), Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ (келісім бойынша) |
Іс-шаралар «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ жазғы лагерьлері мен жас педагогтердің жыл сайынғы слеттері негізінде өткізілуі мүмкін |
|
16. |
Агенттіктің аумақтық департаменті өкілінің білім беру саласы қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз кеңесінде сөйлеген сөзі |
Сөйлейтін тезистер
Білім басқармасының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерде орналастырылған жарияланымдар |
тамыз |
СЖҚАД, ББ |
|
|
17. |
Парасаттылық пен Академиялық адалдық мәселелеріне арналған «Адалдық сағаты» бірыңғай сағатын өткізу |
Білім басқармасының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерде орналастырылған жарияланымдар |
Жылына кемінде 1 рет (қыркүйекте) |
ББ, аудандар мен қалалардың білім бөлімдері, облыстық білім беру ұйымдары, СЖҚАД |
СЖҚАД негізгі материалды ұсынуы мүмкін (бейнеролик, презентация және басқа да түрде) |
|
18. |
Оқушылар мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта пікірталас турнирін өткізу |
Білім басқармасының ресми интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерде орналастырылған жарияланымдар, анонстар мен қорытындылар |
Жыл бойы |
ББ, аудандар мен қалалардың білім бөлімдері, облыстық білім беру ұйымдары, СЖҚАД |
Шешімдер қоғамның өзекті тақырыптарында болуы керек |
|
19. |
Департамент басшылығымен «Саналы ұрпақ» жастар көшбасшыларына/клуб басшыларына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мастер-класстар, кездесулер өткізу |
Білім басқармасының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерде орналастырылған жарияланымдар |
Қараша |
ББ, СЖҚАД |
Пішім әртүрлі болуы мүмкін: сұхбат, Tedx және басқалары (және онлайн формат). Мастер-класстар барысында ҮЕҰ-мен бірлесіп қоғамдық бақылау құралдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы білімдерімен бөлісуге болады |