АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы арнайы білім беру ұйымдарының педагогтеріне конкурс жариялағанын хабарлайды. І кезең облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде өткізіледі. I кезеңге қатысу үшін Аранай ББ ұйымдарының педагог қызметкерлері шақырылады. Байқаудың облыстық кезеңінде қатысушылар өз күштерін бес номинация бойынша тексере алады. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады. Облыстық кезең жеңімпаздарының конкурстық материалдары конкурстың республикалық кезеңіне жіберілетін болады. Толық ақпаратты білім басқармасының сайтынан алуға болады.